Мұхтар Әуезовтің Біржан сал - Абай ауылында (романнан үзінді) бойынша жаттықтыру сабағы: Абай мен Біржан бейнесін ашу

Қарағанды облысы

Шет ауданы

Кеншоқы ауылы

Нұра орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Жаңбырбаева Нургуль Кенесовна

Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында» шығармасы

(романнан үзінді)

Сабақтың мақсаты: 1. Әңгіменің мазмұнын меңгерте отырып, Абай мен Біржан бейнесін ашуға көмектесу.

2. Талдап, жинақтап, пайымдап ойлауын дамыту.

3. Әнді, өлеңді сүюге, қастерлеуге үйрету, өнерге құштар болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаттықтыру

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топтастыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру:
  1. Мазмұндату.
  2. Тірек сұрақтары:

А) Әйгерім кім?

Ә) Біржан кім?

Б) Әмір кімнің прототипі (Шәкәрім)

В) Шәкәрім қандай туыс?

3. Сын есімді теріп жаз. (Дәптерлерін тексеру)

Сабақ топтық жұмыс түрінде жүргізілді.

  1. І топ. Әйгерім образын ашу.

Тапсырма сұрақтары:

  1. Әйгерім жайлы Абай энциклопедиясынан оқы, қысқаша айтып бер.
  2. Мәтінде Әйгерімді қалай суреттеген?
  3. Әйгерім сезімталдылығын мәтіннің қай тұсынан көреміз:
  4. Әнге елтіген Әйгерім өңі қалай өзгереді?
  5. Әйгерімге ән кезегі келген тұсты тауып оқы.
  6. Әйгерім портретін қалай елестетесің? (Мәтінге сүйене)
  7. Әйгерім әнінің әсері қандай? (мәтіннен тауып оқы) .

ІІ топ. Абай образын ашу.

  1. Абайдың ән тыңдағандағы көңіл - күйі, өзгеруі.
  2. Абай әнді қалай тыңдады?
  3. Абайдың Біржанға айтқан сөзінен қандай сипатын танимыз? (Біржанды бағалауы, үлкен сыншы, кеңпейіл)
  4. Абай адам несімен қадірлі болады дейді? (Адам өнерімен қадірлі)
  5. Абайдың Әмірді Біржанға жіберуінен «Жас буын өнер үйренсін, үлгі алсын» деуінен қандай сипаты танылады? (жастарға қамқорлық, өнерге құштарлық, өнердің таралуын құптау, басқару)
  6. Әйгерім әнін қалай тыңдады?
  7. Әйгерімге байланысты эпитет сөздерді теріп жаз.
  8. Абай мен Біржанды жақындастырған не ?

ІІІ топ. Біржан бейнесін ашу.

  1. Біржан салдың портреті (мәтіннен тап)
  2. 1- орындаған әнінің аты.
  3. Әннің әсерлі орындалғанын неден аңғардың?
  4. «Жанбота» әнінің шығу тарихы.
  5. Біржан әнін үйренгендер кімдер? (Әмір, Әйгерім, Керімбала, Оралбай)
  6. Біржандар кімдерге қонақ болады?
  7. Абай сыйы не? (сары жорға ат)
  8. Абай мен Біржанды таныстырған не? (өнерді құрметтеу)
  9. Аттанар кездегі Біржан өтініші не?
  10. Қоштасарда туған ән. Оны кім үйренбекке аттанды?

Үйге: 1. Мәтіннен 3- азатжолды жаттау.

2. Типтік образ оқу, жаттау.

  1. Эпитетті, теңеулі суретті сөздерді теріп жаз.

Ұқсас жұмыстар
6-сынып әдебиеті сабағы: Біржан сал Абай ауылында (бекіту сабағы)
Сабақ жоспары (6-сынып): Біржан сал Абай ауылында әңгімесін талдау
Ашық сабақ (6-сынып, қазақ әдебиеті): М. Әуезовтің Біржан сал Абай аулында поэмасы - Біржан әнінің зор құдіреті
10-сынып қазақ әдебиеті сабағы: Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы
М. Әуезовтің Абай жолы романындағы Абай бейнесін талдау
Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығына арналған интеграцияланған сабақ
9-сынып әдебиеті: Біржан сал Қожағұлұлы шығармаларын шолу және талдау сабақ жоспары
Мұхтар Әуезов пен Абай: рухани сабақтастық және Әуезовтің қазақ әдебиетіндегі орны
10-сынып қазақ әдебиеті пәні: Біржан сал шығармашылығы - практикалық сабақ жоспары
Мұхтар Әуезовтің Абай жолы романы: жазылу тарихы мен идеялық-тақырыптық мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz