М.бекбосын. бозторғай – дала сәні. 3-сынып

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №4 жалпы білім беретін орта мектеп

3-сынып
Әдебиеттік оқу
3-сынып: Сабақтың тақырыбы
Әдебиеттік оқу: М. Бекбосын. «Бозторғай - дала сәні».
3-сынып: Мақсаты
Әдебиеттік оқу: Оқушыларға автор туралы мәлімет бере отырып, мәтіннен бозторғай туралы жаңа деректер беру.
3-сынып: Күтілетін нәтижелер
Әдебиеттік оқу:

Мәтіннің мазмұнын аша біледі. Бозторғай құсы туралы қосымша мәлімет алады.

Мәтіннің идеясына сай мақалдар айта алады. Қорытынды жасай біледі.

3-сынып: Керекті жабдықтар
Әдебиеттік оқу: Интербелсенді тақта, құстардың суреттері, топшамалар, флипчарт.
3-сынып: Сабақ барысы:
3-сынып: Сабақ кезеңдері
Әдебиеттік оқу: Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
3-сынып: Кіріспе
Әдебиеттік оқу:

1. Психологиялық дайындық.

«Өзіммен өзім» тренингі.

2. 4 топқа бөлу. Топ басшысын сайлау.

Топтық ереже құру.

3. Бағалау парағын беру.

«Өзіммен өзім» тренингі бойынша оқушылар көздерін жұмып, дыбыс арқылы табиғат аясында жүргендерін көз алдарына елестетіп, алған әсерлерімен бөліседі.
3-сынып: Тұсаукесер
Әдебиеттік оқу:

Үй тапсырмасын тексеру.

1. «Құмдағы құпия» мәтінін бөліктерге бөліп айту.

2. «Ойлау уақыты» ойыны.

Әр топ ұяшық таңдап, жасырылған сұраққа жауап береді.

Сұрақтар:

-Темір қандай оқиғаның куәсі болды?

-Олардың бозторғайға қамқорлық жасамақ болғаны дұрыс па?

- Құс ұясы неден жасалған екен?

- Бозторғайдың ұясы мен жұмыртқасының басқа құстардікінен айырмашылығы неде?

Топтық жұмыс.

Сұрақтарға әр топ бірлесе отырып жауап береді.

Жауап:

1. Темір бозторғайдың ұясын, жұмыртқасын көрді.

2. Дұрыс. Өйткені, Темір анасы екеуі бозторғайдың ұясын жөндеп бергісі келді.

3. Ұя селеудің үлпілдек шашағынан жасалған.

4. Бозторғайдың жұмыртқасы кішкентай әрі теңбіл болып келеді.

3-сынып: Негізгі бөлім
Әдебиеттік оқу:

Жаңа сабақ.

Қызығушылығын ояту. Әр топқа бір жұмбақтар жасыру.

Маң-маң басқан жүрісі,

Барлық құстың ірісі.

Қашқанда құстай ұшпайды,

Қуғанын бірақ ұстайды.

Айдалада ақ отау,

Аузы - мұрны жоқ отау.

Талдың басында,

Жемi бар қасында.

Там тұр саялы,

Достарға аялы.

Қалқып тұрып аспанда,

Үн шығарып сан қилы,

Өнерiне басқанда,

Тұла бойың балқиды.

«Бозторғай» құсы туралы қосымша, қызықты мәліметтер беру.

-Қазақта мамыражай жақсы заманды

қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған

заман деп атайды.

-Бозторғай ән салса, күн ашық болады

деп болжаған.

Бозторғайлар - сайрағыш құстар тұқымдасы.

Жер шарында кең тараған, тек Антарктидада кездеспейді.

15 туысы, 75 түрі анықталған.

1 түрі - Халықаралық табиғат қорғау одағының

«Қызыл кітабына» енгізілген.

Қазақстанда 13 түрі мекендейді.

Бозторғайлар шөл, шөлейт және тау жайылымында, елді мекен маңында, кейде орман алаңында кездеседі.

Дене тұрқы 12 - 23 см. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа.

Түсі бозғылт, көбінесе мекендеген жерінің түсіне қарай өзгеріп отырады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімі бойынша

1 сәуір - Халықаралық Құстар күні болып белгіленді.

Сергіту сәті. Құстар туралы бейнеролик.

Оқулықпен жұмыс. «Уақыт шеңбері»

«Бозторғай - дала сәні» мәтінін әр топ бөліктерге бөліп оқиды.

Топтық жұмыс.

1-топ: «Құстар -біздің досымыз» тақырыбына-эссе жазу.

2-топ:Құстар туралы мақал-мәтел жазу.

3-топ:Бозторғай тақырыбына бес жолды өлең құрастыру.

4-топ:«Қанатты достар» тақырыбына сурет салу.

Дарынды оқушымен жұмыс.

Шығармашылық тапсырма.

Құстар туралы 4 жол өлең құрастыру.

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс. Тапсырма .

Бозторғай құсын сипаттап айтып бер.

Жұмбақтардың шешуін бірлесе отырып шешеді.

Жауаптары:

Бүркіт

Жұмыртқа

Құс ұясы

Бозторғай.

Бейнероликтегі құстардың тіршілігін тамашалайды.

Топта тақырыпты түсіндіріп, жинақтап оқыған бөліктері бойынша мазмұнын айтады, келесі топ жалғастырады.

Жауап:

C:\Users\Teacher\Desktop\IMG_3684.JPG

C:\Users\Teacher\Desktop\IMG_3679.JPG C:\Users\Teacher\Desktop\IMG_3675.JPG

C:\Users\Teacher\Desktop\IMG_3673.JPG

Жеке оқушылар жұмыстанады.

Жауап.

Келіп көктем құстары,
Бау - бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.

Жауап.

Бозторғай-кішкентай құс. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа. Жұмыртқасы кішкентай, тарғыл болып келеді.

3-сынып: Қорытынды бөлім
Әдебиеттік оқу:

Зерттеушілік әңгіме.

«Сұрақтар» шеңбері.

Мәтін бойынша әр топ бір -біріне сағат тілі бағытында бір сұрақтан қояды.

Жауап берген топ келесі топқа сұрақ қойып жалғаса береді.

Қойылған сұрақтың жауабын мәтіннен тауып, жауап береді.

«Кім көп біледі?» тапсырмаларды орындайды.

1. Әлемдегі ең алып құс?

2. Ең


Ұқсас жұмыстар
Бозторғайдың жұмыртқалары
Бозторғай - дала сәні
Сабақтың тақырыбы: бұлбұлдың әні. мәдіхат төрежанов
Дала жануарлары
Тоқылдақ құс дәрігер
Құстардың көктемгі тіршілігі. дүниетану - ашық сабақ
Аңыз әңгімелер. «асан қайғының жерұйықты іздегені»
Бұлбұлдың әні. 3 сынып. ана тілі
Қайдан келдің, бауырсақ ( 1 сынып )
Құстардың түрі мен ұшып келу реті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz