Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Өкініш


Сабақтың тақырыбы: Өкініш Сабақтың мақсаты: 1. Төрт түлік малдың адам, өміріндегі маңызы, пайдасы туралы әңгімелеу. Малды күтуге арналған адам еңбегі, ата кәсібіміз мал шаруашылығы екендігін ұғындыру. Адамды-адам еткен еңбек екендігін түсіндіре отырып, жалқаулықтың жаман қасиет екендігін ұғындыру.
2. Көркем әдеби тілде сөйлеуге, сөздік қорларын молайтып, тақырыпқа сай шығармашылық жұмыстармен айналыса білуге дағдыландыру.
3. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, жас ерекшеліктеріне байланысты үлкендерге көмектесуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: танымдық, аралас сабақ
Сабақтың жүрісі!
* Ұйымдастыру
Оқушыларға бүгінгі сабақтың ерекшелігін, мақсатын түсіндіру.
* Үй тапсырмасын қорытындылау.
Ботақан, қошақан, Бұзауқан, Лағым, Құлыншағым өлеңдерін оқыту, өздерінің осы тақырып бойынша жазған шығармаларын оқыту. Еңбек туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтқызу.

* Қорытындылау: Малдың пайдасы.
Жаңа сабақ.
Сонымен балалар бүгін төрт түлік малға, оны күтуге арналған еңбектің түрлеріне арналған Дулат Исабековтың <<Өкініш>> атты әңгімесімен танысамыз.
Дулат Исабеков 1942 жылы дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туды. Оның алғашқы әңгімелері 1962 жылдан бастап жарық көре бастады. Дулат Исабековтың <<Әпке>> <<Ертеңді күту>> <<Мұрагерлер>> <<Мен соғысты жек көрем>> Д сияқты әңгімелері, туындылары бар. Оның туындылары неміс, вингр, чех тілдерінде аударылған.
* Мәтінмен жұмыс.
<<Өкініш>> әңгімесін мәнерлеп оқып беремін. Әңгіменің мазмұнын талдау.
Отбасында кімдер бар?
Үлкендер қайдан келді? Еңбек ету арқылы жанұядағы адамдардың жақсы тұруы үшін қызмет етеді.
Оқушылардың өздеріне әңгімелетемін.
* Оқулықпен жұмыс. (оқыту)
* Рөлге бөліп оқыту
* Сұрақтарға жауап беру.
* Дәптермен жұмыс

Кім еңбек етсе- сол тоқ.

Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті.

* Сергіту жаттығуы.
Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың
Бұлтиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың?

* Ойын. Қай төл қалай дыбыстайды?

Бота боздайды.
Қозы маңырайды.
Құлын кісінейді.
Бұзау мөңірейді.

* Қорытынды бөлім: Сөзжұмбақ
* Текемет бетіндегі нәрсе-өнер.
* Домбырада ойнайтын адам-күйші.
* Қой сүтінен жасалатын тағам-ірімшік.
* Ең қасиетті тағам - нан.
* Түйенің 2 өркешті түрі-інген
* Мерекелерде безендіргіш құрал-шар.

Өкініш дегеніміз қандай мағынаны береді?
Сонымен балалар қандай сөз шықты.
Өкініш. Біз бүгін оқып танысқан әңгімемізден қандай жаман нәрселерден аулақ болу керектігін түсіндік.

* Еріншектік, жалқаулық.
* Бүгінгі сабақтан біліп, түйгендерің не?
* Сабақта не ұнады, не қызықтырды?

* Үйге тапсырма.
Әңгімені мәнерлеп оқу, мазмұнын айту. Шығармашылық тапсырма:
Үйде анама көмектесемін. Шығарма жазу.
* Бағалау мадақтау.


Ұқсас жұмыстар
«өкініш» м.қуанышбеков
Ауа серпімді
Бір табақ ұн, бір табақ арпа. 8 сынып. орыс тілді мектептеріндегі қазақ тілі
Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу
Жалаң және жайылма сөйлем
"Біз - әлем балаларымыз"
Ақын өмірі
С. Сарғасқаев Шыбық
Табиғат пен адам тұтастығын көрсететін теңеулерді жалғастырып жазыңдар
Қадыр поэзиясы өлеңдерін мәнерлеп оқу
Пәндер