Сабақ жоспары :: Психология
Файл қосу
« менің отбасым – сыйластық, жарастық орнаған ортам» атты 8 сынып ата-аналар үшін семинар-тренинг
Мортық орта мектебі
<< Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам >> атты ата-аналар үшін семинар-тренинг
Өткізген: Айтжанова А.Х.
2014-2015 о.ж.
Тақырыбы: << Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам >>
Мақсаты:
ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Қажетті нәрселер: ақ қағаздар (А4) фломастерлер, карточкалар, тілек жазылған карточкалар, шар.
Барысы:
Сынып жетекшісі :
Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол,тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
- Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке-шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата-ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет-өзіңіз, екінші рет балаңыз, ал үшінші рет - немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі сабағымызға қатысып отырған ата-аларға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпін!
I-жаттығу .Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
Көңілді допты бір-бірлеріне беріп өз есімдерін айту.
- Есіміңіз кім?
- Қандай мағына береді?
- Есіміңізді кім қойды?
- Өз есіміңіз өзіңізге ұнай ма?
- Есіміңізді өзгерткіңіз келе ме?
ІІ- жаттығу. Геометриялық фигураны таңдау
ІІІ Жаттығу .<<Өз жұлдызыңызды табыңыз>>
Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.
а) ата ана алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап алады
ә) жұлдыздарға болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестетінін жазады.
б) тақтаға іледі
VI.Ата-аналарға сауалнама
1.Балаңыздың ең жақсы көретін түсі
2. Жақсы көретін мерекесі
3.Сүйікті тәтті тағамы
4.Сүйікті мульфильмі /киносы
5.Ең сүйікті тағамы /ыстық тамағы/
6.Ең жақсы көретін пәні
7.Ең жақын досының аты
Балаларыңызбен сәйкес келеді ме тексеріп көрейік. / оқуш-дың алдын ала жасалынған сауалнамасы ата-аналарға таратылады/
V. Диаграмма құрастыру.
Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз
Нұсқау: Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп, оқушының, ата-ананың бір күндік диаграммасын құру./ неше сағат бөлінеді/
1. Ұйқыға
2. Мектепке
3. Отбасымен қарым-қатынасқа
4. Үйірмеге
5. Достарына
6. Үй шаруасына
7. Жалғыз болуға
Диаграмманы қорытындылау
VІ . <<Сиқырлы қарындаш>> жаттығуы.
Шарларға бала тәрбиесі жайлы жағдаяттар жазылып ішіне салынады.Сиқырлы таяқшаны бір-біріңе ұсына отырып, шарларды сиқырлы қарындашпен кезекпен жарып, ішіндегі жағдаяттарды оқып, ата-аналар бірлесіп шешеді.
1-Жағдаят.
Анасы күйеуімен 2 жыл бұрын азаматтық некеге тұрады. 12 жасар Оля есімді қызы үшін ол- өгей әке.3 айдан кейін олар сәбилі болады. Анасы сынып жиналысына келіп, қызының оқуы нашарлап кеткенін біледі. Сынып жетекшіге анасы қызының соңғы уақытта қатты өзгеріп, үйден кетіп қалу, қатты сөз айту, көмектеспейтіндігі жайында шағым жасады. Інілі болу мен өгей әкелі болуға Оляны қалай дайындадыңыз деген сынып жетекшінің сұрағына анасы : <<Оляның еш қатысы жоқ>>-деп жауап берді.
-берілген жағдаяттағы ананың мінезін сапалы бағалау;
-ана тарапынан жіберліген қатені саралаңыз.
Өз тарапыңыздан дұрыс шешім қабылдаңыз.
2-Жағдаят.
Көп балалы отбасында 4 бала, кішісі 1 жаста, үлкені 9 жаста. Әкесі 2 жұмыста істейді, аналары жұмыссыз. 9 жастағы Настя мектептен бірнеше күн бойы жылап келеді. Сыныптас оқушылары оны киім киісі мен ұялы телефонының жоқтығын байланысты <<Бейшара>> деп жәбірлеген. Ол таза киінсе де, киімдері ескі болатын.Надя мектепке барғысы келмейтінін айтты. Анасы мектепке келіп, сынып жетекшісіне қызының жәбірлеушілерімен сөйлесуін талап етті.
- Сіздің ойыңызша сынып жетекшісінің сауатты іс-әрекеті қандай болмақ?
- Осы жағдайдан шығу жолдарын көрсетіңіз.
- Осындағы баланың тұлғалық ерекшелігі қандай деңгейде және қалай шешер едіңіз
3-Жағдаят
Бастауыш сыныпта оқитын баланың анасы, мектепке үнемі баласының бағасына көңілі толмайтындығын айтып мұғалімге келеді.Баланың танымдық қабілеті дамыған . Бірақ, сынып жұмыстарында қате жібереді. Оқуы бірқалыпты. Анасы баланың <<үздік>> болғанын қалайды.
- Сіздің ойыңызша сынып жетекшісінің сауатты іс-әректі қандай болмақ?
- Осы жағдайдан шығу жолдарын көрсетіңіз.
- Осындағы баланың тұлғалық ерекшелігі қандай деңгейде және қалай
шешер едіңіз
VII.Оқушылардың ең жақсы <<Менің отбасым>> атты шығармаларын ата-аналарға оқу.
VІІІ. Қорытындылау.
<<Тілек шамы>>.
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
<<Міне, қоштасатын да сәт жетті. ата-аналар.Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. <<Отбасы>> атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін <<Тілек шамы>> жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Ата-аналарға сауалнама
1.Балаңыздың ең жақсы көретін түсі
2. Жақсы көретін мерекесі
3.Сүйікті тәтті тағамы
4.Сүйікті мульфильмі /киносы
5.Ең сүйікті тағамы /ыстық тамағы/
6.Ең жақсы көретін пәні
7.Ең жақын досының аты
Ата-аналарға сауалнама
1.Балаңыздың ең жақсы көретін түсі
2. Жақсы көретін мерекесі
3.Сүйікті тәтті тағамы
4.Сүйікті мульфильмі /киносы
5.Ең сүйікті тағамы /ыстық тамағы/
6.Ең жақсы көретін пәні
7.Ең жақын досының аты
Ата-аналарға сауалнама
1.Балаңыздың ең жақсы көретін түсі
2. Жақсы көретін мерекесі
3.Сүйікті тәтті тағамы
4.Сүйікті мульфильмі /киносы
5.Ең сүйікті тағамы /ыстық тамағы/
6.Ең жақсы көретін пәні
7.Ең жақын досының аты
Ата-аналарға сауалнама
1.Балаңыздың ең жақсы көретін түсі
2. Жақсы көретін мерекесі
3.Сүйікті тәтті тағамы
4.Сүйікті мульфильмі /киносы
5.Ең сүйікті тағамы /ыстық тамағы/
6.Ең жақсы көретін пәні
7.Ең жақын досының аты
1-Жағдаят.
Анасы күйеуімен 2 жыл бұрын азаматтық некеге тұрады. 12 жасар Оля есімді қызы үшін ол- өгей әке.3 айдан кейін олар сәбилі болады. Анасы сынып жиналысына келіп, қызының оқуы нашарлап кеткенін біледі. Сынып жетекшіге анасы қызының соңғы уақытта қатты өзгеріп, үйден кетіп қалу, қатты сөз айту, көмектеспейтіндігі жайында шағым жасады. Інілі болу мен өгей әкелі болуға Оляны қалай дайындадыңыз деген сынып жетекшінің сұрағына анасы : <<Оляның еш қатысы жоқ>>-деп жауап берді.
-берілген жағдаяттағы ананың мінезін сапалы бағалау;
-ана тарапынан жіберліген қатені саралаңыз.
Өз тарапыңыздан дұрыс шешім қабылдаңыз.
2-Жағдаят.
Көп балалы отбасында 4 бала, кішісі 1 жаста, үлкені 9 жаста. Әкесі 2 жұмыста істейді, аналары жұмыссыз. 9 жастағы Настя мектептен бірнеше күн бойы жылап келеді. Сыныптас оқушылары оны киім киісі мен ұялы телефонының жоқтығын байланысты <<Бейшара>> деп жәбірлеген. Ол таза киінсе де, киімдері ескі болатын.Надя мектепке барғысы келмейтінін айтты. Анасы мектепке келіп, сынып жетекшісіне қызының жәбірлеушілерімен сөйлесуін талап етті.
- Сіздің ойыңызша сынып жетекшісінің сауатты іс-әрекеті қандай болмақ?
- Осы жағдайдан шығу жолдарын көрсетіңіз.
- Осындағы баланың тұлғалық ерекшелігі қандай деңгейде және қалай шешер едіңіз
3-Жағдаят
Бастауыш сыныпта оқитын баланың анасы, мектепке үнемі баласының бағасына көңілі толмайтындығын айтып мұғалімге келеді.Баланың танымдық қабілеті дамыған . Бірақ, сынып жұмыстарында қате жібереді. Оқуы бірқалыпты. Анасы баланың <<үздік>> болғанын қалайды.
- Сіздің ойыңызша сынып жетекшісінің сауатты іс-әректі қандай болмақ?
- Осы жағдайдан шығу жолдарын көрсетіңіз.
- Осындағы баланың тұлғалық ерекшелігі қандай деңгейде және қалай
шешер едіңіз
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz