Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Елбасы ел қалауы-тірегіміз

Тақырыбы: <<Елбасы-ел қалауы тірегіміз>>Мақсаты:Білімділігі: Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту.Дамытушылық: Отан байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз - Қазақстанды өркендетуге баулу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Тәрбиелілігі: Туған жерін, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.Көрнекілігі: слайд, Қазақтан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба, әнұран. Н.Ә. Назарбаевтың портреті, Астана суреттері, оқушылар шығармашылығы, желтоқсан құрбандарының суреттері, шырақ, бұтақ /тәуелсіздік шежіресі/, көк жалаушалар, шарлар.Тәрбие сағатының ұраны: "Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан" Н.Ә.НазарбаевБарысы:1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар!2-жүргізуші: Армысыздар, оқушылар!1-жүргізуші: Тарихтың ойлы-қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында қалған, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана-сезімге қозғау салған тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы құтты болсын!
2-жүргізуші: Еркіндікке, бостандыққа үн қосқан, Гүрілінен қақ айырылған түнгі аспан.Қазағымның әні болған, жыры болған,Жастар үні - он алтыншы желтоқсан.1-жүргізуші: Әнұраным, жанұраным,Айтар әнім, сөйлер сөзім.Туған жерім-сағынарым,Мәңгі бақи шырқалады,Республикам әнұраны!Әнұран орындалады.2-жүргізуші: Намысымның шырағы да - Желтоқсан,Сұрқай өмір сынағы да - Желтоқсан.Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,Жаңа күннің шуағы да - Желтоқсан.1-жүргізуші: Тарихта <<Құйын-86>> мәңгі есте қалады. Бұл жойқын шабуыл қазақ қыздары мен жігіттерін араларымыздан алып кете барды. (Сахнаға 4 оқушы шырақ жағып шығады. Олар өз сөздерін айтып, шырақтарын кезектеп сөндіреді.)Абайдуллин Мағжан: 1986 жылы 19 желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегінен жарақаттанған энергетика институтының ІІ курс студенті Ербол Спатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол - ата-анасының жалғыз баласы еді. <<Құйын-86>> операциясының құрбаны болды.Джулкатова Назерке: Сол бір ызғарлы ерте түскен қыс, тоқырау тажалының табанында аяусыз тапталған ар-намыстың ышқынған даусы құлағымызды әлі шыңылдатып тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де нәзік үнің естіледі.Еліңнің сен намысы үшін,Құрбан еттің жаныңды.Мазақ етіп қорлай алмас,Ешкім сенің арыңды.Тимиров Айбек: Сәбира Мұхамеджанова бар-жоғы 16 жаста еді. 26 желтоқсан күні астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің ар-намысына, анасына, балағаттаған қорлығына шыдай алмай, Өскемен педагогика училищесінің І курс студенті Сабира жатақхананың 5 этажынан құлап өлді.Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.Айналайын, айналайын жас өркені халқымның,Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.Ибраимов Әділбек: Желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті.Қайрат деген атым бар,Қазақ деген затым бар.Еркек тоқты құрбандық,Атам десең, атыңдар.1-жүргізуші: Бұл 1986 жылы 16-желтоқсанда қазақ елінің азаттық көктемі үшін, сол айқай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, қыршынынан кеткен қазақ жастарының сөнген шырақтары.2-жүргізуші: Елінің еркіндігі, бостандығы үшін күрескен желтоқсан құрбандарының рухына, ерлігіне арнап 1 минут үнсіздік жариялаймыз. /Сынып оқушылары Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске түсіреді/
1-жүргізуші: <<Ар-намысым, қасіретім, қуанышым - желтоқсан>> дегендей, жетпіс жыл бойы қылбұрауға маталған қазақ тар жол, тайғақ кешуден өтті. Қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.2-жүргізуші: - Ия, бостандық, теңдік, тәуелсіздікте өз бетімен келген жоқ. Желтоқсан - елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.Есігі ашық, төрі кең,Жылап өттік жытқыр өмір өрінен.Жетер енді, желпінейік, қарайық,Мына өмірге егемендік көзімен.Тақпақ: Тәуелсіздік - жыр-әнім. Оқитын: Мурсенова Замзагүл.Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,Ел іргесі берік болсын - ұраным.Тәуелсіздік - өзіңді еркін сезіну,Салт-дәстүрім - қолдан түспес құралым.Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?Тәуелсіздік, ар-ожданың кісілік,Адамға адам жолдас, бауыр туыс боп,Ел жұртыңның алма құнын түсіріп!Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным,Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным,Тәуелсіздік, сәбилердің шаттығы,Тәуелсіздік, ақ батасы атаның.Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным,Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,Қолда елімді қасиетті Құраным!1-жүргізуші: Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз деп жырлаған кім екенін білемісің, Данат?2-жүргізуші: Әрине, білемін. Ол - Қаз дауысты Қазбек би.1-жүргізуші: Ия, осылай деп тебіренген, Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын. Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға, міне, 20 жыл толғалы отыр. Тәуелсіздік ұғымы <<қазақ>> деген атауға қан мен жан кіргізді. <<Отан>> деп жүрегімізді қақтырды, <<Елім>> деп елеңдетіп, <<Жерім>> деп желпінтіп аз ғана уақыттың ішінде елімізді шартарапқа танытты.- Данат, сенің алдыңа қойған мақсатың бар ма?2-жүргізуші: - Әрине, бар. Менің алға қойған мақсатым: өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.1-жүргізуші: Ал Президентіміздің мемлекет алдына қойған мақсаты қандай екен?2-жүргізуші: <<Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық - біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік>>Қазақстан Республикасының Президент жолдауынан1-жүргізуші: Ендеше, Данат, ең басты бақытымыз тәуелсіздік жылдарының 20 жыл бойы жеткен жетістіктер шежіресіне ой жіберелік: /бұтаққа көк жалаушаларды бір-бірлеп ілу/Ел шежіресі:Данат: 1991 жылы 10-қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.Назерке: 1992 жылы наурыз айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер: Ту, Әнұран, Елтаңба бекітілді.1-жүргізуші: Өмірге келген әр жаңа мемлекеттің өз <<іңгәсі>> бар. Ол - көтерген туы мен елтаңбасы, асқақтата әуелеткен әнұраны.2-жүргізуші: Еліміздің рәміздері қашан қабылданды, авторлары кімдер, несімен ерекшеленеді? Міне, осы сұраққа бізге толығырақ Баймуханова Диана жауап берсін.Баймуханова Диана: /слайд/ Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Жер бетінде қанша ел болса, сонша ту бар. Олар бір-біріне ұксамайтын алуан түрлі болып келеді. Әр тудың өз тағдыры бар. ҚР Мемлекеттік туы 1992 жылы 4 маусымда күшіне енді. Біздің туымыз-көгілдір көк түсті. Ол бірлік пен ашық аспанды, аман-есендікті көрсетеді. Күн бетіндегі қалықтаған қыран тыныштықтың, баянды өмірдің белгісін білдіреді. Ою-өрнек - қазақ халқының ұлттық нақышын аңғартады. Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Елтаңбамыздың авторлары белгілі сәулетшілер Шот-Аман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков ағаларымыз. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді.- Республикамыздың мемлекеттік әнұраны - 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.Қазақстан Республикасы:Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Еліміздің туын биік ұстап, Мемлекетіміздің Рәміздерін әрқашан қадірлей білейік!Тәуелсіз еліміздің көк байрағы-көгімізде желбіреп, елтаңбасы шалықтап, әнұраны шарықтай берсін!
1-жүргізуші: Данат, сен Астанаға барып көрдің бе? Ал, сен арайлы Астана қаласы туралы,оның әсем де әдемі ғимараттары туралы білгің келеді ме?2-жүргізуші: - Ия, білгім келеді.1-жүргізуші: - Ендеше асқақтаған Астана туралы Мендыгалиева Аяжан бізге мәлімет берсін. Тыңдап көрелік.Мендыгалиева Аяжан:/слайд/ Сарыарқа төсіндегі қазақ елінің бүгінгі елордасы - Астана қаласы. Астана қаласы күн санап өсіп келе жатыр. Астана - байтағымның бас қаласы, еліміздің лүп-лүп соққан жүрегі.1) Әуежай жақтан келгенде Есіл өзенінің сол жағалауында арка тәріздес әшекейлі, шаншылған үш тіректің астынан өтеді. Арканың ұшы дөңгелекке барып тіреледі. Бұл арка - қазақтың кәдімгі <<ақ батасын>> бейнелейді. Өзіндік символы бар <<бата>> қалаға келе жатқан, қаладан кетіп бара жатқан әрбір жолаушыға көпір үстінен ақ жол айтып, сәттілік тілеп тұрғандай.2) Бәйтерек - Астананың бой тұмары. Ал Астана - қазақ халқының Бәйтерек боп тереңге тартқан тамыры, алтын тұғыры. Биіктігі 97 метр. Ер Төстік ертегісінің желісі бойынша салынған.3) Ақ маңдайлы ақ үй қандай тамаша! Ақ Орда - Елбасының тұғыры. Әр қазақтың тағзым ететін киелі төрі.4) Астана қаласының әкімдігі - әкімшілік және іскерлік шаһары. Алдындағы тәж - ортақ болашақты бейнелейді.5) Қаржы министрлігі - өзінің желбіреген жалаудай пішінімен көз тартады. Ғимарат кейде тербелген толқынды елестетеді. Үстінен қарағанда американдық доллар сұлбасы көрінеді. Сондықтан <<Доллар>> ғимараты деп аталып кеткен.6) Сонымен қатар Астана қаласындағы Кенесары ескерткіші, Нұр Астана мешіті, Пирамида, қалаға көрік беретін түрлі-түсті субұрқақтары, әдемі де биік ғимараттарыкөздің жауын алады. Астана қаласының қай жерін алып қарасақта, таңдай қағып сүйсінерліктей.Астана, Астана, Қазақтай халқы бар,Көркем бұл жас қала. Кеңпейіл салты бар.Өркенде бас қала, Әлемге даңқы бар,Астана, Астана! Астана, Астана!
2-жүргізуші: Қастерлеп елім бүгін азаттығын,Танытты қазақ бүгін қазақтығын.Елім деп көш бастаған ЕлбасыныңТаныды әлем міне, алыптығынО, шіркін, Қазақстан ғажап бүгін!- демекші қазақ елі қазіргі уақытта әлем назарында. Бұл жөнінде толығырақ Мурсенова Замзагүлден тыңдайық.Мурсенова Замзагүл: /слайд/ Қазақстан Республикасы - Президент басқаратын унитарлы мемлекет. Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңдайына жазылды. Туған Отанымыздың тыныштығы үшін біз күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік, достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз. Қазіргі уақытта Қазақстан әлем назарында болып, әлем таныған шаһар атанып отыр. Бұның барлығы Президентіміздің арқасында деп білемін. Біздің болашағымыз үшін маңдай терін төгіп, орасан зор істер атқарып жүрген Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз шексіз. Әрқашан аспанымыз ашық болып, күніміз жарқырап тұрсын.Елбасымыз саған мәңгі разымыз,Үлкен-кіші, ағайындар- бәріміз.<<Ұлтым, елім>> деп қайғырған ұлы жан,Сіз біздердің піріміз де, әніміз.1-жүргізуші: Егеменді елмін бүгін,Өзге елдермен тең жұлдызым.Қазақстан - Тәуелсіз ел,Сақтайтұғын ел бірлігін, - демекші өздеріңіз көріп отырғандай жас Қазақстанымыз 20 жыл ішінде көркейіп, гүлденді. Осы тәуелсіз елеміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екеніңізді естен шығармаңыздар.- Данат, неліктен көк түсті жалаушаларды ілдік деп ойлайсың?2-жүргізуші: Себебі тәуелсіз еліміздің көк байрағы- көк түсті.1-жүргізуші: Ал сен көк түс нені білдіретінін білесің бе?2-жүргізуші: Әрине, білемін. Мысалы, Испания туындағы қызыл-сары бояулар испан халқынын қызу-қанды мінезіне үйлесер болса, Финляндия туындағы ақшыл-көгілдір түс фин халқының бойындағы салқын қандылық пен сабырлылықты білдіреді. Ал біздің еліміздің туы аспан текті зеңгір көк түсті болуы кездейсоқ емес. Әйгілі Ансельм кестесі бойынша көк түс - бейбітшілік, тұрақтылық пен береке-байлық белгісі болып саналады.1-жүргізуші: Ал, біздің оқушыларымыз туған елімізге қандай тілек тілер екен? Ойларын білу үшін сөздер таратайық, сол сөзді қосып елге тілек арнасын. /ЕЛГЕ ТІЛЕК/ДОСТЫҚ БІРЛІК БІЛІМ ТӘУЕЛСІЗДІК ОТАН МЕЙРАМ АРМАН1-жүргізуші: Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ. Нұрсұлтан ағамыз елімізде бірді бір бала оқымай қалмауы керектігін басты назарға алды.2-жүргізуші: Егер де сен өз еліңнің отаншыл перзенті болсаң,1-жүргізуші: Егер сен тәуелсіз елдің тірегі болғың келсе,2-жүргізуші: Егер ертең өз тағдырыңды өз қолыңа алғың келсе,1-жүргізуші: Қазірден бастап жақсы оқып, үлкен жетістіктерге жетуге тырыс!>>
Екеуі бірге: Тәуелсіздігіміз ұзағынан жарылқасын!



М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі

Өткізген: Қощжанова Ж


Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз елдің ұланымыз. 2-сынып
«мен патриотпын»атты үгіт-насихат топтарының байқау-сайысы
Астана күні
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы
Қазақстан-2050 стратегиясы бір халық-бір ел- бір тағдыр жайлы
Елін сүйген, елі сүйген- елбасы туралы ақпарат
Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық-бір ел- бір тағдыр туралы ақпарат
М.әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектептің 6 класс оқушылары арасында өткізілген i «халықтар достығы - тірегіміз» фестивалі
Сөйлеу мәдениеті
Елбасы мақсаты - ел мұраты, гүлденген Қазақстан
Пәндер