Бастауыш сыныптағы әліппемен қоштасу мерекесінің тәрбиелік-әдістемелік сценарийі


Рахмет, саған әліппе

Мақсаты: білімнің сара жолы, бастауыштан басталатынын «әріп» дыбыс «буын» ұғымдарымен танытқан әліппе - білімнің негізі екендігіне көз жеткізу. Алған білім, үлгі - өнегелерін әліппемен қоштасу мерекесінде бекіту. Оқушылардың білімімен қатар өнерін тамашалау, ата-аналармен байланысты нығайту. Өз отанымыздың адал ұлдары мен қыздары болуға тәрбиелеу .

Көрнекілігі: нақыл сөздер. Слайд. Суреттер, буындар.

Мұғалім:Қымбатты балалар ! Құрметті біздің қонақтарымыз:ұстаздар, ата-аналар, ата-әжелер. Бүгін бізде ерекше күн. Бүгін әліппемен қоштасу сәті осыдан аз уақыт бұрын балаларыңызды жетектеп мектепке әкелген едіңіздер . Балаларыңыз бүгін білімнің алғашқы баспалдағынан өтіп әліппені аяқтап отыр, инжнер, академик, дәрігер, президент, ұшқыш, аспазда осы әліппеден хат таныған . Әліппенің арқасында қысқа уақыт ішінде біздің балалар оқуға, жазуға мектеп ережелерін орындауға үйренді. Өздеріне дос тапты. Оған осы ертеңгілік барысында куә боласыңдар.

Хадиша:Әліппем менің, әліппем

Сені қолға алып мен

Көзін аштым білімнің

Әріптерді танып мен

Абылай:Енді біз оқи аламыз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған қаламыз

Сүйікті біздің Әліппе

Жанерке:Әріптерді үйреніп

Таңбаларын саламыз

Қолға қалам аламыз

Небір сөзді жазамыз

Бержан:Сүйікті менің әліппем

Ризамын саған мен

Қуантамын ата-анамды

Тек жақсы деген бағамен

Мұғалім: Олай болса неге ортамызға әліппені шақырмаймыз. Сендердің алған білімдеріңді көріп риза болсын, куә болсын

Хор:Әліппе

Гүлназ:Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Жақсы білім көрімдік

Болсын сізге халайық

Не үйрендік, не білдік

Қане ортаға салайық

Анель:Алфавиттер шығыңдар

Орындарыңа тұрыңдар

Бастайық қане айтысты

Жібермейік намысты

Адайбек:Ата-ананың тілегі

Адам болып өскенің

Адамдықтың тірегі

Адал болып өскенің

Амина:Ғалым болсаң ғылымда

Ғажайыптар аша біл

Ғарыштың да тыңында

Ғылым дәнін шаша біл

Думан. А:Шындықты сақтаймыз

Шыншылды жақтаймыз

Шаршы топ алдында

Шығарып мақтаймыз

Томирис:Қиындықтан қорықпа

Қаймығып еш тарықпа

Қайратың мен жігерің

Қолғанатың жорықта

Думан. Қ:Есті бала ержетіп

Елдің қамын ойлаған

Ессіз бала кері кетіп

Есерлігін қоймаған

Айзахан:Отан менің ата-анам

Отан-өлкем астанам

Отан досым бауырым

Отан-туған ауылым

Санжар:Спортпен айналыс

Сұлулық сыйлаған

Сол саған пайдалы іс

Сауық пен кинодан

Арман:Кім үлкенді сыйласа

Кім үлкенді тыңдаса

Сыйлы болмақ өзі де

Үлкен болған кезінде

Қарақат:Әдептілік дегенің

Әрқашанда керегің

Әсемпаздық дегенің

Әуре салсаң әлегің

Нұрым:Біз -атаның ұлымыз

Біз-ананың гүліміз

Адалдыққа үйреткен

Асыл ана тіліміз

Дәулет:Атам менің әманда

Бол дейтұғын тілалғыш

Үлкендерден соданда

Алып жүрем кіл алғыс

Ердәулет:Атам менің әманда

Ынтымақшыл бол дейтін

Бірлік болса адамда

Шын бақыт қой ол дейтін

Тамирлан:Жау, жау, жаңбыр, жау, жаңбыр

Жау егіннің көгі өссін

Сұлудай бұраң құрақты

Айдын шалқар көлі өссін

Мөлдір:Гүл өсірем үйде

Су құямын күнде

Гүл күткенді біледі

Бойын сылап күледі

Күнде гүлін ашады

Жұпарын маған шашады

Мейрамбек:Жарықсың ғой электр

Алыпсың ғой электр

Сен үйіме келмесең

Мультфильм де көрмес ем

Әліппе:Оқушылар мен сендерге ризамын менімен қоштасып Ана тілімен достасыңдар . Сендерге сәттілік тілеймін

Ана тілі, Ана тілі:Ортамызға келіңіз .

Қуанышымызға ортақ боп

Тойымызды көріңіз

Сәлеметсіздер ме, балалар,

Құрметті ата-аналар !

Тойларыңыз құтты болсын !

Балалардың жүздері шаттыққа толсын .

Туған елдің тілімін.

Білімімен танылам

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам

Ана тілін сүймейтін

Іштеріңде барма адам?

Мен үйретем бәріңе

Ертегі, өлең, әңгіме

Жаттығу, мақал, жұмбақты

Үйретемін сендерге

Хор: Сылдыр, сылдыр қоңырау.

Ана тілімен бірге математиканы да ортаға шақырайық. Білгенімізді ортаға салайық.

Санамақ

1 дегенім-бесік,

Шықтың содан өсіп.

2 дегенім-елім,

Далам, тауым, көгім.

3 дегенім-үміт,

Үміт артар жігіт.

4 дегенім -төзім,

Төзе білем өзім.

5 дегенім -бақыт,

Бағалайтын уақыт.

6 дегенім-ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

7 дегенім -жалау,

Жүректегі алау.

8 дегенім-сөзің,

Серт беретін кезің.

9 дегенім-тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

10 дегенім-Отан,

Қорға соны, ботам!

Хор: Отан.

Ойын есеп.

Табақтағы бауырсақтың

Біреуін бердім ағама

Біреуін бердім анама

Біреуін алды атам да

Бесеуі қалды табақта

Қане енді есептеші

Қанша болған басында. 8

Тауда отырған бес торғайдың

Аяқтарын санайық

Жауабын тез табуға

Күшімізді салайық

Біздің бүгінгі қуанышымызға ата-аналарымыз да қуанып, келіп отыр.

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға басқа кітап аламыз

Ата-анамыз қуанышқа ортақ бол


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz