2-сынып музыка сабағы: Концерт залына саяхат

Сабақтың жоспары
Пән: Музыка
Сынып: 2
Күні: 12. 01. 15
Сағат саны: 1
Сабақтың тақырыбы: Концерт залына саяхат
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Концерт залымен танысу және концерт залы жайлы оқып білу
Дамытушылық: Ойлау, ақыл ойын арттырып, музыкаға деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Музыка арқылы сыпайы, онерлі болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: Әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: сурет, домбыра
Сабақтың барысы:
1Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатын нұсқау
г) Үй тапсырмасын сұрау
2. Жаңа тақырыпты меңгеру: Театр және концерт залына барып көрдіңбе?
Театр мен концерт залдары - қаладағы ең сәулетті ғимараттардың бірі. Егер сен театрға барар болсаң, оған мұхият дайындалуың қажет болады.
Театрдың өзіне тән бірнеше ережесі бар.
Бірінші ереже: Кешікпей келу керек. Гардеробқа сырт киіміңді шешіп қоясың. Өйткені театрда сырт киммен жүруге қатаң тыйым салынған.
Екінші ереже: Өте сыпайы болу керек. Егер театрға уақытынан кешігіп қалсаң, орныңды іздеп, көрерменді мазаламағаның дұрыс болады. Ең дұрысы, бос орындардың біріне немесе балконға жайғасып отырғаның жөн.
Үшінші ереже: Шулауға болмайды. Театрға кіргенде ұялы телефонды сөндіріп қою қажет.
Спектакль немесе концерт өтіп жатқанда сусын ішіп, балмұздақ жеуге болмайды. Бұл үлкен әдепсіздік болып саналады.
Төртінші ереже: Әртістер мен музыканттар сахынадан кеткенше күту керек. Көрермендер қол шапалақтап, алғыстарын білдіреді. Сонан соң залдан шыққан жөн.
Театрға алғаш барған күнің сен үшін ұмытылмастай үлкен мерекеге айналсын!
Музыка тыңдайық: Ж. Бизенің «Кармен»операсынан үзінді.
Сабақты қорытындылау: Сұрақ-жауап
-Театр мен концерт залдарына барғанда өзіңді қалай қстауың керек?
-Теартға барудың қандай ережелерін білесің?
-Театрға барып көрдіңбе?
-Қандай театрлар білесің?
Үй тапсырмасы: Концерт залына саяхат тақырыбын оқу мазмұнын айту. Қазақстанда қандай театрлар бар ізденіп біліп келу.