Өзіңді сүю, өмірді сүю!

«Өзіңді сүю, өмірді сүю»

Ұсынылып отырған жұмыс патронаттық тәрбиедегі оқушы оқитын сыныппен жұмыс істеуге арналған. Бұл жұмыстың бағыты патронаттық тәрбиедегі оқушы мен сыныптың қарым-қатынасын жақсартуды қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс балалардың арасында өзімшілдік, кемсіту, келіспеушілік, көре алмаушылық сияқты қасиеттерден арылуға арналған. Жұмыс барысында алғашқы күннен бастап, қатысушылардың қызығушылығын қанағаттандыратын топ ережелері қабылданады.

Сабақта қолданылған диагностикалық жұмыстар оқушының өзін-өзі тануына зор ықпалын тигізеді.

Сабақтың негізгі тапсырмалары: Қатысушының жеке тұлғалық ерекшеліктері мен мінез -құлқын анықтау;

Оқушыларды шиеленіс жағдайдан шыға білуге үйрету;

Өзін -өзі іштей бақылауға және тежеуге үйрету:

Негативті импульсті шығару, жою.

Мақсаты: Жеткіншектердің өзін -өзі тануын қалыптастыру.

Керекті заттар: түрлі-түсті қарындаш, гуашь, әр қатысушыға А4 қағазы. Сабақ алдында қатысушыға өз есімдерін жазуға бейдж таратылады.

Барысы:

Жүргізуші: Бүгінгі біздің кездесуіміз әрбіреуіне қызықты әрі қажет болады деген сенімдемін. Бүгін біз бір-бірімізді тыңдауға, өз -өзімізге сенімді болуға, әрі өзімізді қорғай білуге үйренеміз.

І Сергіту жаттығуы «Мейірімді жануар» C:\Users\Социология\Desktop\P1010829.JPG

Жүргізуші: Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір бүгін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді жануар» жаттығуын ұсынамын. Шеңбер жасап бір -біріне иық тіресіп, қолдарыннан ұстандар. Жануарлар дем алады. Бір қадам алға аттап, дем аламыз, бір қадам артқа аттап, дем шығарамыз. Жануарлардың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа қадымда. Рахмет!

ІІ Жаттығу. «Ойлануға арналған балықтар»

Жүргізуші: Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреуіне «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы сөйлемі бар үлестірмені алады да, өз сөздерімен аяқтайды.

C:\Users\Социология\Desktop\фото\таныстыру\фото өзін-өзі тану\IMG_3577.JPG Үлестірмедегі сөйлемдер:

Мен мынадай адамдарға сенбеймін . . .

Мен ренжимін, егер . . .

Мен ұмытпаймын, егер. .

Маған көңілсіз, егер . . .

Егер маған дауыс көтерсе, мен. .

Мен қарсыласқанда . . .

Егер мен сенімсіз болсам, онда . . .

Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда, сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне бойтұмарлар ойлап табатын. Бүгін біз өзімізге қолдау ойлап табамыз.

ІІІ. Коллаж. «Менің таңбам»

Жүргізуші: 15 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба - негізгі қалқан болып табылған. Қалқан -қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар тарақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген. Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек. Екіншіден - өздерінді жақсы сезінетін жер (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы, т. б) Үшіншіден - ең үлкен жетістігім. Төртіншіден -сенімді үш адам. Осының бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетіңдер. Бесіншісінде -өзің туралы естігің келетін үш сөз. 15 минут уақыт беріледі. Қатысушылар қалаулары бойынша өз жұмыстарын көрсетеді.

C:\Users\Социология\Desktop\фото\таныстыру\фото өзін-өзі тану\IMG_3585.JPG

Жүргізуші: Біз дайындаған жұмыс өзімізге көмектеседі. Осыны әрқайсымыз есімізде сақтауымыз керек.

- ішін пысқан кезде өзің істей алатын жұмысты еске түсіру;

Жалғыздықты сезгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсіру.

- өз жетістіктеріңді еске түсіріп, енімді түрде тағы қандай жетістікке жете алатының туралы ойлан;

- өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;

- өзіңді нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда, қапаланған кезде рухыңды көтеру үшін өзің туралы естігің келетін үш сөзді дауыстап айт.

ІV Жаттығу: «Әрі қарай не?»

Жүргізуші: Қазір сендерге өзің туралы сөздерді дауыстап, әрі сенімді айтуды ұсынамын. Ал, басқалар айтқанда бұл сөздер қалай естіледі?

Бұл сөздерді әрбіреуін айтуларың керек. Әркім кімге айтқысы келсе, соған айтады. Бұл сөзді әр қайсыларың естулерің керек. Рақмет.

Қат C:\Users\Социология\Desktop\фото\таныстыру\фото өзін-өзі тану\IMG_3353.JPG ысушылар шеңбер бойымен өз ойларын айтады.

- Бұл сөздерді өзің айтқанда не сездің?

- Бұл сөздерді өзің біреуге айтқанда және басқа адам саған айтқанда қандай айырмашылық болды?

- Осы айтылған сөздерге лайық болу үшін не істеу керек?

Жүргізуші: Шынымен, бұл сөзді өзің туралы естігің келсе, өзіңді түсініп, жұмыс істеуің қажет. Мысалы, денсаулық туралы ойлауға болады. Тағы бір ұсыныс, уқалау, ысқылау. Бір-біріңнің соңыңнан шеңберге тұрыңдар. Алдында тұрған адамның басына қолыңды жайлап қойып, массаж жаса, иығын уқала. Енді арқаны шымшып, алақанмен сипа.


Ұқсас жұмыстар
Өмірді танып білуге құштарлық
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Г.б.бақытбергенов, «мен өзімді мақтан етемін» психотренинг
Махаббат - өмір нәрі
Нұрға бөлену
"Іңкәр көңіл, нәзік сезім"
Досқа деген махаббат
Реттік сан есімдер
Жамал мен Ғайша бейнесі
Дәйек сөз. Сабақ тақырыбы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz