Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бастауыш сыныптарда сын тұрғысынан оқыту технологиясының маңызы. баяндама


Даулетова Дарига Мендигалиевна
№1 ЖОБМ бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда сын тұрғысынан оқыту технологиясының
маңызы»

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай
білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу
елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму
кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін
қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі
өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Соның ішінде мүмкіндігі
шектеулі оқушылардың дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз
әсерін тигізуде. Мен өзімнің іс тәжірибемде «Сын тұрғысынан ойлау
технологиясын» қолданамын.
СТО технолгиясы дегеніміз – бұл ең алдымен оқушының өз ойы. Яғни
оқушыларға өз беттерімен ойлап, әртүрлі сұрақтарға шешім қабылдауға уақыт
беру, оқу мен жазу арқылы тұлғаның дамуын жеделдету.
Екіншіден СТО технолгиясы оқушыларды сыни ойлануға жол ашады. Үшіншіден
сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану
оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың
тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды.
Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып
оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті
пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім
деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған
ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін
көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын
сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор. Жаңа білімді қабылдау, бекіту,
іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес
белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын
тұрғысынан ойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі
кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті. «Оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды» дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге
жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын
бағыт.
Әр оқушыда өзін – өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру,
соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету дамыудың ең биік шыңына жету
болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау .
СТО технолгиясы қандайда бір мәселені шешуге бағытталады.
Төртіншіден оқушылар оқи отырып, пікірталаса отырып, өз ойларын анық
жеткізуге нақты бағытталады. Келер ұрпағымыздың жеке тұлға болып қалыптасуы
және шығармашылық дамуы, сондай-ақ оқуға деген ынта жігері бастауыш сынып
сатысында қалыптаса бастайды. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту (Л.Джинка Стил, С.Куртик Мередит, Чарльз Тэмпл). Ғылымға
еңгізген. Филлердің «Бойыңда білімің бар екен, одан басқаларда өз
шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз.» – деген қағидалары қазіргі уақытта
да маңызды болып отыр. Бүгінгі таңда білім берудін озық технологияларың
меңгермейінше , сауатты әрі жан-жақты болу мүмкін емес.
Міне сондықтан да ұстаздың мақсаты міндеті осындай жақсы қасиеттерді
оқушының бойынан жоғалтып алмай,тереңінен қалыптастыру. Одан әрі жоғары
деңгейде дамыту болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында
сын тұрғысынан ойлау технологиясы екрекше орын алады. Сын тұрғысынан ойлау
технологиясы жалпы оқытуды үйретіп қана қоймай, түрлі әдіс -тәсілдер арқылы
оқуға деген ынтасы артып, өзін –өзі оқытуға деген ойы арта түседі.
.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет:
1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2.Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану.
5. Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап
ету.
6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі
оқушының:
- Сабаққа қызығушылығы артады;
- Нақты өз деңгейінде бағаланады;
- Жеке қабілеті айқындалады;
- Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
- Даму мониторингі айқын көрінеді;
Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар:
- Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
- Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?
- Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті, -деген сауалдар төңірегінде
ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:
- Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;
- Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;
- Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;
- Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;
- Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;
- Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;
- Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Менің өз іс тәжірибемде ана тілі сабағынан өткізген Серік Үсенұлының «Нағыз
байлық»деген сабағыма тоқталып өтейін.
Оқушыларды топқа әр түсті фишкалар арқылы топқа бөлу. Фишка түстес
көрсеткіші бар партаға барып отырады.
Мен бұл сабақта мынандай стратегияларды қолдандым:
1. «Болжау» стратегиясы
2. «Екі жақты күнделік» стратегиясы
3. «Топтастыру» стратегиясы
4. «Әдебиет үйірмесі»
5. «Бес жолды өлең» стратегиясы
1-ші «Болжау» стратегиясы. Оқушылардың алдына әңгімеден үзінді беру.
Яғни, оны оқушылар ары қарай жалғастырып оқиғаны немен аяқталғанын өз
ойларымен жеткізеді.
2-ші «Екі жақты күнделік» стратегиясы.
1. Мәтіннен өздеріне әсер етіп ойында қалған үзіндіні жаз.
2. Анасының сұрағына баласы не деп жауап береді деп ойлайсын, соны жаз.
3-ші «Топтастыру» стратегиясы.
Отбасы мүшелерінің бақытты екенін қалай түсіндіресіңдер?
- Анасы бақытты,өйткені..........
- Әкесі бақытты,өйткені............
-Баласы бақытты,өйткені...........

4-ші «Әдебиет үйірмесі»
• Шағын әңгіме «Менің байлығым»
.Мәтіндегі қонақтардың аттарына қарап,өзің қайсысын үйге шақырар едің?
• Мәтіннің мазмұнына сай нақыл сөз, мақал-мәтел немесе шешендік сөз жаз.
5-ші «Бес жолды өлең» стратегиясы
1.Зат есім (1 сөз)
2. Сын есім (2 сөз)
3. Етістік ( 3 сөз )
4. Қорытынды ой (4 сөз )
5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)
Топ басшыларына өз топтарындағы балаларды бағалату. Қорыта келе, сабақта
жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық
әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді.
Ізденушілігін арттырып өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын
арттырып, белсенділігі күшейеді. Егер де жаңа технология элементтерің
сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді.

Ұқсас жұмыстар
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бастауыш сынып оқушысының танымдық ойлау, өзіндік дағыдыларын жетілдіру барысында тиімділігі
Сабақ кезеңінің негізгі мақсаттары
М.м.жанпейісованың модульдік технологиясын қолдану негізінде ойын арқылы оқыту
Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары
Сын тұрғысынан ойлау-шыңдалған ойлау
Физиканы оқыту әдістері
Бастауыш сыныптардағы өзіндік жұмыстың маңызы
Дамыта оқыту технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Пәндер