Тізбек бөлігі үшін Ом заңы, электр кедергісі және өткізгіштің меншікті кедергісі

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылы

Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебі физика пәнінің мұғалімі

Айтжанова Бағила Бердешовна.

Тақырыбы:Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Электр кедергісі.

Өткізгіштің меншікті кедергісі.

Мақсаты:Тізбек бөлігі үшін Ом заңы мен өткізгіштің меншікті кедергісінің

формуласын қорытып шығару, өлшем бірліктері мен заңдылық-

тарын оқып үйрену.

а/білімділік:оқушылардың тұрақты ток заңдарын меңгергендігі туралы

білімдерін тексеру, пысықтау.

б/дамытушылық:оқушылардың ойлау қабілетін, ізденісін, есте сақтау

және ой-өрісін дамыту.

в/тәрбиелік:оқушыларды ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыстануға, шапшаң-

дыққа үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі : топтық, жеке жұмыс, сұрақ-жауап, салыстыру.

Сабақтың жүру барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Графикалық диктант. «Қызығушылықты ояту»

3. Жаңа тақырыпты меңгерту. «Ой қозғау» (Т- кестесі арқылы физикалық

шамаларды қайталау)

4. Бекіту . »мағынаны тану» есептер шығару.

5. Бағалау. оқушылардың әрбір тапсырма бойынша алған бағаларын

қорытындылау.

6. Қорытындылау. Үйге тапсырма §38, 39

2. Үй тапсырмасын тексеру. »Қызығушылықты ояту»

графикалық диктант.

1 . Электр тогы зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы.

2. Токтың жылулық әрекеті өткізгіштерді химиялық ерітіндіге батырғанда

жүреді.

3. Токтың химиялық әрекеті химиялық ерітіндіге батырылған металл

өткізгіш бойымен ток өткенде заттар бөлінеді.

4. Магниттік әсер өткізгіштерді химиялық ерітіндіге батырғанда жүреді.

5. Токтың физиологиялық әсері жануардар бойымен ток өткенде бұлшық

еттердің жиырылуынан болады.

6. Бөгде күштердің әсерін сипаттайтын шама жұмыс-А

7. Электр қозғаушы күш Э. Қ. К бөгде күштің жұмысының электр зарядына

қатынасы.

8. Электр тогын өлшейтін құрал-Вольтметр

9. Ток күші-өткізгіштің көлденең қимасы арқылы тасымалданатын зарядтың уақытқа қатынасы.

10. Вольтметр тізбекке тізбектей жалғанады. .

Жауабы: ( ۸ - ۸ - ۸ - ۸ - ۸ -)

3. Жаңа тақырыпты меңгерту. »Ой қозғау» (Т кестесі арқылы физикалық

шамаларды қайталау. )

Физикалық

шама

Белгіленуі

Өлшем

бірлігі

Формуласы

Тізбекке

жалғануы

Физикалықшама:
Белгіленуі:
Өлшембірлігі:
Формуласы:
Тізбеккежалғануы:

Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген арнайы шама

енгізіледі. Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда электр

өрісінің атқаратын жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады.

Тізбек бөлігіндкгі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал. I=U/R 1 Ом=1В/1А

Тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына ĺ тура

пропорционал, Ѕ көлденең қимасының ауданына кері пропорционал және

оның жасалған материалына тәуелді болатыны тағайындалды.

R=ρĺ/Ѕ ρ=RЅ/ĺ ом*мм 2

4. Бекіту. »Әлемді шарлау» стртегиясы бойынша . есептер шығару.

1. Электр үтігі кернеуі 220В желіге қосылған. Үтіктің қыздыру элементінің

кедергісі 50 Ом болған жағдайда ондағы ток күші неге тең. ?

2. Кернеуі 220В желіге жалғанған жұмыс кезіндегі кедергісі 55 Ом.

Электрқыздырғыштың спираліндегі ток күшін есептеңдер.

3. Ұзындығы 24, 2 м, көлденең қимасының ауданы 0, 5 мм 2 константан сымы-

ның кедергісі қандай?( ρ=50*10 -8 ом*м)

4. Кедергісі 24 Ом, ұзындығы 4, 8 м нихром сымының көлденең қимасының

ауданы қандай?(ρ=110*10 -8 ом*м)

5 Ұзындығы 100 м, қимасы 2мм 2 мыс сымның кедергісі неге тең?(ρ=1, 7*10 -8

Ом*м) .

6. Ұзындығы 1, 2 м қимасының ауданы 0, 4 мм 2 және кедергісі 1, 2 ом

өткізгіштің меншікті кедергісін анықтаңдар.

5. Қорытындылау. бағалау. Үйге тапсырма §38, 39


Ұқсас жұмыстар
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы, электр кедергісі және меншікті кедергі
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы және электр кедергісі
Электр тогы: тізбек бөлігі мен толық тізбек үшін Ом заңы
8-сыныпқа арналған ашық сабақ: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Электр тогы, ЭҚК және тұйық тізбек үшін Ом заңы мен ішкі кедергі
Сабақ жоспары: Электр кедергісі және өткізгіштік (ЭГД-9-201, 16.02.2021)
Толық тізбек үшін Ом заңы және өткізгіштердің тізбектей және параллель қосылуы
Меншікті кедергі, электр кедергісінің температураға тәуелділігі және асқан өткізгіштік
Электр тогының жұмысы мен қуаты: Джоуль-Ленц заңы
Электр тізбектеріндегі есептеулер: зертханалық жұмыс - Ом заңы, тізбектей және параллель қосылымдар, өлшеу мен қателікті талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz