Желілік қоғамдастық арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру: Даму қоғамдастығының тәжірибесі

ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҰҒАЛІМ БІЛІКТІЛІГІН

АРТТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

Солтанаева Ардак Сабырхановна

«Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ.

C:\Users\Админ\Desktop\ДАМУ\IMG_4224.JPG C:\Users\Админ\Desktop\ДАМУ\IMG_4225.JPG Білім беру желілері біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін маңызды стратегия деп саналады. Желілердің маңыздылығын қолдайтын экономикалық айғақтар да бар. ЭЫДҰ-ның «Тұрақты икемділік» атты зерттеуінде ақпарат пен білімге негізделген ХХІ ғасырдың жаңа экономикалық жағдайында жұмыс сипаты да өзгеретіні айтылған. Тиімді білім беру жүйелеріне арнайы құрылған басшылық керек. Желінің табыстылығы өзіне басқарушылық ролді алған адамдардың ұстанымдарына, қажырлылығы мен күш-жігеріне, табандылығына байланысты. Жоғарыдағы есептерімде айтқанымдай Біз бір мектептен үш мұғалімнің мектептегі тәжірибеден өтуде үлкен ынтымақтастыұта жұмыс жасадық. Үшеуміздің бастамамызбен «ДАМУ» желілік қоғамдастығы құрылды. Үшеуміз бірлесе талқылай отырып, атын, қоғамдастық құрылымын, қоғамдастықтағы іс-әрекет түрлерін бастап жазып, талқылау, ұсыну үшін дайындадық. Шақыратын адамдар мен мектептерді анықтадық.

Телефон байланыстарын пайдаланып І деңгей бойынша бірге оқыған қала мектептеріндегі әріптестерімізді шақырдық. Болашақта атқарылатын жұмыстарымызға сәйкес Семей қалалық білім бөлімінің әдіскерлері Құралай Рымқұлова мен Қарашаш Аханованы және Шәкәрім атындағы университеттің жоғары математика кафедрасының деканы, осы жоба тренерлік курсынан өткен математика ғылымдарының кандидаты Оралтай Жолымбаевты шақырдық. Қоғамдастық ішінде ағылшын тілі мұғалімінің болуы міндетті деп ойлаймыз, бұл жерде біздің үшеуміздің ішімізде Қармысова Рыстың ағылшын тілі мұғалімі болуының болашақта көмегі тиері сөзсіз. Сонымен бірге көпшілігіміз АКТ-ны өте жақсы меңгергеніміз және жақсы информатик Жарқынның қоғамдастығымызға кіруі де жұмысымыздың тиімділігіне ықпал етеді деп ойлаймыз. Ұсыныстарымыз бен идеяларымыз шақырылушылардың бірауыздан қолдауына ие болды. Әріптестерімізбен алғашқы кездесуімізге «Желілік қоғамдастық -ынтымақтастық кепілі» шеберлік сағатын өткіздік. Біздер кезекпен ойтастау сұрақтарын қою және түрткі болу арқылы шақыруымызды қабыл алған №17, №19, №21, №23, №31, №34, №37 мектептерінен келген әріптестеріміздің және өзара бір-бірінен естіп келген №3, Ауезов атындағы мектептен келген әріптестеріміздің басшылық етуші, үйлестіруші, дамытушы топтарға бөлінуіне ықпал еттік. Топтарда талдау арқылы қоғамдастықтың мақсат, міндетерін анықтауда ортақ шешімге келдік. «Даму» қоғамдастығының мақсаты «Қала мұғалімдеріне мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру арқылы тәжірибелеріне өзгеріс енгізу».

Іс-әрекеттерге сәйкес стикерлерді пайдалану арқылы қатысушылар қоғамдастық жоспарын құруға өз үлестерін қосты. Орта мерзімді жоспарлау бойынша постерлер жасап, қорғау арқылы «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау» модулімен қала мұғалімдерін таныстыру үшін атқарылатын жұмыс түрлері анықталды. Қоғамдастықта екі бағыт бойынша бірлескен зерттеу топтарын құру, коучингтер, кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар (әртүрлі мектеп мұғалімдерінің кездесулері, конференциялар), желі ішіндегі «оқыту» мақсатындағы сапарлар, бірлескен тәлімгерлік пен тренингтер, бірлескен жұмыс топтарының жұмысы жоспарланды. Болашақта критериалды бағалау бойынша қала математиктері үшін әдістемелік құралдар әзірлеуге байланысты ойымызды қоғамдастықтың барлық мүшлері қолдады.

Кезкелген жұмысты бастап, бір арнаға салып алғанға дейін үлкен қажырлылық пен табандылық керек екені белгілі. Ары қарай қадамдарымыз қауымдастық почтасын ашу және қоғамдастықтағы іс-әрекет түрлері бетіндегі қоғамдастық мүшелерінің пікірлері бойынша «Даму»-дың жылдық жоспарын құру болды. Бұл жерде желі арқылы 21, 31 мектептердің мектепішілік қоғамдастықтарымен байланысқа түстік. Жоспарымызды почтаға қою арқылы талдап, бекіттік. Соңғы аптада тағы да өз мектебімізге шақырып, «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модулі бойынша тәжірибе алмасу коучингін өткіздік.

«ДАМУ» желілік қоғамдастығы

Басшылық етуші топ: Солтанаева Ардак Сабырхановна, Сарсекова Гулнара Кусмановна,

Кармысова Рыс Окметхановна

Қоғамдастықтың ұраны: «Егер сен болашақтағы өзгерісті көргің келсе - осы өзгерісті уақытында жаса » (Махатма Ганди)

Қоғамдастықтың мақсаты: «Қала мұғалімдеріне мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру арқылы тәжірибелеріне өзгеріс енгізу».

Міндеттері: 1. Мұғалімдерді қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарлауға тарту;

2. Сабақта оыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану дағдыларын жетілдіру;

3. Желі ішіндегі мектептерде бірлескен зерттеулер мен тәлімгерлік жүргізу;

4. Желі ішіндегі оқыту мақсатындағы сапарларды ұйымдастыру

5. Электрондық жарнамалық аңдатпаларды тарату мен электрондық хат алмасуды ынталандыру

ДАМУ» желілік қоғамдастығының жұмыс жоспары


Ұқсас жұмыстар
Желілік қоғамдастықтар - мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру құралы: коучинг-сессия жоспары
Мектептегі мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын құру арқылы оқу мен оқытуды тұрақты дамыту: Бәйтерек тәжірибесі
Робот техникасы элективтік курсын енгізу және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру
Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін қалыптастыру және жетілдіру жүйесі
Тасмола орта жалпы білім беретін мектебінің Серіктестік желілік қоғамдастығының 2014-2015 ж. жұмыс жоспары
Портфолио арқылы мұғалімдердің кәсіби өсуін қамтамасыз ету: Тасқала ауданы мектеп тәжірибесі
№51 М.Қаратаев атындағы мектепте мұғалімдердің үздіксіз кәсіби біліктілігін жетілдіру жүйесін қалыптастыру
Мұғалім көшбасшылығы және коучинг-тәлімгерлік арқылы мектептегі кәсіби даму мен оқу сапасын арттыру
Мұғалімдердің кәсіби даму мақсаттарын SMART қағидалары бойынша құру
Мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру: сабаққа қатысу, тәжірибе алмасу және өзіндік талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz