Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың тілін дамыту

Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзек алатын жері - ол ата-бабадан қалған асыл мұра. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеп, тілдерін дамыту мақсатында халық ауыз әдебиетінің асыл-мұралары - жұмбақтар, ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, тәрбие әліппесі, аңыз әңгімелер, жырларды қолданудың маңызы зор тиімді тәсіл екені белгілі. Халық ауыз әдебиетінің бір саласы- ойын өлеңдері.Тілі шығып,сөйлей бастағаннан,кәмелетке толып, есейген шағына дейін баланың жасына лайықты сан- түрлі ойын ойналған жане олардың басым көпшілігі өлең-тақпақтармен бірге жасап,толықтырылып отырған.Алқашқыда балалар үлкендердің көмегімен,кейін біртіндеп тәртібін өзгерте келе,сөздерін өздері шығарып, айта бастаған.Бұл ретте баланың білегін,алақанын,саусақтарын ұстап,түрлі қимылдар жасап,арасында қытықтап отырудың мәні зор.Оларға: << Саусақ санау>>, <<Бес саусақ>>, << Қуырмаш>> т.б ж.
Саусақ санау.
Қуыр-қуыр қуырмаш,Балапанға бидай шаш.Тауықтарға тары шаш,Әжең келсе есік аш,Қасқыр келсе мықтап бас.
Мына жерде қой барМына жерде ешкі бар,Мына жерде сиыр барМына жерде жылқы бар,Мына жерде күлкі бар
Қытық, Қытық.
Жаңылтпаш-қазақ халқының ауыз әдебиетінің түріне жатады.Оның атқарар қызметі аз емес.Олар көбіне баланың ұғымын,түсінігін,дүниетанымын кеңейте түседі.Жаңылтпаштар баланың тілін ұштай түсіп,оның кекештенбей,тұтықпай,еркін,жатық,асықпай,қысылмай сөйлеуіне көмектеседі.Әр сөзді бұзбай дұрыс айтылуы мақсат етіледі.Сөздерді шапшаңдата тез-тез айтуы тиіс,баланы сөйлете білу үшін маңызы өте зор.Мысалы:
1.Есет атам ет асатар,
Ет асатса бес асатар.
2.Қай тай лақтай,
Қай лақ тайлақтай.
3.Тебіншек ат- шегіншек,
Шегіншек ат- тебіншек.
Жұмбақтар- ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір түрі.Ол баланы жастайынан қиялдай білуге, қоршаған ортаны бақылап, тапқырлыққа баулуды көздейді. Мысалы:
1.Тарпаң-тарпаң тарбиған
Түрі жаман жарбиған ( бақа )
2.Асты тас
Үсті тас,
Ортасында жанды бас ( тасбақа)
3.Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,
Тағыпты арқасына мың таяқты
Ашуланса аяқ-қолын көрсетпейді,
Көресің көзің салсаң ғажайыпты ( кірпі шешен)
4.Жол үстінде қу азық,
Мергеншіге жол азық ( қоян)
5. Тұмсығы қашау,
Кәсібі ұя жасау
Ағаштан қорғап,
Зиянкестерді асау (тоқылдақ)
6.Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы бейне банет алмас пышақ
Тұмсығы имен,көрмейді күндіз көзі,
Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады (үкі).
Қиялдай білу арқылы ой-өрісі,дүниетанымы арқылы балаларды тапқырлыққа,тілін дамытуда басты құрал болып табылады.Мақал- мәтелдерде халықтың ой-санасы, ақыл өнегесі көрініс тапқан ойдың дәлдігімен, тереңдігімен сипатталуы мақалдарда тиянақты, тұжырымды ой айтылады.Құрылысы жағынан бір немесе бірнеше сөйлемнен құралып келе береді.Тақырыптары да әр алуан.Отан,ерлік,өнер-білім,ер-жер т.б. Мысалы:
1.Ақыл жастан,асыл тастан.
2.Елін сүйген ер болар
3.Отан от басынан басталады.
4.Ел іші өнер кеніші
5.Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Балаларға мақалдарды үйрете отырып, мағыналарын ашқызу, түсіндіру талап етіледі.Мұнда балаға беретін тәрбие тілін дамытатын нәрсе терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, мағынасын ашады.Тоғыз ауыз сөздін тобықтай түйінін жинақтап,қорытып береді.Ертегілер арқылы,оның ішінде қиял-ғажап, тұрмыс-салт, батырлар туралы ертегілердің мағынасы өте зор.
<<Үйшік>>, <<Қасқыр мен ешкі>>, <<Бауырсақ>> сияқты ертегілер қара сөзбен айтылса да, балаларға өте түсінікті, тілмен жазылып, көз алдына елестету арқылы, арасында сұрақ қою арқылы тілдік қорлары дами түседі.
<< Туғанда дүние есігін ашады өлең>> деп,ұлы Абай атамыз айтқандай, ауыз әдебиетінің басты үлгілері әрбір жас ұрпақ үшін тәрбиенің қайнар көзі. Тегінде іс-әрекеттерді, тілдік қорларын сипаттай білу- тіл мәдениетінің маңызы болып саналады.Мұны өмірге жаңа қадам басқан балдырғандардың санасына дұрыс сіңіре білуін,халқымыз ауыз әдебиеті арқылы бойларына қалыптастыра білген.Бұл ауыз әдебиеті арқылы балалар есіне ұзақ сақталады.
С.Е.Әбілқайырова
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
№1 Новоишим орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz