Әліппе пәні. о дыбысы мен әрпі. қмж, 1 сынып

№1 Қысқа мерзімді сабақ жоспары

«Тасарал негізгі орта мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Аймаганбетова Эльвира Мейрамовна

Сыныбы:1

Өткізілетін күні: 07. 10. 2014ж.

Пәні: Әліппе

Тақырыбы: «О» дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.

Міндеттері: -О дыбысы және оның әріп таңбасын білу.

-О дыбысы сөздің басында, ортасында, келетінін түсіну.

-О дыбысы бар сөздерді талдау арқылы, жүйелі ойлауға, сөйлеуге үйрену;

- Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға үйрену.

Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғадан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Стратегиялар: «Жүректен-жүрекке», «Геометриялық фигура», «Миға шабуыл», «Ой қозғау», «Постер» стратегиясы, «Ойлан, талқыла», «Вен диаграмасы», «Позитивті доп»

Уақыты

Кезеңдер

Мазмұны
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
УақытыКезеңдер:

Кіріспе

2 минут

Тұсау кесер

2 минут

1 минут

3 минут

5 минут

Мазмұны:

«Жүректен-жүрекке» с ыныпта позитивті атмосфера қалыптастыру

«Көңілді күн» жаттығуы

Күлімдеп көкте күн,

Қарайды маған да.

Күлімдеп көкте күн,

Қарайды саған да.

Күлімдеп көкте күн,

Қарайды маған да,

Саған да, оған да.

Топқа бөліну.

«Геометриялық фигураларды» пайдалана отырып сынып 2 топқа бөлінеді,

Сынып ұстанымы еске түсіріледі.

Сыныптың білім деңгейін анықтау.

«Миға шабуыл» стратегиясы

- Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Әріп деп нені айтамыз
- Әріптерді не істейміз?

- Ал дыбысты ше?

Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос.
Алмұрт - А, шар - Ш, піл - П, радио - Р, нан - Н, уық - У, лақ - Л, тарақ - Т, йогурт - Й, ғарышкер - Ғ

Мұғалім іс-әрекеті:

Оқушылармен сәлемдеседі, қызығушылықты ояту үшін шаттық шеңберін құрып, барлығына сәттілік тілейді. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін «Жүректен-жүрекке» жаттығу орындалады.

Оқушылардың топқа бөлуінуіне басшылық жасау, бағыттау.

Топ ұстанымын оқушылардың естеріне салады.

Оқушылардың назарын экранға аударып, сұрақтар оқу.

Суреттер арқылы сөйлету. (метатануға жетелеу)

Оқушының іс-әрекеті:

Шаттық шеңберін құрады, жаттығуларды орындайды.

Түрлі-түсті геометриялық фигуралар бойынша топтарға бөлінеді. Топқа ат қояды, топ басшысын, таймкиперді, бағалаушыны, бақылаушыны анықталады.

Еске түсіреді.

Сұрақтарды оқидыі, өз ойларын білдіріп, сұрақтарға жауап береді.

Суреттерге қарап атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын айтады.

Бағалау:

«Бас бармақ»

«Тамаша!», «Керемет».

«Өте жақсы!», «Жарайсың!»

Ресурстар:

Геометриялық фигуралар, А4 қағаз, маркер.

Топ ұстанымы

флипчарт, маркер

УақытыКезеңдер:

Негізгі бөлім
5 минут

5 минут

2 минут

  1. инут
Мазмұны:

"Ой қозғау» әдісі.

Оқушыларға суреттер көрсетіледі, сол суреттерде қай дыбыс көп, арасынан О дыбысы бар суреттерді табу, оны талдау

  1. Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға өз беттерімен оқулықтағы суреттерді талдату. Содан соң, әр топқа тізбектеп оқиды.

Дәптермен жұмыс: дәптерлеріне О әрпін жазу.

  1. Сергіту сәті
  2. «Постер» стратегиясы.

1-топ О әрпі сөздің басында келетін сөздерді жазады, 2-топ О әрпі сөздің ортасында келетін сөздерді жазып өзара талдап, постерге жазып, қорғау.

Мұғалім іс-әрекеті:

Оқушылардың назарын суреттерге аударып, сұрақтар қояды. Сол арқылы жадыны қозғап, көз алдарына елестетуді ұсынады.

Сурет бойынша жұмыс жасауды түсіндіреді. Сөздерді оқытады.

Топтық жұмысқа бағыттып, тапсырмаға байланысты нұсқаулық беру. Оқушылардың іс-әрекетін бақылау.

Оқушының іс-әрекеті:

Суреттерге қарап жауап береді.

Өткен әріптердің ішінен таныс емес әріпті табады, пікірлерін ортаға салып, ой бөліседі.

Сурет бойынша жұмыс жасайды. Сөздерді оқиды.

Тапсырмаға байланысты жұмыс жасайды.

Бағалау:

«Супер!», «Өте жақсы!»

Әр түрлі стакандар тарату.

Ресурстар:

Проектор

Музыка, түрлі-түсті қағаздар, желім, маркер,

УақытыКезеңдер:

Қорытынды

3 минут

5 минут

2 минут

Мазмұны:
  1. Сабақты бекіту «Вен диаграмасы» стратегиясы

Өткен Й әрпі мен жаңа О әрпін салыстыру.

«Позитивті доп»

  • Бүгінгі сабақта қандай әріппен таныстық?
  • Әріп туралы

Ұқсас жұмыстар
К дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
"әә дыбысы мен әрпі". 1-сынып. сауат ашу
Ө ө дыбысы мен әріпі
Өө дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі туралы
Ұұ дыбысы мен әрпі
Бір сөйлемді сөздерге талдау
З з дыбысы және әріпі
Ө дыбысы мен әріпі. 1 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz