3-сынып математикасы: тіктөртбұрыш пен шаршының ауданы және санның квадраты - сабақ жоспары

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тілекова Назгүл Ақатқызы

Математика 3- сынып

Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыш және шаршының ауданы. Санның квадраты

Сабақтың мақсаты: фигураның ауданы туралы түсінік беру, фигураның аудандарын салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру.

Пәндік нәтиже: оқушылар «аудан» ұғымын және оның өлшем бірлігі шаршы см туралы біледі. Палетканың көмегімен ауданды табу ережесін үйренеді.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, есептеу, жаңа тақырыпты меңгерту, топпен жұмыс жасау, топта талдау.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу, дүниетану.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта. үлестірмелі топшамалар, кесте.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық тренинг. (оқушылар шаңырақ құру арқылы, бір біріне тілек айтады.

  1. Білімдерін белсендіру және оқу іс - әрекетіндегі қиындықтарды анықтау.

C:\Users\Администратор\Pictures\2014-11-20 1\1 001.jpg

  1. Жаңа тақырып.

Ой қозғау.

Фигуралардың қиындылары үлестіріліп беріледі. Артындағы жасырылған өрнекті шешу мақсатында. Фигураны табады. Сол фигураның периметрін табады. Тақтада берілген фигураның қабырғаларын санай отырып. Ауданын табуды үйренеді.

Периметрмен ұзындығы мен ені белгілі затты табуға болады. Ал ауданмен кез - келген фигураның, партаның, үйдің, тақтаның ауданың табуға болады.

Шаршының ауданың табу үшін оның ұзындығын өзіне - өзін көбейту керек.

S =a*a=a 2

Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін, оның ұзындығын еніне көбейту керек.

S =a*b

Оқулықпен жұмыс

№ 1 . Берілген тіктөртбұрыштардың периметрі мен ауданын тап.

№2 Кесте бойынша үш есеп құрастыр және оларды шығар.

Тік төртбұрыштың ұзындығы
Тік төртбұрыштың ені
Тік төртбұрыштың ауданы
Тік төртбұрыштың ұзындығы: 9см
Тік төртбұрыштың ені: 3см
Тік төртбұрыштың ауданы: ?см 2
Тік төртбұрыштың ұзындығы: ?см
Тік төртбұрыштың ені: 4см
Тік төртбұрыштың ауданы: 28 см 2
Тік төртбұрыштың ұзындығы: 10см
Тік төртбұрыштың ені: ?см
Тік төртбұрыштың ауданы: 30 см 2

№3 (Палетканың көмегімен орындау) Толық шаршылардың сана, толық емес шаршыларды санап оны 2- ге бөлу арқылы. Фигураның ауданын тап.

C:\Users\Администратор\Pictures\2014-11-20 5\5 001.jpg

№4 Көбейтінділерді көбейткіштердің квадратына ауыстыр

3*3 6*6 8*8 9*9 7*7 5*5 2*2

№5. Суретте қанша үшбұрыш және төртбұрыш бар? Қарындашты фигурадан алмай және бір сызықты 2 рет бастырмай, осындай фигура сызып шыға аласың ба?

C:\Users\Администратор\Pictures\2014-11-20 6\6 001.jpg

Қорытынды.

Сөйлемдерді жалғастырып ережені толықтыр.

1-топ : Шаршы ауданын табу үшін оның ұзындығын өзіне - өзін керек.

2-топ: Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін, оның ұзындығын еніне керек

3-топ. Шаршының ауданын жаз

4-топ: Тіктөртбұрыштың ауданын жаз.

Үйге тапсырма.

№ 6, №7

Бағалау, мадақтау


Ұқсас жұмыстар
3-сынып математикасы: Шаршының ауданы - сабақ жоспары және тапсырмалар
Шаршының ауданы: сайыс сабақ түріндегі ашық сабақ жоспары
6-сынып математикасы: Санның модулі - сабақ жоспары
5-сынып математикасы: Санның бөлігін табу - сабақ жоспары
5-сынып математикасы: Санның пайызын табу - сабақ жоспары
Тіктөртбұрышты параллелепипед пен текше және санның кубы ашық сабақ жоспары
6-сынып математикасы: Пропорция көмегімен санның пайызын табуға арналған сабақ жоспары
6-сынып математикасы: Санның модулі - қайталау және білімді бекіту
3-сынып математикасы: көбейтуді және бөлуді тексеруге арналған сабақ жоспары
3-сынып математикасы: өткенді қайталау - ашық сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz