Мақал-мәтел - халық тұжырымы: сабақ жоспары мен оқыту әдістері

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтел-халық тұжырымы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Мақал-мәтелдердің сан ғасырлық халықтық мұра екендігін, ел өміріндегі маңызын меңгерту;

2. Дамытушылық: Шығармашылық ойлау қабілетін, сыни ойлауын дамыту, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: «Кең ауқымды дәріс», «Синкуейн», «Кубизм», «Эссе»

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер жинағы

Сабақтың барысы :

І. Қызығушылықты ояту.

«Синкуейн» әдісі.

Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам:синкуейн жазу үшін негізгі тақырыпты анықтау - 5 жол өлең(көбіне сабақ тақырыбы алынады)

2-қадам:синкуейннің алгоритмі жазуға беріледі:

Бірінші жол - тақырыптың атауы (әдетте зат есім алынады)

Екінші жол - тақырыпты сипаттайтын екі сөз(әдетте сын есім алынады)

Үшінші жол - тақырып туралы қимылды білдіретін 3 сөз (әдетте етістік алынады)

Төртінші жол - тақырыпқа қатысты 4 сөзден тұратын сөз орамы

Бесінші жол - 1 сөз - тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.

3-қадам:үйренген синкуейнді дәптерге жазып алу. Мысалы:

Үздік синкуейн:

Тақырыптың аты: Мақал-мәтел

Сипаты: тұжырымды, ойлы

Қимылы: айтамыз, нақтылаймыз, түйіндейміз.

Нақыл сөз: Тоқсан сөздің тобықтай түйіні

Синоним сөз: нақыл

4-қадам:қызығып оқиды, жұпта және топта талқылайды.

5-қадам:ең үздік синкуейн (топтардың пікірі бойынша) класта оқылады.

ІІ. Мағынаны тану.

«Кең ауқымды» дәріс әдісі бойынша жаңа сабақты меңгерту.

ІІІ. Рефлексия.

1. «Кубизм» әдісі.

Кубиктің көмегімен төмендегі тапсырмаларға жауап беру.

Ұсынылатын тақырып:мақал-мәтелдер

1. Суреттеңіз. (түсі, пішіні, өлшемі)

2. Салыстырыңыз (неге ұқсайды, неге ұқсамайды)

3. Байланыстарыңыз ( тура елестетіңіз)

4. Талқылаңыз. (Неден тұрады? Неден жасалған? Не үшін?)

5. Қолданыңыз (бұнымен не жасауға болады)

6. Дәлелдеңіз («Ия, «жоқ» деп алыңыз да, дәлелдеңіз, бұл жақсы ма, жаман ба?)

2. Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.

Мақал - мәтелдер
Тақырыптары
№: 1
Мақал - мәтелдер: Денсаулық - зор байлық
Тақырыптары: . . .
№: 2
Мақал - мәтелдер: . . .
Тақырыптары: Өнер - білім
№: 3
Мақал - мәтелдер: Досы көпті жау алмайды, . . .
Тақырыптары: . . .
№: 4
Мақал - мәтелдер: . . .
Тақырыптары: Еңбек
№: 5
Мақал - мәтелдер: Ата көрген оқ жонар, . . .
Тақырыптары: . . .
№: 6
Мақал - мәтелдер: . . .
Тақырыптары: Ынтымақ, бірлік
№: 7
Мақал - мәтелдер: Ерді намыс өлтіреді, . . .
Тақырыптары: . . .

ІV. Үйге тапсырма.

«Эссе» әдісі

Мақал-мәтел - халық тұжырымы.

V. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Мақал-мәтел мен жұмбақтар сайысы: 5-6 сыныптарға арналған сабақ жоспары
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ: мақал-мәтел мен жұмбақтар негізіндегі интеллектуалды сайыс сабақ жоспары
Мақал-мәтел - сөз мәйегі: мектептік сайыс сценарийі мен өткізу жоспары
Мың бір мақал: мақал-мәтел арқылы тілдік және шығармашылық қабілеттерді дамыту
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ: 5 А сыныпқа арналған мақал-мәтел сайысы
1001 мақал 101 жұмбақ: мақал-мәтел мен жұмбақ арқылы ана тілі дағдыларын дамытуға арналған сайыс сабағы
Мақал-мәтелдер - халық даналығы: 6-сынып қазақ әдебиеті сабағы
Тіл - асыл қазынам: мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ және шешендік сөздер сайысы
Әкем, шешем және мен: мақал-мәтел арқылы отбасылық сайыс және ұлттық салт-дәстүрді насихаттау
Атамекен бағдарламасы Толғау бағыты бойынша Сөз мәйегі - мақал-мәтел сайысын өткізу жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz