Сабақ жоспары :: Математика
Файл қосу
Үшбұрыштың және трапецияның орта сызықтары
4558665-13906500Әдістемелік сабақ жоспары. 8-сынып. Геометрия
Қойчиева Карима Какимовна
жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі
<<Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық білім бөлімі>> ММ
<<Семей қаласының №37 гимназиясы>> КММ
Сабақтың тақырыбы: ҮШБҰРЫШТЫҢ ЖӘНЕ ТРАПЕЦИЯНЫҢ ОРТА СЫЗЫҚТАРЫ Оқыту стандарты: Дәстүрлі сабақ Оқушы біліктілігі: Түзу, кесінді, сәуле ұғымдары болуы керек, параллель түзулердің қасиеттерін, үшбұрыштың анықтамасын, үшбұрыштың теңдігінің белгілерін, үшбұрыш медианасының, параллелограмм және оның қасиеттерін,Фалес теоремасын, трапецияның анықтамасын білулері керек. Оқушы дағдысы: Аталған ұғымдар мен тұжырымдарды есептер шығаруда қолдана білу. Сабақтың мақсаты:
оқытушылық:Үшбұрыштың орта сызығы және оның қасиеттерімен, үшбұрыштың ауырлық центрімен, трапецияның орта сызығымен және оның қасиеттерімен таныстыру, сонымен қатар үшбұрыш пен трапецияның орта сызықтарын пайдаланып есептер шығаруды үйрету . дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми көзқарастарын ояту, математикалық тілдерін дамытуды жүзеге асыру. тәрбиелік: Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру, достық әлеует туғызу; ұжымдық, бірлестікке, толеранттылыққа, білім алуға жауапкершілікке, ұқыптылыққа, мәдениеттілікке, бір-біріне көмек қолын соза білуге тәрбиелеу. Сабақ түрі: Сайыс сабақ Сабақта қолданылатын әдістер: Ж.Караев технологиясы элементтерін қолдану Сабақта қолданылатын құралдар: көрнекі құралдар: кестелер, слайдтар
үлестірмелі материалдар: тест сұрақтары оқытудың техникалық құралы: интерактивті тақта
Әдебиеттер: И.Бекбоев,Ж.Қайдасов тағы басқалар. Геометрия, 8-сынып Ә.Н. Шыныбеков, дидактикалық материалдар. Ж.Қайдасов, Г.Хабарова.Дидактикалық материалдар.
Сабақтың мазмұны: Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеп болған соң, тақтадағы қажетті құрал-жабдықтарды тексеру. Оқушыларды бүгінгі сабақтың жоспарымен таныстыру. Жоспар:
1) Ұйымдастыру кезеңі:
Топтарды таныстыру (І топ-Фараби тобы, ІІ топ -Әл-Хорезми, ІІІ топ - Фалес тобы. 2) Үй тапсырмасын тексеру: а) Фалес теоремасының тұжырымдамасын сұрау б) №68, №69 есептердің шығарылуын тексеру 3) Жаңа тақырыпты: а) алдын ала дайындалып келу әдісі бойынша оқушылардың түсіндіруі. б) Мұғалімнің толықтыруы 4) Сергіту сәті:
а) Шәкәрім Құдайбердіұлының үшбұрыштың орта сызығы туралы өлеңі
оқылады. б) дене бітімі жаттығулары. 5) Жаңа тақырыпқа байланысты үш топ үш есеп шығарады: №77, №78, №83 6) Тест сұрақтарына жауап беру 7) Дарынды оқушымен жұмыс 8) Мұғалімнің сабақты қорытындылауы (оқушылардың көмегімен). 9) Үйге тапсырма: 10, 11, 12-теоремалардың тұжырымдаларын қайталап оқып келу.
№79,80 есептер 10) Бекіту. Баға. Рефлексия.
Үй тапсырмасын тексеру екі кезеңмен жүргізіледі:
1) Фалес теоремасының тұжырымдамасын сұрау. 2)Үйге берілген есептің шығарылуын тексеру. №68; №69 (тақтаға екі оқушы шақыру) Жаңа тақырыпты түсіндіру.
