Қазақстандықтар ұлы отан соғысы майданында

Оңтүстік Қазақстан облысы

Түркістан қаласы «Түркістан көпсалалы медицина

колледжінің» тарих пәнінің оқытушысы

Қыдыралиева Жазира Сейілханқызы

Пәні:Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында

Сабақтың тақырыбы : Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында

Сабақтың түрі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың әдісі : Флипчарт, термин сөздермен жұмыс, жекелеп сұрау, фронтальді сұрау, ынталандыру, өзіндік жұмыс, пысықтау, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқының қосқан үлесін, қазақстандық жауынгерлерлің майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өткендігін, Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмағандығын айта отырып, қазақтың батырлары ерен ерлік көрсеткендігін түсіндіру.

Тәрбиелік: Әрбір оқушыны Отанын, халқын, елін -жерін, сүйе алатын патриот тәрбиелеу, аға - апаларының ерлігі мен есімін ұмытпай мақтан тұтуға үйрету.

Дамыту: Оқушының ойлау қабілетін, ізденімпаздық, ұйымдастырушылық, оқуға деген ынтасын арттыру, ой- өрісін жеке тұлға ретінде сыни тұрғыда талдауға, рухани жетілдіре отырып дамыту.

Пәнішілік байланыс :

Ұлы Отан соғысының басталуы .

1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Еңбекшілер Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады. Республикада 2 млн-нан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 - жеке атқыштар бригадасы 30 дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 - атқыштар дивизиясы жасақталды. Командирі - генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн 200 мың қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.

Қазақстан - майдан арсеналы.

Соғыстың алғашқы кезеңінде ел өнеркәсібін орналастыруда елеулі өзгерістер болды. (Арсенал - күш, қуат, қару - жарақ қоймасы) . 1943 жылы кенші кәсібіне 18 мыңдай адам оқытылып мамандандырылды. Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы іске қосылды.

КСРО Ғылым академиясының комиссиясы Шымкент қорғасын және Балқаш мыс балқыту заводтарын рудамен, Қарағанды көмірімен қамтамасыз ету проблемаларын зерттеді. 1943 жылы сәуір айында Жезқазған комбинаты құрылды. 1943 жылы шаруашылық айналымына 775 мың га жаңа жер алқаптары тартылды. Республиканың көптеген аудандары қуаңшылыққа ұшырады. Жұмыс қолы, күш көлігі жетіспеді. Жоғары өнім алудың асқан шеберлері Шығанақ Берсиев, Ким Ман Сам, Ыбырай Жақаев ерлікпен еңбек етті. Әр гектардан 52 центнерден тары өсірген павлодарлық звено жетекшісі Анна Дацкова бүкіл елге мәлім болды. Жеңіс қорына Жезқазған кеншілері 1945 жылдың алғашқы төрт айы ішінде мыңдаған тонна кен өндіріп, өз үлестерін қосты.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет

Тақырып: Жамбылдың өмірпі мен дерегі.

Әдебиет халықтың қуатты идеялық қаруы болды. Қазақстанның 90 -ға жуық жазушысы мен ақыны соғыс майдарында шайқасты. Ж. Сайнның «Ақын өлімі туралы аңызы» соғыс жылдарында қазақ поэзиясында елеулі оқиға болды.

«Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады . . . біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол - Отанға деген сүйіспеншілік. »

«Тәртіпке бас иген құл болмайды»

Б. Момышұлы. Ж. Жабаевтың "Ленинградтық өрендерім", «Алатау» өлеңдері жарық көрді.

Сорғыс жылдары академик А. С. Орлов қазақ тілін зерттеп, орыс-қазақ сөздігін құрастырды. М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т. б. жазушылардың көмегімен «Абай әндері», «Жауынгер ұлы», - «Саған майдан», 8-гвардиялық« сияқты картиналарды түсірді.

Дүниежүзі тарихы

Тақырып: І Бірінші Дүниежүзілік соғыс

Германия өзін 1914-1918 жылдары 38 мемлекеттің қатысуымен болған І дүние жүзілік соғыста жеңілген, отарларды бөлісу кезінде өзін құр қалған мемлекет деп есептеді. Сонымен қатар өздерін «таза арийлердің ұрпағымыз » деп санап дүние жүзңне өз биліктерін жүргізуді армандады. . Осы армандарын жүзеге асыруға 1933 жылы Германияда Фашистік партияның сайлауында жеңіске жеткен Адольф Гитлер қол жеткізбек болды. Гитлерлік Германия өзінің агрессиялық соғысын 1939 жылы 1 қыркүйекте Польша жерін басып алудан басталды.

Адам және қоғам

Тақырып: Демографиялық қатынас.

Қазіргі кезде республикамызда 17 млн - ға жуық халық тұрады. Оның 55 пайыздан астамы қазақтар, 35 пайыз орыстар. Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан 600 мың адам шығын болды. Сөйтіп демографиялық ахуалдың төмендеуіне әкелді.

Сабақтың уақыты : 90 мин

Сабақтың жабдықталуы :

Асtivstudio (суреттер, түрлі мәліметтер) және т. б.

көрнекі құралдар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі - 5 мин

Студенттердің сыртқы формасына, аудиторияның сабаққа дайындығы тексеріліп, студенттер түгелденеді, журнал толтырылады. Бүгінгі жоспарымен, мақсатымен таныстырып, бұл тақырыпты меңгерудің маңызы бар екендігі түсіндіріледі.

2 . Студенттердің білімдерін бақылау(актуализациялау) - 25 мин

Үй тапсырмасының тақырыбы : Қазақстан - майдан арсеналы.

Білім деңгейлерін тексеру әдістері: ауызша сұрау, пікір алмасу, фронтальді сұрау, логикалық сұрақтар т. б.

2. 1. Ауызша сұрау интерактивті тақтада орындалады. Қайталау сұрақтары:

1. Ұлы Отан соғысының басталуы.

2. Барбаросса жоспары.

3. Германияның Польша жерін және Европа елдерін басып алуы.

4. Фашистердің КСРО аумағын бірнеше рейхкоммисариатқа бөлуі.

5. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қосқан үлесі.

6. Соғыс қимылдары болған аймақтар.

7. Фашистік Германияның КСРО туралы ойлары.

8. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның экономикасының құлдырауы.

9. Соғыс кезіндегі халықтың жағдайы.

10. Үлкен Үштіктің бас қосуы.

Бақылау сұрақтары үшін ұяшықтарды шерту арқылы сұрақтарға жауап береді.

1 Ұлы Отан соғысының басталуы.

1933 жылы Германияда фашистік партия сайлауда жеңіске жетеді, оның жетекшісі Адольф Гитлер елде қатал тәртіп орнатты. Гитлерлік Германия өзінің соғыс жоспарын 1939 жылы бастады. 1939 жылы 2 қыркүйекте Германия Польша жеріне басып енуімен Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Германия 1941 жылы өзінің басты қарсыласы деп есептеген КСРО-ға аяқ тіреді .

Себебі I - дүние жүзілік соғыста Германия елі жеңіліс тапқандықтан кегін қайтару мақсатында соғысты бастап кетті.

2. Барбаросса жоспары «Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО - ны «сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі», «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конглемерат» деп 6-8 аптада «толық жаулап аламыз» деп жоспарлады.

3. Германияның Польша жерін және Европа елдерін басып алуы.

1939 жылдың қысында Германия Польшаға «Данциг мәселесін» шешуді ұсынды. Польша бас тартты. Гитлер осы мәселені Польшаға қарсы соғысу үшін қолданды. 1939 жылғы тамыз айында Германия мен Кеңестер Одағының арасында шабуыл жасапау туралы келісім жасалды. Келісімнің құпия қосымшасы бойынша Германия мен КСРО Еуропаны өзара ықпалдар аймағына бөлісіп алды. 1939 жылғы қыркүйектің 1-інде Германия Польшаға қарсы соғыс бастады. Бұдан кейін Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялап Польшаға қолдау көрсетті. Екінші дүние жүзілік соғыс басталып кетті. Герман әскерлері 2 аптаның ішінде поляк қарулы күштерін талқандап, поляктар қоныстанған шығыс шекарасы Керзон сызығына дейін жетті. 1940 жылы Германия Дания мен Норвегияны (Дания Норвегия операциясы), сосын Бельгия, Нидерланд, Люксембургті және Францияның жартысын жаулап алды. Франция тізе бүгуге мәжбүр болды.

4. Фашистердің КСРО аумағын бірнеше рейхкоммисариатқа бөлуі.

Остланд - Беларусь пен Балтық жағалауы, Украйна, Московия (Ресей) және Кавказ, елдің шығыс шет аймақтарында Үлкен Түркістан (Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Қытайдың Шыңжаң аймағы, Ауғанстанның солтүстігі) және Еділ - Орал рейх - комисариаттарын құруды көздеді. Қуыршақ мемлекет құру идеясы экономикалық мақсатта, саяси мақсат да көздеген еді. Экономикалық жағынан - бұл аймаққа ұлы герман империасы үшін қуатты шикізат және қосымша азық-түлік базисін құру міндеті қойылды.

5. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қосқан үлесі.

Қазақстаннан әрбір бесінші азамат яғни 1 200 000 мың адам соғысқа аттанды. Қазақтар 50% құраса, орыстар -37%, басқа ұлт өкілдерінен - 13% құрады. Ұлы Отан соғысында құрбан болған адам саны жалпы әлем бойынша - 70 000 000. Фашистік Германия бойынша - 10 000 000. Кеңестер бойынша Кеңес Одағының батыры - 11600 адам. Соның ішінде қазақстандықтар - 500 адам. Қазақтар- 98 адамды құрады.

6. Соғыс қимылдары болған аймақтар.

Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан Соғысының негізгі шайқастары. Мәскеу

үшін шайқас - 1941 жылдың 30-қыркүйегінен бастап 1942 жылдың 7-қаңтарына

дейін; Сталинград шайқасы - 1942 жылдың 19-қарашасынан 1943 жылдың 2-

ақпанына дейін; Курск шайқасы -- 1943 жылдың 5-шілдесінен 23-тамызына дейін;

Днепр үшін шайқас 1943 жылдың қыркүйегі мен қарашасы аралығында; Берлин

операциясы - 1945 жылдың 20-сәуірі мен 8-мамыры аралығында.
7. Фашистік Германияның КСРО туралы ойлары.

КСРО - ны «сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп ойлады.

8. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның экономикасының құлдырауы.

КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Соғыс зардаптары: 1710 қала, 7 ауыл қирады, 32000 өнеркәсіп, 1 ауыл шаруашылық кәсіпорны бүлінді және 2 млн адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Сталинград, Минск т. б. қалалардың көп бөлігі талқандалды. Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Себебі КСРО соғыста 27 млн адамнан айырылды. Осыған байланысты Қызыл Армия қатарында демобилизация (әскерден босату) басталды.

9. Соғыс кезіндегі халықтың жағдайы.

1941 жылы маусымда П. Ангелинаның бастамасымен ондаған мың қыздар мен әйелдер тракторшы мамандығын меңгерді. Қазақстан өнеркәсібінде түсті металлургия жетекші салаға айналып, Шымкент қорғасын, Балқаш мыс қорыту, Лениногорск, Зырянов полиметалл зауыттары, мыс балқыту комбинаты, Ащысай, Қоңырат кеніштері құрылды. Шымкент қорғасын зауытының қорғасыны одақтағы ең таңдаулы деп танылды. Майданға жақын өңірлерден 220 зауыт пен фабрика, цехтар Қазақстанға көшірілді. Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен Алматы, Орал, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе.

10. Үлкен Үштіктің бас қосуы.

Үлкен үштіктің мақсаты - Англия - У. Черчилль, АҚШ - Ф. Рузвельт, КСРО -

И. Сталин БҰҰ-ны құру, соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру шаралары.

2. 2. Студенттерге үйге берілген деңгейлік тапсырмалар:
Бірінші деңгей:
1. Ұлы Отан соғысы тақырыбына ребус.
Екінші деңгей:
1. Соғыс арсеналына Қазақстанның қосқан үлесін картадан көрсету.

Үшінші деңгей:
1. Ұлы Отан соғысы туралы презентациялар жасау.

2. 3. Сөздер сөйлейді. (Терминдермен жұмыс)

Фашизм - (италь. фаши-ұғым, одақ) - италян тілінде «ұйым» деген сөз


Ұқсас жұмыстар
Мәскеу үшін шайқаста
Отан үшін алға
Б.Момышұлы туралы
Ұлы жеңіске қосылған үлес
9-мамыр - Жеңіс күні
Ұлы отан соғысы кезіндегі Қазақстан
Ұлы жеңіске - 68жыл
Ер есімі ел есінде .Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру
Қазақтың қаһарман қыздары
Күт мені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz