Сабақ жоспары :: Математика
Файл қосу
Жаңа ізденіс – жаңа бағытқа жетудің кепілі
ЖАҢА ІЗДЕНІС – ЖАҢА БАҒЫТҚА ЖЕТУДІҢ КЕПІЛІ
[pic]
Қалжанов Бауыржан Аманбекұлы
№34 Ә.Бердаулетов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Қазіргі уақытта біз Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру курсының бағдарламасын оқып, үйренгеннен кейін, орта
білім беру жүйесіндегі бұрынғы дәстүрлі оқыту шеңберінен шыға отырып,
бағдарламаның жаңа идеялары, жаңа әдіс-тәсілді қолданып, жаңаша сабаққа
көшіп жатырмыз. Сабақтардағы жаңа технологиялық элементтерін пайдалану,
қолдану барысында оқушылар саналы түрде сыни тұрғыдан ойлану, нақты
тұжырымдама жасау, өз пікірін, ойын еркін жеткізу, басқаның пікіріне
сыни көзқараспен қарау, құрметтеу, бір-біріне үйрету, оқыту секілді
қабілеттері дамиды. Оқушылар арасындағы қарым-қатынас, ынтымақтастық
атмосферасы нығая түседі.
Сабақ барысында оқушылар жаңа, тың тапсырмалардың мазмұны мен мән-
мағынасын, негізгі идеяларын өз бетінше игеруіне, меңгеруіне, жұмыс жасау
дағдыларын қалыптастыруын, жұптарда және топтарда өзара бағалау, өзін-өзі
бағалай алуын талап етеді. Жеке, жұптық, топтық іс-әрекеттерде
белсенділіктерін таныта отырып, сабақ үдерісінде оқушылардың өздері
қатысуын қамту қажет және өздерінің оқулары үшін жауапты екенін
сезіндіру керек.
Әрбір сабағыма жоспар құру кезінде бағдарламаның бірінші және екінші
«Бетпе-бет» кезеңінде өтілген материалды, апталық «Талқылауға арналған
тапсырмаларды» қайтадан қарап шығуыма тура келді. Ондағы мақсатым оқудағы
кедергілерді қалай жоюға, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыруға, оқушыларды оқуға қалай ынталандыруға және табысты оқытуды
қалай жүзеге асыруға болатындығы туралы мән-мәтінді оқып, ойымда қайта
жаңғырту болатын. Бұл мәліметтерді тиімді қолдана отырып, мен сабағымның
нақтылыққа негізделуін, сабақта барлық оқушылардың қамтылуын қамтамасыз ету
үшін «Сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасында
айтылғандай жаңа тәсілдерді тиімді қолданғанда ғана нәтижесі зор екенін
түсіндім.
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасын оқып келгеннен кейінгі
алғашқы сабақтарымның бірі 5-сынып математика пәнінен «Формулалар»
тақырыбында жаңа білімді меңгерту сабағында ұзындық, көлем, аудан өлшем
бірліктер бойынша оқушыларды үш топқа бөлдім. Сабағымда топ мүшелерінің
міндеттерді өздеріне айқындауына мүмкіндік бердім. Топ басшысы оқушылардың
талқылауы арқылы сайланды. Оқушыларға бірлесіп, топтық жұмыс жасайтындығы
ескертілді.
Жаңа сабақтың тақырыбын айқындау мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясын
пайдалана отырып, тапсырма бердім. Оқушыларға геометриялық модельдер беру
арқылы «Тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері (ұзындығы, биіктігі, ені)
неше сантиметр?», «Тік бұрышты параллелепипедтің неше қыры, неше төбесі
бар?», «Кубтың неше жағы бар? Кубтың жағы қандай фигура?»,-деп топтарға
сұрақ қойғанымда, топтарда әңгімелесудің «Әңгіме-дебат» түрі өрбіді.
Оқушылар топтаса отырып, фигураның қыры мен төбесін санау жұмыстарын
жүргізді. Бұл тапсырмада орындауда фигураның қыры мен төбесін шатастырып,
олар бір-бірінің пікіріне келісе алмай әрқайсысы шешімдерін айтумен болды.
Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу
және қайта бағыттау сияқты техникаларын пайдалана отырып, жаңа сабақтың
тақырыбы «Формулалар» екені айқындалды. Оқушылардың сұраққа жауап беруін
«Бағдаршам» арқылы бағалау жүргізілді.
Оқушыларға «Қар үйіндісі» әдісі арқылы тік бұрышты параллелепипед
тәріздес шыны ыдыстың ішіндегі судың көлемін табуға тапсырма берілді.
Өздерін реттеу арқылы пікірлесіп, нәтижелі шешімге келді. Өздігінен
реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады:
тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы;
оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы,
проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.
Осы тұжырымға сәйкес оқушылардың бойынан өзін – өзі реттеу көрнісін
байқадым. Бұл тапсырманы орындау барысында «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне
сәйкес оқыту және оқу» модуліндегі жады жұмысы көрінді. Яғни, «жұмыс
жадысы» арқылы ұзақ мерзімді жадының дамуына жағдай жасадым. Тік бұрышты
параллелепипед тәріздес шыны ыдыстың ішіндегі судың көлемін табу арқылы
ұзақ мерзімді жадының үш айқын компонентінің бірі эпизодтық жадысы дамыды.
Суреттік жадының мәнінің эпизодтық жадыда шектеулері болуына қарамастан ол
адамның ұзақ мерзімді жадысының маңызды аспектісі болып табылады. Көзбен
шолу арқылы ақпаратты қабылдап, шыны ішіндегі судың көлемін есептей білді
және есте сақтауына өте зор әсерін тигізді.
Алған білімдерін жинақтау мақсатында геометриялық фигураларды
пайдаланып, формулалар арқылы есептеу жүргізуге тапсырма берілген болатын.
Бұл тапсырманы орындау кезінде Мерсердің зерттеуіне сәйкес, оқуда
қолданылатын әңгімелесудің зерттеушілік түрі байқалды. Көптеген
талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің
айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты
талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. Сабақ
барысында әңгімелесудің зерттеушілік кезеңі басым болған жағдайда
диалогтік оқыту орнайды. Себебі, оқушылар топ ішінде талқылауға арналған
сұрақтары бойынша жұмыс жасап, оқушылар бірге ойланып, сол тапсырманы
шешуге арналған ой-пікірлер айтылып талқыланады. Бұл оқушылардың өз
ойын еркін жеткізуіне ықпал жасайды, сабаққа қызығушылығы оянады, топтағы
қатысушылар келісімге жетуге тырысады. Көп жағдайда сыныптағы талқылау
мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде қалып қояды. Сұрақ қою
маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі, сұрақ дұрыс қойылған
жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және оқушылардың оқуына
қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сұрақты оқушылардың
білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Оқушылардың
мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне қарай сұрақтарды саралауға болады.
Тапсырманы бағалауда формативті бағалаудың екінші стратегиясын
басшылыққа ала отырып, өзге топтың жұмысын бағалау үшін «Екі жұлдыз, бір
ұсыныс» айтылды. Сабақ барысында оқушылардың пікірін назарға алу қажет
екенін білдім.
Мектептерде «Оқушы үніне» көңіл бөлуге баса назар аударылып келеді. Джин
Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылармен пікірлесудің
мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін
түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін
жазады.
Сабақты қорытындылау үшін «Блум таксономиясы» негізінде тапсырма
дайындадым. Тексеру нәтижесінде сыныптағы 12 оқушының «Білу» және «Түсіну»
деңгейіне 2 оқушы, «Қолдану», «Талдау» деңгейіне 4 оқушы, «Жинақтау»
деңгейіне 3 оқушы, «Бағалау» деңгейіне 2 оқушының жеткендігі анықталды.
«Блум таксономиясы» негізінде тапсырма орындау кезінде оқушылардың өз-
өздерін бағалай алуы арқасында, өздерінің оқуын қалай жақсартуға
болатынын түсінеді. Өзін-өзі реттеудің когнитивті, әлеуметтік
аспектілеріне "Мен" тұжырымдамасы нәтижесінде шеберлікке ұмтылатын
құзыреттіліктің белсенді компонентін қалыптастыра отырып, өзгелердің
пікірімен кез-келген уақытта санасатын, жаңа ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды жетік меңгерген, нәтижеге бағытталған тұлға қалыптасады
десек, өз сабақтарымның барысында осындай тұлғаны қалыптастыруға
болатындығына көзімді анық жеткіздім.
Менің алдағы мақсатым - оқушылармен тиімді диалог жүргізу әдістерін
меңгеру, бір-бірімен еркін пікір алмасатын, өз ойын жинақтауға
дағдыланған, іс-әрекеттері жүйелі, бағыттары айқын тұлға тәрбиелеу.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер оқушылар білімінің сапалы болуына көп
септігін тигізеді. Олар өздері қалыптастырған білім арқылы үлкен
нәтижелерге жетеді деп ойлаймын.
Менің түйгенім, қай кезеңде де жаңалықты енгізу оңай емес. Ол
бірден жүзеге аспайды. Біз сол жаңашылдықты, өзгерісті енгізуге деген
алғашқы қадамызды жасадық. Әрине, бұл қадам да нәтижесін бірден өз
дәрежесінде көрсете алмауы қалыпты жағдай деп ойлаймын. Ең басты,
біздің осы бастамаларымыз әрі қарай жалғасын табу керек. Ол үшін
әрбір мұғалімде Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» атаған қасиеттер болған
жағдайда ғана сапалы оқыту жақсы нәтижеге жетеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz