6-сыныпқа арналған математика сабақ жоспары: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\фото.png Сабақ жоспары. 6-сынып. Математика

Қойчиева Карима Какимовна

жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық білім бөлімі» ММ

«Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ

Сабақтың тақырыбы:

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің жалпы түрін, қандай теңдеулер мәндес теңдеулер болатынын, теңдеулердің қасиеттерін, ах=в теңдеулерін шешудің үш түрлі жағдайын үйрету.

Ойлау қабілеттерін дамыту. Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу.

Сабақтың типі:

Жаңа материалды оқыту.

Сабақтың түрі:

Теориялық білім беру.

Қолданылған

әдебиеттер:

« Математика» дидактикалық материалдар 6-сынып. Т. А. Алдамұратова.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.

II. Жаңа материалдарды игеру кезеңіне дайындық

Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

III . Жаңа материалдарды игеру кезеңі:

9x=x+12 және 8x-7=3, 4 теңдеулерді шешу көрсетіледі.

Оқушыларға 5х-8=2х+1 және теңдеулерін шешу тапсырылады.

Анықтама: ах=в түріндегі теңдеу (мұндағы х айнымалы, а және в қандайда бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.

Түбірлері бірдей болатын теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады. Түбірлері болмайтын теңдеулер де мәндес теңдеулер болады.

Мысалы: 3(х+2) =21 теңдеуі мен 3х+6=21 теңдеуі мәндес теңдеулер.

Теңдеулерді шешу үшін теңдеулердің қасиеттері:

Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

ах=в теңдеуін шешудің үш жағдайы:

Егер а≠0 болса, теңдеудің бір ғана х = а/в түбірі бар болады.

Егер а=0; в≠0 болса, 0х=в теңдеуінің түбірі болмайды.

Егер а=0; в=0 болса, онда 0х=0 теңдеуінің шексіз көп шешімі болады.

IV. Жаңа материалды оқушылардың игеру деңгейін анықтау :

Қандай теңдеулер бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер деп аталады ?

Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады ?

Теңдеудің қасиеттері.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірлері қалай табылады ?

V. Жаңа материалды: №834, №835, №836, №837, №838 есептерді шығару арқылы бекіту.

VI. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.

Үйге №835(3, 5), №836(3, 5), №837(3, 5) №839.

VII. Сабақты қорытындылау.


Ұқсас жұмыстар
6-сынып математика: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер сабақ жоспары
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер: сабақ жоспары
6-сынып математикасының сабақ жоспары: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
6-сынып математика сабағы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер - сабақ жоспары (бекіту сабағы)
6б сыныпқа арналған бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер бойынша сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және мәтінді есептерді теңдеулер арқылы шешу
6-сынып математикасы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер - ашық сабақ жоспары
6-сынып математика: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қорытындылау
6-сынып: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді пысықтау сабағы
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz