Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Көңіл күй кімге және неге байланысты
Сыныптан тыс шара
(ӨҚЖ тап болған бала оқитын сыныпқа арналған)
Тақырыбы: <<Көңіл күй кімге және неге байланысты>>
Мақсаты: Ерікті бақылау дағдысын дамыту және көңіл - күйді реттеу.
Міндеттері: Адам көңіл - күйіне әсер етуші факторларды маңызды ету; өз көңіл күйіне ерікті әсер ету дағдыларын дамыту; жинақталған мәселені түсінісуге көмектесу
Қажетті құрал: Жұмсақ ойыншық, А3 қағаздың парағы, түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы.
Жүргізілу барысы
Кіріспе бөлім:Оқушыларға психологиялық тренинг орындауды ұсынады.
* Менің есімім нені білдіреді?
Мыс: Азамат - сыйлы, мейірімді.
2.Менің әуестігім: Сурет салу, ән айту, би билеу.
Оқушылар шеңбер бойынша отырады да жұмсақ ойыншықты бір - біріне беріп айтып шығады. Аталған сапаларға көңіл аударумен бірге олардың әр түрлі екендігін, бірақ алда ортақ іс күтіп тұрғанын жеткізеді.
Негізгі бөлім
right3302000Оқушылардан көңіл-күйін қай кезде нашар болған сәтті еске түсіруін сұраймын. Қалауы бойынша оқушылар жұмсақ ойыншықты бір-біріне жалғай отырып, айтып шығады. Шеңбер бойынша бір парақ қағазға әрбір қатысушы өз кезегімен қарындашты таңдап алып, әр түрлі сәттегі көңіл - күйді салады.
Мүмкін болатын сәттер:
Жасағың келмей тұрған істі орындау;
Бір адамға кемшіліктерін көрсету;
Біреудің оны әділетсіз кінәлауы;
Біреу оған берген уәдесін орындамау;
Төмен баға алу ( екілік)
Суретті тақтаға іліп, көңіл-күйдің не екенін талқылауды ұсынады. Балалар "Көңіл-күй дегеніміз - сөз тіркесін пайдалана отырып, шеңбер бойымен жауап береді."
Әрі қарай біз көңіл-күйіміз неге байланысты болатыны талқыланады. Адам көңіл-күйіне тек өмірдегі шынайы болып жатқан оқиғалар ғана емес, еске түсіру, өзін сезіну, ауа-райы әсер етеді. Адам өзінің нашар көңіл-күйін жеңе алу қажеттігі талқыланады. Қандай жағдайда мұны жасай білу қажет? Оқушылар назарын әрбір адам өмірінде өз көңіл күйін басқара алу қажеттігі туындайтынына назар аудару керек. Қалаулары бойынша өздерінің нашар көңіл-күйлерің қалай жеңетіндіктерін әңгімелеуге болады.
Мыс: жалғыз қалу, досымен кездесу, жақындарына айту, музыка тыңдау, сурет салу.
1. Тренинг "Ақ орындық және қара орындық"
Мақсаты:Қатысушының өз бойындағы жағымсыз құлықтарын біліп, түсініп, оны түзетуне және жақсы қасиеттерін дамытуына негізделеді.
Уақыты: қатысушылар санына қарай
Қатысушылар саны: 10-15 одан да көп
2286071628000Жүру барысы: Ортада екі орындық : ақ және қара. Бір оқушы шығып, әуелі ақ орындыққа отырады. Сол кезде кішкене карточкаларға басқа қатысушылар ол кісінің жақсы қасиеттерін (мінезіндегі ерекшеліктерін) жазады. Ал қара орындыққа отырғанда керісінше , жағымсыз мінез-құлықтарын жазады. Кейін корточкалар жинап алынып, алдымен жағымсыз мінез-құлықтарынан бастап оқиды.
2.Тренинг "Сыйлық "
Мақсаты: жақсы көңіл-күй тудыру, сөздік емес қарым-қатынас құралдарын пайдаланып білуге жаттықтыру.
Жүру барысы: Мимика арқылы, ымдап көршіңізге не сыйлап жатқанын түсіндіру, көршісі қандай сыйлық екенін тауып , рахмет айту керек.
3."Көңіл-күй " суреті атты жаттығу.
Адамның қарым - қатынасы оның көңіл-күйінен білінеді, көңіл-күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы. Олай болса, көңіл-күйімізді біліп алайық: тақтадағы гүлге назар аударсақ. Сендер әрбір үйдің өсіп келе жатқан гүлсіңдер.Енді осы гүлге көбелек қондыруымыз керек.. Мына қағаздан қиылған көбелекке өз көңіл-күйімізді жазып тақтадағы гүлге қондырамыз.Гүлдің бетіндегі көңіл күйлерің өте жақсы екен. Мен сабырлылықты, жылылықты, көңілдеріңнің күндей екенін көріп тұрмын.Көңілді адамдардың бет-әлпеті сұлуланып ,нұрлана түседі. Көңіл-күй адамға қанат бітіреді.
4. "Болады, болмайды" жаттығуы
Барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса - онда аяқпен топылдатады.
Мыс: Түлкі орманды кезіп жүреді - қолдарын шапалақтайды.
Қасқыр ағаш басында отыр - аяқтарын топырлатады.
Қазанда кесе қайнап жатыр - аяқтарын топырлатады.
Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр - қолдарын шапалақтайды.
Ит аспанда жүзіп келеді - аяқтарын топырлатады.
Қыз үйдің суретін салып отыр - қолдарын шапалақтайды
Есек газет оқып отыр - аяқтарын топырлатады.
Маймыл банан жеп отыр - қолдарын шапалақтайды
Раушан гүл егіп отыр - алақан шапалақтайды
Ешкі сиыр сауып отыр - аяқтарын топырлатады.
5."Өзін-өзі бағалау" (психодиагностика) Мен қандаймын?
-6286525082500Енді балалар, психология өзін тануға, бағалауға, қоғамдағы өзге адамдармен тіл табыса келе, тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Қазіргі таңда көп білу, өзіңді жақсы сезініп жүруің үшін өзіңді тыңдап үйренуің керек. Өзіңді біл, өзіңді дамыт дей отырып, "Мен қандаймын?" деген сұраққа жауап береміз. Алдарыңыздағы бланкідегі 10 жағымды қасиеттерді оқи отырып, өз - өздеріңді қалай қабылдап бағалайтындарыңды анықтайсыңдар.
Нәтижесін бағалау: иә-1ұпай, жоқ-0ұпай, білмеймін, кейде- 0,5ұпай, 10 ұпай - өте жоғары, 8-9 ұпай - жоғары, 4-7 ұпай - орташа, 2-3 ұпай- төмен, 0-1 ұпай - өте төмен
6. "Төрт апат ойыны"
Оқушыларға жер - төмен қарай, от - жоғары қарай, су - дегенде алға қарай, ауа - дегенде жанына қарай созуы керектігі түсіндіріледі. Алдымен рет-ретімен орындап, содан - соң шатастырылып айтылады.
7. Таным процестері ( психодиагностика)
1.Енді балалар, мына суретке мұқият қарап алыңдар. Естеріңе сақтап алдарыңдағы параққа жазыңдар. Көріп есте сақтау қажет. Жазып болдыңдар ма?
2. Жазып болсаңдар келесі тапсырмаға көшейік. Мен 12 сөз оқимын тыңдап естеріңде сақтағандарыңды жазасыңдар. Мұқият тыңдап содан соң жазу керек. Есте сақтауға.
Терезе, есік, қалам, қарындаш, қайық, кеме, гүл, ағаш, қасқыр , аю, аспан, бұлт.
3.Қиялының дамуын зерттеу. Үш сөз беріп ( Аю, қалам, балық) осы сөздерден бір сөйлем құрау керек. Аю қаламмен балық аулады.
Ертегінің модолі
Баланың зейінін анықтау , ұқыптылыққа, тәртіпке тәрбиелеу.
* Енді ,балалар, ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? Онда жақсылап тыңдаңдар.
"Айдың беті неге қара?" ертегі айтылады ( автордікі)
"Айдың беті неге қара?"
( Перизат немерем "Айдың беті неге қара"деп сұрағанда айтқан ертегім)
Оның атасы мен апасы ,әкесі, анасы және кішкентай бөпесі бар екен. Үйде жеңіл жұмыстарға көмектеседі. Ертеңгісін апасы "тұра ғой"десе, тез тұрмайды. Біраздан соң, тұрса да тез киінбейді.
Бір күні немересі мектепте мұғалімнің сөзін тыңдамай қойыпты. Мектепке келген апасына: " Сіздің немереңіз бүгін аздап тәртіпсіздік жасады"- дейді. Үйге келген соң апасы ауырып қалады. Сол кешке немересі жуынбай ұйықтап қалады да, түс көреді....
Түсінде басқа үйде жатыр екен. Жан-жағына қараса, өз бөлмесіне ұқсамайды.Қасында бөтен қыздар мен балалар, киімдері кір, шаштары таралмаған, сағыз шайнап жүр.Сонда ол қасындағы қыздардан: " Біз қайда жүрміз?" деп сұрайды. Олар " Біз үстімізді былғап, көп балмұздақ жеп, сағыз шайнап,апайды тыңдамағанымыз үшін бізді түнде ұйықтағанда Ай апа көтеріп алып, өз үйіне жатқызады" дейді.Осы кезде ай апа келіп:
"Балалар сендер тәртіпті болып, таза жүрсеңдер, үйге көмектессеңдер мен сендерді үйлеріңе жіберемін дейді.Содан қыздар мен балалар шаштарын тарап, қолдарын сабынмен жуып, Ай апаға көмектеседі, ән айтып,өлең оқып, би билеп береді.Риза болған Ай апа әрқайсысына бір-бір жұлдыздан сыйлайды.Ертеңгісін немересі дәмді тамақтың, бауырсақтың,піскен сүттің тәтті иісінен оянып, көзін ашса, өз бөлмесінде жатыр екен.Қуанғаннан тез тұрып, шашын тарап, дастарханға келіп апасының мойынынан құшақтайды. Бетінен сүйіп, кешірім сұрайды. Мектептен алған жұлдызын апасына әкеліп береді. Балалар, кешке айға қарасаңдар беті қара болып көрінеді. Себебі, онда тәртіп бұзған балалар жүреді. Кейде жіңішке болады, онда балалардың тәртібіне риза болған Ай апай риза болып күліп тұрады.
Біткен соң: - Ертегі ұнады ма?
* Иә
Сабақтың рефлексі: Сабақта, ойында, ертегідегі, мұғалім басшылығымен талдауды үйрене білу, түрлі сұрақтар қойып, оларға жауап алу, жай сөйлем айта білу, жүйелі әрекетті белгілеу, нәтижесін тексеру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz