PAINT-та суреттің үзінділерін ерекшелеу және өңдеу

Күні: Сынып : 5 «А» Пәні: информатика

Сабақтың тақырыбы : § 16 Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс

Сабақтың мақсаты : PAINT графикалық редакторы мүмкіндіктерімен танысуды жалғастыру.

Оқушылар білуі тиіс : PAINT сурет бөлігі түсінігін, бөліктермен орындалатын операцияларды, орындау тәсілдерін, мәтінді баптау мүмкіндіктерін.

Оқушылар үйренуі тиіс : суретті, сурет бөліктерін ерекшелеуді. Суретті көшіруді, жылжытуды, өлшемін өзгертуді. Жазу құралын пайдалануды. Салынған суретті ашуды.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

IV Білімі өзектендіру

Сұрақтар:

  1. PAINT графикалық редакторының қандай саймандарын біз әлі пайдаланбадық ?
  2. Бүгін біз «Ерекшелеу» сайманымен жұмыс істейміз, суретке мәтін орналастыруды үйренеміз .

V Жаңа тақрыпты түсіндіру

Суретті өзгерту үшін, алдымен оны тұтастай немесе оның қажетті бөлігін - фрагментті ерекшелеп алады.

Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманы қолданылады.

Ерекшеленген фрагменттің жан-жағында пунктирді сегіз ерекшелеу маркері бар қоршау пайда болады .

Суретті тұтастай ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелер тіркесімен пайдалануға немесе Ерекшелеу Бәрін ерекшелеу бұйрығын орындауға болады. Ерекшелеуден бас тарту үшін басқа сайманды таңдасаңдар жеткілікті.

  1. Мөлшерді өзгерту - тышқанның сілтемесін сегіз ерекшелеу маркерінің біріне апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып өзгерту.
  2. Орнын алмастыру - ерекшеленген фрагментті тышқанның сол жақ батырмасын басып жылжыту, сілтеменің түрі - .
  3. Тазалау- ерекшеленген саймақ фонның түсімен боялады.
  4. Түстерді айналдыру.
  5. Көшіру.

Қажетті бұйрықты ерекшеленген фрагменттің контекстік мәзірінен таңдауға болады.

1-тәсіл - фрагментті Ctrl пернесін басып жылжытамыз- жеке

көшірмесін аламыз. ;

2-тәсіл - фрагментті Shift пернесін басып жылжытамыз- оның ізі бар көшірмесін аламыз;

3- тәсіл - фрагментті алмасу буферіне көшіріп, қанша рет керек болса, сонша рет кірістіру. Көшірме алмасу буферінен әрқашан экранның сол жақ жоғарғы бұрышына кірістіріледі.

Ерекшелеу сайманы үшін қосымша баптау болып табылатын Мөлдір ерекшелеу сайманы да бар.

Мәтінмен жұмыс істеу

PAINT - графикалық редактор болғандықтан және мәтінмен жұмыс істеуге арналмағандықтан, суретпен бірге көбіне қысқа және ірі тақырып атаулары, жазба- белгілеулер құрылады.

Мәтін енгізу үшін, Мәтін сайманын таңдау керек. Жұмыстың бірінші кезеңі - енгізу өрісін құру. Өрістің түрі тікбұрышты ерекшелеуге ұқсас. Оның мөлшерін мәтінмен жұмыс істеу барысында өзгертуге болады. Жолақта бірден жаңа тіркеме бет- Мәтін енгізу саймандары - пайда болады.

Сендер басқа сайман таңдағанға дейін мәтіннің түрін баптауға болады :

- Әріпті және оның мөлшерін таңдау ;

- Мәтінді жуан әріппен курсивпен ерекшелеу немесе мәтіннің астын сызу ;

Мәтіннің әрбір фрагментін әртүрлі баптауға болады.

VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

VІІ Қорытынды

  1. Фрагменттің және тұтас суреттің ерекшеленулерін қандай тәсілдермен алып тастауға болады ?
  2. Ctrl немесе пернелерін басып көшірулердің бір -бірінен айырмашылығы неде ?
  3. Суреттің фрагментін кішірейту әрекеттерінің ретін сипаттаңдар.
  4. Ақ, сары, қызыл түстерге қандай түс қарама-қарсы?
  5. Фрагментті 90 градусқа бұру үшін не істеу керек ?

VІІІ Үйге тапсырма

§ 16 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру


Ұқсас жұмыстар
5-сынып: Paint графикалық редакторында суреттің үзінділерін ерекшелеу және олармен жұмыс істеу
5-сынып информатика сабағы: Суреттің үзінділерін ерекшелеп өңдеу (Paint бағдарламасы)
5-сынып информатика: суреттің үзінділерін ерекшелеу және үзінділермен жұмыс
Информатика пәні (5-сынып): суреттің үзінділерін ерекшелеу және олармен жұмыс
Paint графикалық редакторында суреттің үзінділерімен жұмыс: ерекшелеу, көшіру, жылжыту және өлшемін өзгерту
7-сынып: Графикалық ақпаратты өңдеу және Paint графикалық редакторымен жұмыс
WordPad бағдарламасында мәтінді өңдеу: мәтінді ерекшелеу, қаріп және абзац пішімдеу
Paint графикалық редакторында қазақтың ұлттық ою-өрнектерін өңдеу әдістемесі
Paint графикалық редакторында мәтін енгізу және өңдеу
3-сынып: Paint графикалық редакторында түстер палитрасы және суретті өңдеу сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz