Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Менің- алғашқы ұстазым!



Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазығұрт ауданы

Қаржан жалпы орта мектебі

Жандарбаева Толқын Исахқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Менің- алғашқы ұстазым!

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ең алғаш әріп танытып, білім беріп,
білім нәрімен сусындатқан мұғалімдермен қоштасу рәсімін өткізу; білімнің
сара жолы мектептен басталатынын, кең дүниеде өмірге есік ашатынын
сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттыру, білімді болуға шақыру; ақыл,
ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер
«Менің - алғашқы ұстазым!» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып
отырсыздар. Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп
табалдырығын жүрексіне аттаған кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне,
бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап, жоғары
сыныпқа көшкелі отыр. «Талаптыға нұр жаусын» деп ертеңгілігімізді ашуға
рұқсат етіңіздер.
1 – жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан
Өмір деген үлкен жолға бастаған.
Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні менен жырына, қонақтарым, сал құлақ.
Кешедлот
сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жансын, болашағың, шамшырақ!
2 – жүргізуші:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүзеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған -
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасад
Азамат боп кешегі сәби-еркелер.
Екеуі бірге: Құрметті қонақтар, қош келіпсіздер!
1 – жүргізуші: Ал бүгінгі мерекеде құрбыларымызға балалық шақтың келесі
бір белесіне қадам басып, білім баспалдағына өрлеген сапарларына сәттілік
тілейміз.
2 – жүргізуші: Ғалым да, ел қорғаған батыр да, темір балқытқан жұмысшы
да, көкті шарлаған ғарышкер де – бәр-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.
Ән: «Ұстаз».

1 – оқушы:
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетектеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты
4 жыл аз ба екен, кім біліпті?
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңқалар азамат бір-бір мықты.
2 – оқушы:
Алтын ұя мектепке кір деп соққан
Әлі есімде сыңғыры қоңыраудың.
4 жыл бұрын біз аттандық
Шыңына білім деген асқар таудың.
3 – оқушы:
Ең алғаш алғанымда әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып бермегенде.
4 – оқушы:
Түзеттіңіз шалалықты,
Есейттіңіз балалықты.
Сізден ізгі кішілікті
Үйрендік біз кісілікті.
5 – оқушы:
Анамыздан сыр шерткен,
Ақыл – білім үйреткен.
Алдыңызда бас иеміз
Ерекше бір құрметпен.
6 – оқушы:
Сыйлайды әркім өзін тапқан анасын
Сен де бізге ең аяулы анасың.
Ашса анамыз өмірдің бізге есігін,
Ояттың сен әр баланың санасын.
7 – оқушы:
Әріптерді үйретіп
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жирентіп
Ақыл болған кім бізге?
Десек ол жан – мұғалім
Таласады, сірә, кім?
8 – оқушы: Білім алған өзіңнен
Дәрігер, ұшқыш, не ғалым.
Саған ыстық сезіммен,
Қарайды жұрт, м ұ ғ а л і м!
9 – оқушы:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз бізді
білімділікке, біліктілікке, әдептілікке, әдемілікке баулыды.
Сондай ұстазымызға, мың алғыс!
10 – оқушы:
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен,
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып.
Ән: «Жарқын жүзді ұстазым».
1 – жүргізуші: Біз нені үйрендік?
- Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді.
- Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге
жақсылық
жасауды.
- Халқымыздың әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін құрметтеуді.
2 – жүргізуші: Біз нені үйрендік?
- Отанды, ата-ананы, халқымызды, достарымызды, табиғатты, ұстазымыз
бен алтын ұя мектебімізді құрметтеуді.
1 – жүргізуші: Біз нені ажырата білеміз?
- Жақсылық пен жамандықты, ақ пен қараны, арамдық пен адалдықты.
2 – жүргізуші: Біз кім боламыз?
- Адал азамат, ақылды бала, оқымысты ғалым, елін сүйген ер.
11 – оқушы:
Бастауышым – Балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
12 – оқушы:
Бастауышым – Балқұрағым,
Лаулап жансын шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен
Самғап ұшты тау қыраның.
1 – жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,
2 – жүргізуші: деп Абай атамыз айтқандай, әсем әндер адамның көңілін
көтеріп, бойға шабыт береді. Келесі кезекте әнге, күйге, биге береміз...
Ән: «Атамекен». Орындайтындар Мәлік Ержан мен Рахым Құдайберген.
Ән: «Жалғыз досым». Орман Алуа мен Әбдрахманова Гүлдананың орындауындағы
әнді қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші:
Қоштасу тойын тойлайық,
Әнге көңіл бұрайық.
Құрметіне бұл тойдың
Әнмен шашу шашайық.
Келесі орындалар әніміз сіздерге арналады.
Ән: «Аппақ гүлдер». Орындайтындар Сарман Гүлзат, Елтай Көгершін.
Ән: «Балалық шақ» әнін Елемес Айткүлдің орындауында қабыл алыңыздар.
Ән: «Мама» әнін Әбдрахманова Гүлдананың орындауында қабыл алыңыздар.
2 – жүргізуші:
Ажары атқан таңдай ару жастың,
Қасы бар қанатындай қарлығаштың.
Жанары жан біткенді елтіп өткен,
Өзіңе арнап би билейді ұл-қыздарың.
Би:
1 – жүргізуші:
Ұлылықтың мықтылығы ағашынан,
Қымыздың күштілігі сабасынан.
Оқушының өнерлі атануы
Үйреткен, тәлім берген ұстазынан, - дегендей енді қысқаша әзілдерімізді
тамашалауға шақырамыз.
2 – жүргізуші:
Биші қыздар кел бері,
Ортаға шық ілгері.
Мың бұралып билеңдер,
Жастық шақтың гүлдері.
(Қыздардың орындауында биі)
1 – жүргізуші:
«Ән – көңілдің ажары» дегендей келесі орындалар әнді қабыл алыңыздар.
1. Ән: «Әке». Орындайтындар Рахым Құдайберген, Пернебек Санжар.
2. «Армандастар» әнін Тұрсынбай Мейрамбек пен Анарбай Хамиттың орындауында
тамашалаңыздар.
3. «Егіз лебіз». Орындайтындар Сарман Аяулым, Аблаева Аружан.
13 – оқушы:
Мұғалім біздің ақ жүрек,
Жүреді бізге бақ тілеп.
Білімі ұшан теңіздей,
Сөздері балдан тәттірек.
14 – оқушы:
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – Балбұлағым.
Қоштасар күн де жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Хор: «Алғашқы ұстазым».

2 – жүргізуші:
Қоштасу вальсін қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші:
Жетекші боп жүріңіз түлегіне,
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де.
Шәкірттер, тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтар тілегін де.
Сөз кезегін Толқын апайға береміз.
Хормен: Білім берген біздерге,
Рахмет ұстаз сіздерге!
Рахмет Толқын апайға.


Ұқсас жұмыстар
Менің алғашқы ұстазым Светлана апай
Менің ұстазым
Бастауыш білімнің бұлағы
"бастауышым-бастамам" ертеңгілік
Ұстазым менің, ұстазым
Басталған балалық көктемім, Қош бол, бастауыш мектебім
Бастауышым - балбұлағым
Шашу еткен ұстазым
Менің алғашқы ұстазым. Тәуелдік жалғау
Менің ұстаздарым
Пәндер