а) 1 - топ үшбұрыштың орта сызығы туралы теореманы айтады. 2 - топ үшбұрыштың медианалары туралы теореманы айтады. 3 - топ трапецияның орта сызығы туралы теореманы айтады. б) Мұғалімнің толықтыруы. Мұғалім Ә.Н.Шыныбековтың оқулығы бойынша дәлелдеуді
интерактивті тақтадан көрсетеді. Сергіту сәті: 1) Шәкәрімнің жұмбағы: Бір нәрседен үш сипат қылдым хайла, Бұл жұмбақты шешерлік адам қайда? Бір сипатын ортадан кесіп алсам, Орнында тағы болар екеу пайда. Біреу деп кесіп алып тастағаным, Үшеу боп жатады басқа жайда. Жұмбақтың шешуі: Бір қағазды қи - дағы үшбұрыштап, Бір бұрышын ортасынан кес дұрыстап, Қалған қағаз болады төрт бұрышты, Үш бұрышты қиығын тұрсаң ұстап. Жаңа тақырыпты бекіту. №77, №78, №83 есептерін үш топ шығарады. Тест сұрақтарына жауап беру: І - нұсқа
1. <<Егер бұрыштың қабырғаларын қиып өтетін ... оның бір қабырғасынан өзара тең кесінділер қиып өтетін болса, онда ол түзулер бұрыштың екінші қабырғасынан да тең кесінділер қиып өтеді>>. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар. А. Түзулер. В. Тең кесінділер С. Параллель түзулер D. Өзге жауап 2. Үшбұрыштың периметрі 28 см., төбелері берілген үшбұрыш қабырғаларының орталарында болатын үшбұрыш периметрін табыңыз: А. 28см В. 14см С. Өзге жауап D. 7см 3. Дөңес төртбұрыш диагональдары 7см және 13см. Төбелері осы төртбұрыш қабырғалары ортасында орналасқан төртбұрыш периметрін табыңдар. А. 20см В. 10см С. 40см D. Өзге жауап 4. Суретте а ║ b, OA = 3см, АС = 1,5 см, А В ϵ a, С D ϵ b ВD = 1см. ОВ - ны табыңдар. А. 3см В. 4см С. 1см D. 2см ІІ - нұсқа.
1. <<Екі қабырғасының ортасын қосатын кесіндіні үшбұрыштың ... деп атайды>>. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар. А. орта сызығы В. Медианасы С. Параллель сызығы D. Өзге жауап 2. Үшбұрыштың периметрі 24см. Төбелері берілген үшбұрыш қабырғаларының орталарында болатын үшбұрыш периметрін табыңдар. А. 12см. В. 6см. С. 48см D. 10см
3. Дөңес төртбұрыш диогоналдары 9см және 17см. Төбелері осы төртбұрыш қабырғалары ортасында орналасқан төртбұрыш периметрін табыңдар. А. 52см В. 13см С. 26см D. 12см 4. Суретте а ║ b, ОВ = 4см, АВ = 1см, А С ϵ а ОD = 6см. СD - ны табыңдар А. 6см В. 3см С. 1,5см D. 2см В D b ІІІ - нұсқа.
1. <<Үшбұрыштың орта сызығы үшбұрыштың үшінші қабырғасына параллель және оның ... тең>>. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар. А. ширегіне В. үштен біріне С. Өзге жауап D. Жартысына 2. Үшбұрыштың периметрі 34 см., төбелері берілген үшбұрыш қабырғаларының орталарында болатын үшбұрыш периметрін табыңыз: А. 17см В. 34см С. 8,5см D. Өзге жауап 3. Дөңес төртбұрыш қабырғаларының ортасын қосатын төртбұрыш периметрі 78см. Берілген төртбұрыш диагоналдарының қосындысын табыңдар. А. 39см В. 78см С. 156см D. Өзге жауап 4. Суретте а ║ b, OA = 3см, АВ = 2 см, ОD = 6см. ОС - ны табыңдар. А. 3см В. 4,8см С. 2,4см D. 1,2см. Тест сұрақтарының жауаптары: Нұсқа Сұрақ 1 2 3 4 І - С B A D ІІ - A A C C ІІІ - D A B C Дарынды оқушыға жеке тапсырма: С - 1 1. Үшбұрыштың медианасы үшбұрыштың оны қиып өтетін орта сызығымен қақ бөлінетін ін дәлелдеңдер. 2. АВС D параллелограмының АВ қабырғасынан АР = 1/3 АВ болатындай Р нүктесі алынған. РD кесіндісі АС диогоналының (1/4) бөлігін қиып өтетінін дәлелдеңдер. Ескерту.
С - І. 1. Бұрыш қабырғасын қып өтетін параллель кесінділер қасиетін қолданыңдар. 2. PD ║BQ, Q CD кесіндісін жүргізу керек. Мұғалімнің сабақты қорытындылауы (оқушылардың көмегімен). Үйге тапсырма: 10, 11, 12-теоремалардың тұжырымдаларын қайталап оқып келу.
№79,80 есептер Сабақты қорытындылау. Бағалау. Рефлексия. Оқушылар білімін бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz