Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Шал мен бала. 4 сынып

Күні: _______________
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Шал мен бала. Бердібек Соқпақбаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мәтіннің мазмұнын ашуға, негізгі ойды ұғына білуге жағдай туғызу, мәтіннің авторы туралы және мәтін жайлы әңгімелей отырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің әдептілік екенін түсіне білуге жол ашу.
Дамытушылық: оқушылардың тақырып, мәтін бойынша талдау жұмыстарын, сөздік жұмысын өз бетімен, жұпта, топта жүргізе білу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: үлкендерді сыйлауға, бірін-бірі тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,жазу, сұрақ-жауап, баяндау
Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты сюжетті суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын хабарлау. Оқушылармен амандасып, кезекшілікті тағайындау.
Үй тапсырмасын тексеру..
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Жаңа сабақты бастамас бұрын <<Кім кінәлі?>> атты мәтінін оқу. Оқылған мәтіндегі болған оқиғаға баға беру. Алмастың бойында сол сәтте қандай қасиет табылмай қалды деп ойлайсыңдар? Қолыңдағы қағазға өзің жоғары санайтын бір ғана қасиетті жаз. ( мысалы: адалдық, батырлық, батылдық, ар-ождан, шыншылдық).
Осы таңдаған қасиеттерге байланысты топтарға бөлу.
* Топқа бөлу.
* Топ басшыларын сайлау.
* Әр топ өз аттарына сай түсініктеме беру.
* Осы таңдалған топтың атауларына байланысты қандай ақынның өлеңін білесіңдер?
* Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы деп ойлайсыңдар?
* Мәтін мен автормен таныстыру.
ІІІ. Мағынаны тану.
* Автор туралы әңгімелеу.
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын бітірген. <<Жұлдыз>>, <<Балдырған>> журналдарында қызмет еткен. <<Менің атым Қожа>> атты повесінің авторы. 1967 жылы Канн фестивалінің жүлдерегі атанды. Жазушының <<Балалық шаққа саяхат>>, <<Жекпе-жек>>, <<Өлгендер қайтып келмейді>> повестерінің көптеген әңгімелердің авторы.
Шығарманы оқу. Сұрақтар қою:
* Мәтіннің басты кейіпкерлері кімдер?
* Бала неліктен шалға көмек берді?
* Бала шиені ұрлаушылар жөнінде естігенде, неге міңгір ете қалды?
* Оқиғаға тағы кім қосылды?
* Ақсақал қандай ой түйіндеді? Мәуленнің ұрлығын кешірді ме?
* <<Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі ғой>> дегенді қалай түсінесің?
* Ад сенің сыныптастарыңның ішінде Саша мен Мәулен сияқты достарың бар ма? Ендеше біз бүгінгі сабақта <<Танысу картасын>> толтырып көрейік.

Сыныптың еркесі
Батыр жігіт
Суретші
Ең адам дос
Қыс айында туған
Үздік оқушы
Өте жақсы билейді
Ұқыпты жан
Көп оқиды
Спортпен шұғылданады
Жақсы сырғанайды
Бастауыш сыныптарға сабақ береді

Қорытындылау.
* Осы мәтіндегі кімнің орнында болғанды қалар едің? Неліктен?
Үйге тапсырма: мәтінді оқу, көңілің толмай жүрген сыныптастарыңның біреуіне арнау жазу
Рефлексиялық бағалау.


Ұқсас жұмыстар
"Шал мен бала"
Оқушыларға сұрақ қою
Нағыз адам Шал мен бала
Бауырсақ ертегісінің сахналық қойылымы
Наурыз қыз
Абайдың қара сөздері
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
Сабақ соңындағы тыныштық сәті
жана жыл сценарий
Бақыт қайда жасырындың?
Пәндер