Сабақтың түрлері құрылысы жайлы ақпарат

Күні: 3. 11. 2014 ж Пәні: Биология Сынып: 6 «А»

Пән мұғалімі: Туғанбаева Қарлығаш Лесбаевна

Сабақтың тақырыбы : Сабақтың түрлері, құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сабақтың түрлері, құрылысы туралы мәлімет беріп, түсініктерін қалыптастыру.

Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті мен еркін сөйлеу қабілетін арттыру. Шығармашылыққа баулу.

Топтағы ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Сыни тұрғыдан ойлай отырып әділ шешім қабылдауға үйрету. Ортақ бір тұжырымға келуге дағдыландыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Өзіндік ой, пікір айта білуге жетелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

2. Ойларын еркін жеткізуге, шығармашылығын арттыруға дағдыландыру.

3. Жаңа сабақ арқылы оқу білімге үндеу, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Оқыту технологиясы : Ұжымдық оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:

1. Құралдар: маркер, А1, А 3 форматты қағаз, стикер, желім, буклет, қима қағаздар

2. Көрнекіліктер: мәтіндік тапсырмалар, слайд көрсетілімдері, кесте, сурет

Пәнаралық байланыс: технология, сурет, әдебиет.

Күтілетін нәтиже: сабақтың түрлері мен құрылысын біледі және ажырата алады.

Топтық жұмысқа дағдыланады, бағалау жолдарын біледі.

Сабақ барысы:

Уақыты

Жұмыстың

түрлері

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Уақыты: 3 мин.
Жұмыстыңтүрлері:

Ұйымдастыру кезеңі

Топтасу

Мұғалімніңіс-әрекеті:

Сәлемдесу.

Түгендеу.

«Көңілді күн» әніне билете отырып, сыныпта психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.

Топқа бөлу. Шарты:3 түрлі жемістер алу арқылы топқа бөлу.

Оқушыныңіс-әрекеті:

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады.

«Көңілді күн» әніне билей отырып оқушылардың бойында сабаққа деген жағымды

психологиялық ахуал

қалыптасады.

Оқушылар 3түрлі жемістерді алу арқылы топ құрып орындарына отырады

І топ - 5, ІІ топ - 5, ІІІ топ -5

Уақыты: 5мин.
Жұмыстыңтүрлері:

Үй тапсырмасын сұрау

«Дайындал . . . Назар сал . . . Оқыңдар!» әдісі

Мұғалімніңіс-әрекеті:

Үй тапсырмасы:

Өркендер мен бүршіктер тақырыбын оқу

Топтастыру кезеңінде алған жемістердің артындағы 1, 2, 3 сандары бойынша берілген тапсырманы орындау.

  1. Өркен және бүршік құрылысын сипаттау.
  2. Бүршікті топтастыру.
  3. Кестеге бүршіктердің атауын толтыру.

(Ауызша бағалау)

Оқушыныңіс-әрекеті:

Топтастыру кезеңінде алған жемістердің артындағы 1, 2, 3 сандары бойынша берілген тапсырманы орындайды.

  1. Өркен және бүршік құрылысын сипаттайды.
  2. Бүршікті топтастырады.
  3. Кестеге бүршіктердің атауын толтырады.

Оқушылар бір-бірін қол шапалақтау арқылы марапаттайды.

Уақыты: 8мин.
Жұмыстыңтүрлері:

Үй тапсырмасын бекіту.

«Сұрақтары бар қорап»

Мұғалімніңіс-әрекеті: Арнайы қораптарға үй тапсырмасын бекітуге арналған сұрақ карточкалары салынады. Оқушылар осы карточкадағы сұрақтарға жауап беру.
Оқушыныңіс-әрекеті: Арнайы қораптардан карточкаларды алып, үй тапсырмасын бекітуге арналған сұрақтарға жауап береді.
Уақыты: 15 мин.
Жұмыстыңтүрлері:

Жаңа сабақ

Миға шабуыл

Қызығушылықты ояту

«Конструкциялау сатысы»

Мұғалімніңіс-әрекеті:

Үй тапсырмасын бекітуге арналған карточкаларды тақтаға ілу. Карточка арттарында жаңа сабақтың тақырыбын шығару.

«Өсімдіктер құрылысының өзара сөз таластыруы» ертегісін оқып беремін.

  • Балалар, өсімдікке ең қажеттісі қай мүше деп ойлайсыңдар?

Тапсырма: Қима қағаздарды таңдау арқылы тапсырманы беру.

1тапсырма - Сабақтың түрлері мен қызметін анықтау.

2 тапсырма - Қабық қызметін зерттеу.

3 тапсырма - Камбий, сүрек және өзектің атқаратын қызметтерін талдау.

Оқушыныңіс-әрекеті:

Үй тапсырмасын бекітуге арналған карточкаларды тақтаға іледі. Карточка арттарында жаңа сабақтың тақырыбы шығарады.

Оқушылар тыңдайды, қызығушылықтары оянады.

Берілген сұраққа топтаса отырып өз пікірлерін білдіреді.

Қима қағаздарды таңдау арқылы тапсырманы таңдайды.

1тапсырма - Сабақтың түрлері мен қызметін анықтайды.

2 тапсырма - Қабық қызметін зерттейді.

3 тапсырма - Камбий, сүрек және өзектің атқаратын қызметтерін талдайды.

Уақыты: 5 мин
Жұмыстыңтүрлері:

Бекіту

«Конверт сұрақ»

Мұғалімніңіс-әрекеті:

Пошта арқылы үй тапсырмасын бекітуге арналған конверт сұрақтар қабылданып алынады.

І топ

1. Сабақ қандай қызмет атқарады?

2. Камбидің қызметін ата.

ІІ топ

1. Сабақтың түрлерін ата.

2. Қабық сабақтың қай қабаты?

ІІІ топ

1. Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды сипатта.

2. Өзек қандай қызмет атқарады?

Оқушыныңіс-әрекеті: Пошта арқылы келген конверттегі сұрақтарға топта ойласа отырып, жауап береді.
Уақыты: 3 мин
Жұмыстыңтүрлері: Үй тапсырмасы
Мұғалімніңіс-әрекеті:

1. Берілген кестені толтыру.

2. Бөлме өсімдіктіктерінің сабақ түрлерін ажыратып, өсімдік атын жазыңдар.

Оқушыныңіс-әрекеті: Оқушылар күнделіктеріне түртіп алады.
Уақыты: 2 мин.
Жұмыстыңтүрлері: Бағалау
Мұғалімніңіс-әрекеті: 1-3 балл аралығында бағалау
Оқушыныңіс-әрекеті:
Уақыты: 2 мин
Жұмыстыңтүрлері:

Кері байланыс парағы

Жапырақ, гүл және көбелек суреттері таратылады.

Алма - «Түйгенім көп»

Гүл - «Көп нәрсені түсіндім»

Жапырақ - «Қосымша әлі ізденуім керек»

Мұғалімніңіс-әрекеті: Жапырақ, гүл және алма жауап жазатындарын айтамын
Оқушыныңіс-әрекеті: Оқушылар өз ойларын жазып тақтаға іледі.

Ұқсас жұмыстар
Қалқанша бездің массасы
Компьютер жадының түрлері
Информатика пәнінен оқу бағдарламасы
7 сынып орта мерзімді жоспар
Ақпараттық процестер
7 сынып "физика және астрономия - табиғат туралы ғылымдар" және "заттың құрылысы" тарауларына арналған орта мерзімді жоспарлау
Xiv ғасырларда және xv ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы хандықтар
Ақпараттың өлшем бірлігі
Қиял - ғажайып ертегілер
Деформациялық манометр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz