Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Жаңашыл мұғалім болу заман талабы


Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
Қаржан жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Төлендиева Клара Бекмұрат қызы
Жаңашыл мұғалім болу -жаңа заман талабы
" Қазақтың тағдыры да, келешекте ел болуы да,
мектебінің қандай негізде құрылуына барып
тіреледі. Мектебімізді таза берік, өз жанымызға
үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін
тайынбай серттесуге болады. " М. Жұмабаев

Қазақтың ұлағатты тұлғасы М. О. Әуезовтің "Ел болам десең, бесігіңді түзе!" деген ұлы сөзі бар. Бұл сөздің астары жас ұрпақ тәрбиесіне келіп тіреледі , сондай - ақ ұрпағымыздың сапалы білім егесі болуы тиіс дегенді білдіреді. Біздің қазақ елі талай зұлматты басынан кешкен, сансыз "Тар жол , тайғақ кешуден " өткен ұлы да , ұлағатты ел. Қанша қиын кезеңнен өтсе да ұлт тәрбиесін ең алдыңғы жолға қойып, ел болашағы болар ұрпағын дара тұлға етіп қалыптастыруға талпынған көрегенді ел. Осынау ұшы - қиыры жоқ байтақ даланы ақ найзаның ұшымен , ақ білектің күшімен қорғап, бізге мұра етіп қалдырды. Әрқашан өз ұрпағын болашақтың кепілі санайтын халқымыз осы байтақ даланың егесі болады деген ұрпақ тәрбиесі біздің , яғни ұстаздар қауымының жауапкершілігінде. Білімді ұстаз- мектептің тірегі, һәм жүрегі.
"Бала - болашағым" деген елміз, сондықтан да біздің алдымызда ұлы міндеттер тұр. Ел болашағы болар жас ұрпақты тәрбиелеу жолында біз , ұстаздар, баланың жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге алған білімін болашақта қолдана алатын, сандық сауаттылығы артқан, өз ойын еркін жеткізе алатын , бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуге міндеттіміз.
"Жаңа Қазақстан, жаңашыл ұстаз, жаңа ұрпақ" - бұл білім беру жүйесіндегі бәсекеге қабілетті маман даярлау, білім кеңестігіндегі мәдениет пен өнердің даму негізі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев: <<Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім>> дей келе , ол үшін <<Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет>>, - деп жолдауында айтқан болатын.
Осы бағытта Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұстаздар үшін біліктілікті арттырудың үш айлық курсын оқытуды қолға алды. Осы курста қазіргі таңда қаншама ұстаздар білім деңгейін арттыруда. Күнде қарыштап дамып , дамыған елдермен терезесін теңестіріп келе жатқан Қазақстан мемлекеті үшін өзгеріс әбден керек . "Әлемнің өзгеруін қаласаң, өзгерудің алғашқысы өзің бол! Болашығыңның өзгеруін қаласаң,сол өзгерісті қазір жаса!" дейді. ендеше біздің білім жүйемізде болып жатқан білім саласындағы бүгінгі өзгеріс орынды.
Бұл курсты оқу барысында оқушыны жаңа әдіс- тәсілдермен оқыту негізгі жеті модульге сараланған. Жеті модульді сабақтарда пайдалану барысында ұстаз дәстүрлі сабақтарымызда қалыптасқан біршама заңдылықтарды өзгерте алады, атап айтар болсақ, мұғалім сабақтарда дайын түрде білім беру емес, керісінше оқушының өз бетімен білім алуына жағдай жасайды. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс -тәсілдерді қолдану барысында , оқушы сыни тұрғыдан ойлауға, өз білімін бағалауға заманға сай ойы мен пікірі қалыптасқан құзіретті тұлға болуға, ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдаланудағы, сандық сауаттылығын арттыруға, өзін- өзі саналы түрде басқаруға бағыт ала отырып, бойындағы дарындылығы мен таланттылығын көрсетіп , алған білімін келешекте қолдана алады. Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны болып табылатын жеті модульді пайдалана отырып, мұғалім оқушы білімімен қоса өзінің біліктілігін арттыруға мүмкіндік жасайды.
Осы мәселенің бәрін жинақтай келе жаңа заман мұғалімі - рефлекцияға қабілетті, өзін- өзі жүзеге асыруға талпынған әдіс- тәсілге бай , зерттеушілік қабілеті жоғары, дидактикалық -әдістемелік, ақпараттық және басқа да құзіреттіліктің жоғары деңгейімен сипатталған рухани адамгершілікті , азаматтық жауапты , белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болуы тиіс. Келешекте ұстаздық жолындағы әр мұғалімнің мақсаты - жаңа заман талабына сай тұлға қалыптастыруда жеті модульді жүйелі түрде қолдана отырып, өз тәжірибесін одан ары қарай толықтырып, жетілдіру болмақ.
Біліктілік арттыру курсын оқып тамамдаған тұлға ретінде мен сабақ өтіп шыққаннан кейінгі ең бірінші оқушының жүзінен көргім келетін нәрсе - оның сабақтан риза көңілмен шаттана шығып, жанындағы достарына бүгінгі сабақты қалай түсінгендігі жайында мақтан етіп айтқан сәті. Бұл жағдайда, менің өткен сабағым өз мәресіне жетіп, нәтижелі болды деген ой түйемін, себебі сабақ нәтижесі оқушының іс-әрекетінен көрініс табады. Жалпы айтқанда, Кембридждік әдіс- тәсілдің сабақ беру барысында оқушылар мен мұғалімдерге берері зор деп есептеймін.
Жаңашыл ұстаз -заман талабы. Теориялық білімін тәжірибе жүзінде іске асыра алатын, жауапкершілігі жоғары , ізденімпаз жеке тұлға болуы тиіс. Ең жақсы мұғалім - шәкіртінің жанын түсінетін, оны өз перзентіндей сүйе алатын, оқушы үшін бойындағы барын беретін , барлық білімді жібермей, шәкіртін өздігінен білім алуға жетелейтін мұғалім.
Көреген халқымыз әр кезде де ұстаз мәртебесін жоғары бағалаған."Ұстазы жақсының -ұстамы жақсы " деп, бар жақсы ниет- тілекті ұстазға арнаған. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев: "Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады." -дейді. Әр уақытта ұстаз жоғарыда атап өткен жайлардың үдесінен шыға отырып, шәкірттеріне сапалы білім берсе, тек білім ғана емес сонымен қатар жандарын жараламай, бойындағы бар мейір- шапағатын аямай, олардың екінші ата-анасы ретінде қамқорлықтың шуағына бөлеп, білімнің асқар биік шыңына шығаруға бар күш-жігерін жұмсағанда білім беру жүйесінде "Қазақстанның болашағы - жастарымыз" үшін үлкен жетістік пен оның жемісі көрінері айқын.


Ұқсас жұмыстар
Сто анықтамасы және сабақ құрылымының ерекшелігі
Сын тұрғысынан ойлау-шыңдалған ойлау
Шығармашылық белгілер
Топ атаулары
Шығармашылығын дамыту
Өзекті бағыт
Компьютерлік талдау
Мұғалімнің шығармашылық есебі
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу
Жаңа заман, жаңа талап, жаңашыл ұстаз
Пәндер