Жаным толған жақсылық

Тақырыбы: Жаным толған жақсылық
Мақсаты:
Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, ой-өрісі дамыту.
Міндеті:
1. Адам қарым-қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпал
ету
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа,
жақсылық жасай білуге тәрбиелеу
Көрнекіліктер:
Суретті картиналар, қызыл жүрек, нақыл сөздер
Барысы:
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар!
Бүгінгі күні - біз әлем халқы жаңа мыңжылдықта өмір сүрудеміз. Біздің болашағымыз қандай болмақ?. . . . Болашақта уақыттың өтуімен өсе келе, бала өзін қоршаған ортадан нені алмақ. Соған бір уақыт көз жүгіртіп көрейікші.
Бала болашақта айналада толып жатқан жақсылықты көреді. Себебі ол өзін тек қана жақсылыққа тәрбиелейтін ортадан өспек. Ол ортада бала нені үйренеді және кім үйретеді?
Әрине бұл ата - аналардың жылы жүрегімен мейірімін төккен ақыл парасатының еншісінде. Олай болса ата - аналардың құрметіне арналған «
Жаным толған жақсылық
»атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер
1. Жұмсағанда баратын,
Айтқан тілді алатын.
Мен боламын Дильназ,
2. Бүгін үлкен салтанат,
Менің атым, Мұхамед.
3. Сәулелі де сымбатты,
Сөйлегенім тым тәтті.
Алуа деген қыздарың,
Сіздерге арнап тіл қатты.
4. Дарасы болар даланың,
Берік деген баламын.
5. Бармағынан бал тамған,
Балдай тәтті мен Батырхан.
6. Жақсылықты жақтайтын,
Бәрін біліп жаттайтын,
Бахтияр жігіт мен болам.
7. Мөлдір қызбын кең маңдай,
Әдемімін мен қандай.
8. Айтуған деген баламын,
Есепті мен шағамын.
9. Көп оқитын, көп тоқитын
Менің атым Бексұлтан.
10. Ай мен күні анамның,
Ақылдысы атамның,
Мен Мадина боламын.
11. Би билеймін айнала,
Менің атым Сабина.
Алуа мен Мадина
Армысыңдар, ұстаздар, Алуа
Армысыңдар, ата-ана,
Болашаққа жол бастар,
Балаң келді ортаға.
Білім деген ғажаптың, Мадина
Әліппесін меңгерген.
Болашағы қазақтың,
Басталады біздерден.
Ән"Үйретеді мектепте"
Дильназ
Жақсы болсаң, жердей бол
Бәрін шыдап көтерген.
Таза болсаң судай бол
Бәрін жуып, кетірген.
Біреуге жақсылық етсең -
Ол жақсылықты міндет етпе!
Алуа
Өмір деген тәтті екен әрқашан да,
Қуаныш пен мұңменен қарсы алсаң да.
Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен,
Күресуге үйренем шаршасам да.
Бала жүрек риза жаратқанға,
Жарқыраймын әр күні таң атқанда.
Қиындыққа мойымай қарсы тұрып,
Мен өмірді сүйемін әрқашан да.
«Жақсы» тақырыбындағы ширату-ойынын ойнауды ұсынамын (балалар шеңберде тұрады) :
Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналады)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма?
(бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Мұхамед
Жақсы адам көңілі - күн,
Жанға сәуле түсірген.
Нашар адам көңілі - түн,
Кеудеден отты өшірген.
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп, өнер тап,
Түнді күндей ашатын.
Айтуған
Толған айдай жан болсаң,
Толсын ақыл ішіңе.
Күн көзіндей жан болсаң, ел сүйінсін ісіңе.
Ақыл қуған адаспас,
Ақылда, дос, бар тетік.
Қапта жатпас таза алмас,
Шығар бір күн жарқ етіп…
Жақсылық пен жамандық адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді.
Халқымыз "жақсылық" деген ұғымды адамгершілікке балаған.
Адамгершілігі мол адамды "жақсы адам "деген. "
Жақсы болуды "мақал-мәтелдер арқылы дәріптеген.
"Жақсы сөз-жарым ырыс" дейді халқымыз.
Жақсы сөз естісең, жанын жадырап сала береді.
Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегінді жылатады, қуанышқа бөлейді.
Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулық сақтауға септігін тигізеді.
Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды.
Сондықтан қолдан келгенше бір-біріне жылы, жақсы тілек айтқан дұрыс.
Жақсы сөз, жақсы тілек айтудың өзі адамға жақсылық жасау екенін ұмытпайық.
Жақсылық туралы кім тағы мақал-мәтелдер біледі?(Оқушыларды тыңдау)
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» - деген екен халық.
Шамамыз жеткенінше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік.
Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейтінін, оның шарапаты өзіңе, жақын - туыстарыңа, тіпті еліңе тиетінін сендер жақсы білесіңдер.
Алғысқа бөленіп, ризашылыққа кенелесіңдер.
Берік
Мейірімділік - ғажайып өмір есігі,
Мейіріммен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің.
Бахтияр
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер мұқтаж жанға жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.
Би.
Батырхан
Өмір дәмі, екі дәм: Ащы - Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Мадина
Өмір деген тұрмайды: Қап - қарадан.
Өмір деген тұрады: Ақ - Қарадан,
Ақ - Қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!
Жүргізуші:
Бақыт тілеп, бақ тілеп
Қауышады ағайын.
Айтып менде ақ тілек,
Жырдан шашу шашайын - деп келесі кезекті
әнге
береміз
Ән" Әрқашан күн сөнбесін"
Бексұлтан
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Мөлдір
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,
Мына өмір бірақ та қымбат әлі.
Жүргізуші:
Жақсы сөз - жақсы тілек,
Болайық ізгі ниетті.
Жақсы ойлап кісіге,
Тілейік үлкен - кішіге - деп тамаша сөздермен «Жақсылық жасаған бақыт» - деп айналаңа жақсы істер жасап, қуантсаң, көңілін әрдайым қуанышқа толып, бақытты боласың.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz