Қадыр мырза әлі. (1935-2011 ж.ж.) «нұр», «түн кірпігін ілмеді», «шалкөде жайлауы» өлеңдері. (8-сынып бойынша бағдарламадан тыс.)

Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебі.
Тақырыбы: Қадыр Мырза Әлі.
(1935-2011 ж. ж. )
«Нұр», «Түн кірпігін ілмеді», «Шалкөде жайлауы» өлеңдері.
(8-сынып бойынша бағдарламадан тыс. )
Дайындаған: А. Ж. Нахуанова.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі.
2012-2013 оқу жылы.
Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әлі.
(1935-2011 ж. ж. )
«Нұр», «Түн кірпігін ілмеді», «Шалкөде жайлауы» өлеңдері.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға қазақтың ақыны Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру және өлеңдерімен таныстыру, өлең мазмұнын ашу, өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру,
ә) дамытушылық: өз беттерінше жұмыс жасауға бағыт-бағдар бере отырып, талдау және жинақтау, өз ойларын ашық әрі жүйелі айта білу машықтарын дамыту, мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.
б) тәрбиелік: өлең мазмұны арқылы оқушыларды табиғатты сүйе білуге баулу, білім алуға шақыру, қызығушылығын арттыру;
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері», талдау, СТО элементтері («топтастыру», «РАФТ» әдісі) .
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану пәні, бейнелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, фото-суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
-Сәлеметсіздер ме, балалар?
-Отырыңыздар!
-Өзімді таныстырып өтейін. Менің аты-жөнім -Амангүл Жақсылыққызы.
-Сыныпта кім кезекші? Кім жоқ?
-Көңіл-күйлеріңіз қалай?
-Ендеше, бір-бірімізге сәттілік тілеу үшін “Шаттық шеңберін” жасауға шақырамын.
2. “Шаттық шеңбері”
Қуанамын мен де!
Қуанасың сен де!
Қуанамыз, бәріміз!
Арайлап атқан күнге!
Өзімізге және сыныптастарымызға сәттілік тілейміз!
(Қ. Мырза Әлінің «Қазақ осы» әні қосылып тұрады. Тақтадан ақын портреті көрсетіледі. )
3. «Ой шақыру». -Балалар, ән таныс па?
-Бұл кім? Ақын туралы не
білеміз?
Қандай өлеңдерін білесіздер? Оймызды ауызша білдіреміз.
(Балалардың жауабы тыңдалады. ) -Ендеше, бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы да жерлес ақынымыз, халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығы мен өлеңдеріне арналмақ. Бүгінгі күннің жадысын дәптерімізге жазамыз.
4. Жаңа сабақ.
Сәуір айының оны.
Қадыр Мырза Әлі.
(1935-2011 ж. ж. )
“Нұр”, “Түн кірпігін ілмеді”, “Шалкөде жайлауы” өлеңдері.
І топ. «Жас қаламгерлер». Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы айтады.
Ақын 1935 жылы 5 қазанда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын сол жылы жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.
1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді.
1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.
Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. Қ. Мырза Әлі - 200-ге жуық ән мәтіндерінің авторы. Олардың көбі халыққа кең таралып, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты. Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы» мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрді. «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедиясы үшін Махамбет атындағы сыйлыққа ие болды.
Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді. Артына ең көп еңбек қалдырған ақынның туындыларының жалпы көлемі 32 том. Оның 20 томдығы былтыр ақынның 75 жылдығына орай «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген болатын.
22 қаңтардың күні қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлі 77 жасқа қараған шағында өмірден озды.
ІІ топ. «Философтар». Мырза Әлі -аудармашы.
Ақын тағылымы.
Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғұламаларының талайының шығармаларын Ш. Петеи, С. Есенин, Р. Гамзатов өлеңдерін қазақ тіліне аударады.
Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдеріне аударылды. Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), әзербайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды. Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы бүрынғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты.
1993 жылы Қадыр Мырза Әлі әлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін Моңғолияның халықаралық «АВЬЯС» сыйлығын алды.
Соңғы жылдары ақынның он алты томдық таңдамалары жарық көрді.
2003 жылы Санкт-Петербургтің «Славия» баспасында «Прапамять» атты үлкен бір томдығы орыс тілінде басылып шықты.
ІІІ топ. «Жас суретшілер». Қадыр -қоғам қайраткері.
Қадыр Мырза Әлі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.
2010 жылы 22 қазанда Сырым ауданы әкімдігі және Қ. Мырзалиев атындағы қоғамдық қордың қолдауымен суретші Рафхат Халеловтің «Қазақтың Қадыры» атты көрмесі Жымпиты ауылындағы Қ. Мырзалиев атындағы орта мектепте кең көлемде өткізілді. Аталмыш шара Р. Халеловтің «Қазақтың Қадыры» атты фотокөрмесінің ашылуымен басталды. Р. Халелов Қадыр Мырзалиевтің 60-қа жуық фотосуретін және ақын тұтынған заттарды (ақын киген костюм, көзәйнегі, қаламы мен қарындашы, үстел сағаты, қолжазбасы, жеке кәдесыйлары, медальдары, фотоаппарат, қол орамалы, жазу машинкасы) ақын атындағы мектепке сыйға тартты. Шара кезінде Қадыр сыныбының ашылу салтанаты өткізіліп, ардагер ұстаз Гүлшат Сәлімгерейқызы сөз сөйледі. Сыныптың ашылу лентасын қию құрметіне ақын Ақұштап Бақтыгереева ие болды. Қадыр Мырзалиев атындағы қоғамдық қордың директоры болып Дөнеділ Қажымов тағайындалды. «Қазақтың Қадыры» атты көрмеге көрермендер мен қонақтар куә болған соң, мектептің мәжіліс залында Қадырдың рухына бағышталған шара болады.
«Қадыр ағаның иісі шықсын деген оймен мектептен арнайы бөлме ұйымдастырып, осы фотоқордың сақталуын қаладым. Менің айтарым, жерлестері де Қадыр ағаның өлеңдерін жат оқып жүрсе ғой», - деп сөзін түйіндеген фотосуретші Рафхат Халелов Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін жатқа айтты.
5. “Нұр”, “Түн кірпігін ілмеді”, “Шалкөде жайлауы” өлеңдерін талдау.
- І топ. “Жас қаламгерлер. ” Өлең желісі негізінде ойларыңызды өлең етіп жазыңыздар.
- ІІ топ. “Философтар”. “Шабыт- дарындыларға түнде келеді” тақырыбында әңгіме жазыңыздар.
- ІІІ топ. “Жас суретшілер”. Ақын қиялының өлең болып өрілуіне әсер еткен сұлу табиғатты сурет етіп салыңыздар.
-Үш өлеңде де қандай сөз кездеседі?Әрине, нұр деген сөз. Барлық нұр бірдей ме? Жоқ. Күлкі сияқты нұрдың да түрлері болады екен. Ақын оны өз өлеңдерінде шебер қолданған.
6. “РАФТ” әдісі. (Нұр туралы жазу)
Нұр - шұғыла, шапақ, сәуле, шапағат.
7. Тапсырмалар. Өлең құрылысындағы бейнелі сөздерді табыңыздар.
1. «Нұр» өлеңі бойынша.
Терезелер де құшағын
Түгелдей ашты жаңбырға.
Жүздері жайнап қалады,
Жауыннан кейін шөптердің.
Кіреді-ай жаны тастың да.
2. «Түн кірпігін ілмеді» өлеңі бойынша.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz