Су және табиғаттағы су айналымы: оқу-әдістемелік сабақ жоспары

Дүниетану
Жанбулатова Қуаныш Айдарбековна
№1 арнайы (түзету) мектеп-интернаты
Сабақтың тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы.
Сабақтың мақсаттары: Судың адам өміріндегі маңыздылығын және оны қорғаудың қажеттілігін, табиғаттағы су айналымын ұғындыру. Оқушылардың сөздік қорын байыта отырып, тілін ұстарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойландыру, әнгімелеу, проблемалық ізденушілік.
Көрнекілігі: Ш. Уәлиханов суреті, бұрымы, сөзжұмбақ, жұмбақтар, глобус, карта.
Техникалық құрал: Бейнетаспа.
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Жаңа сабақ. Кіріспе.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы. Бұл тақырып сендерге тансық емес, алдыңғы сыныптан алған білімдеріңді паш етейік.
Жер шарына назар аударайық! Қандай тұжырым жасауға болады?
Жер бетінде ең көп таралған зат-су. Ол жер шарының 2/3 бөлігін алып жатыр. олар: мұхиттар, өзен-көлдер, теңіздер.
Оларды атап, картадан көрсетеді. Қосымша ұғымдар беру.
Оңтүстік Америкадағы ең биік сарқырама-Анхель сарқырамасы, Сібірдегі ең терең көл - Байкал көлі (2012 км), Ніл өзенінің ұзындығы - 6670 км, ірі көл - Каспий көлі.
- Ата-бабамыз суға байланысты қандай тыйым сөздер қалдырған?
Бұлақ көрсең, көзін аш.
Судың да сұрауы бар.
Су ішкен құдығына түкірме.
Сулы жер-нулы жер.
Өзен жағалағанның өзегі талмас.
2. Топпен жұмыс.
а) Жасырынып тұрған жұмбақтарды шешу.
1-топ . Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (Су)
2-топ . Өзі судан жаралған,
Бірақ судан қорқады. (Мұз)
3-топ. Көзге көрінгенімен,
Ұстасаң қолға ілінбейді. (Бу)
Жұмбақтар шешуіне қарап, қандай қорытынды жасаймыз?
Су-сұйық күйі
Мұз-қатты күйі
Бу-газ күйі.
ә) Ассоциация кұру
б) Тапсырмалар орындау
1-топ. Адам өміріндегі судың маңыздылығы.
2-топ . Табиғаттағы судың маңыздылығы.
3-топ . Табиғаттағы су айналымы.
3. Мәтінмен жұмыс.
а) Үлгі ретінде оқыту. Тізбектей оқыту.
ә) Плакат бойынша түсіндіру.
а ғ а ш
о қ у
қ а р
а н а
н е м е р е
1. Орман көркі.
2. Оқушының міндеті.
3. Қастың көркі.
4. Ең қымбатты есім.
5. Сен атаңа кімсің?
-Ерекше торкөзден қандай сөз шықты? (Шоқан)
-Шоқан кім?
-Шоқан - ғылым, зерттеуші, саяхатшы, суретші, тарихшы.
-Ол кісі туралы, ауылымызға қатысты не білеміз?
Шоқан атамыз Қашқарияға сапарында осы ауылымыздың топырағын басып, суын ішкен, дем алған. Ол кісінің қолжазбаларынан Қапал батырдың жерленген жері табылып, үлкен кесене орнатылды.
-Ал, енді балалар, ауылымызға Шоқан аталарың су ішіп, дәм татқан және де басқа бұлақтардың аттарын білеміз бе?
-Олар: Тастыбұлақ, Ақтасты, Ақтұма, Қызылжұлдыз, Қасқабұлақ т. б.
-Ауылымызда 12 бұлақ бар екен. Бейне таспадан жоғарғы сынып оқушылары көрейік. Айтатын пікірлеріңді ойланып отырыңыздар.
-Суды қорғау осылай өзімізден басталады.
4. Шығармашылық жұмыс.
1. Су-тіршілік көзі. (әңгіме жазу)
2. Су туралы мақал-мәтелдер жазу.
3. Бұлт түрлері. (суретін салу, түсінік беру)
5. Бекіту. Бағалау.
6. Үйге тапсырма:оқу, мазмұндау.