Сабақ жоспары :: Химия
Файл қосу
Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуы
Сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: күшті электролиттердің бірі - екі негізді күкірт қышқылының құрамы , құрылысы және химиялық қасиеттері мен қолданылуы жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік мақсаты: дәстүрлі емес оқыту әдісін қолдана отырып , оқушының химияға танымдық қызығушылығын арттыру , ұқыптылыққа , бір - бірінің жауабын тыңдап , одан қорытынды шығара білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты :сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушыларды өзіндік жұмысқа дағдыландыру және сараптау , салыстыру қабілеттерін дамыту. Өзін - өзі бақылау мен талдауды іске асыру.
Сабақтың түрі : демонстрациялық сабақ.
Сабақтың әдісі : << Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту>> педагогикалық технологиясының элементтері.
Көрнекілігі: Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі , кестелер, әр түрлі тестілер , слайдтар, реактивтер.
Сабақтың барысы:
* << Сәлем - сөздің анасы>> (Ұйымдастыру кезеңі)
Оқушылармен амандасу , сынып оқушыларын түгендеу . Оқушылар назарын сабаққа аудару.
* <<Қайталау - оқу анасы>>(Өтілген тақырыпты қайталау.)
1.Танымдық сұрақтар:
* Күкірттің периодтық жүйедегі орны қандай?
* Күкірт қандай оксидтерден тұрады?
* Күкірттің оксидтері қандай оксидтердің тобына жатады?
* Әрбір оксиді сумен әрекеттескенде қандай қосылыстар түзеді?
* Күкірт оксидтерінің тотығу дәрежесі қандай?
* Олардың физикалық қасиеттері?
* Оксидтерінің қолданылуы?
2.Кім шапшаң? (Сәйкестендіру тесті)
* S+O2--> А) H2SO4
* SO3 +H2O-->ә)2SO3
* 2SO2 +O2--> б)Н 2S
* SO2 +H2O--> в)H2SO4
* S +H2-->г)SO2
* <<Білгенге - маржан>> ( Жаңа тақырыпты түсіндіру)
* Күкірт қышқылына сипаттама
* Физикалық қасиеттері
* Химиялық қасиеттері
* Қолданылуы
* Тұздары
Күкіртің маңызды қосылысы - күкірт қышқылы . Ол екі негізді , күшті қышқыл, орта және қышқыл тұздар түзеді.
Физикалық қасиеттері . Концентрациялы күкірт қышқылы - түссіз , ұшпайтын , май тәріздес , суда жақсы еритін, сұйық зат.
Тығыздығы 1,84 г/см3 , массалық үлесі 98% . Ол 280 С-та қайнайды, ал 10,4 С-та кристалданады. Күкірт қышқылы күшті су тартқыш зат.
Концентрациялы күкірт қышқылы адам терісіне , матаға , ағашқа тисе , оны қарайтып күйдіреді. Сол себептен күкірт қышқылымен жұмыс істегенде өте сақ болу керек. Теріге немесе матаға тиген күкірт қышқылын тездетіп сумен жуып, содан соң ас содасы ерітіндісімен шаю қажет.
Химиялық қасиеттері.
Концентрациялы күкірт қышқылына күшті тотықтырғыштың қасиеті тән.
Сұйытылған күкірт қышқылы басқа күшті қышқылдарға тән қасиет көрсетеді.
* Сатылы диссоциацияланады, индикаторға әсері (лакмус- қызыл ,фенолфталеин - түссіз ,метил - оранж - қызғылт өзгереді)
H2 SO4= H++HSO-4 - гидросульфат ион
HSO-4 = H+ + SO-24 - сульфат ион
* Күкірт қышқылы сілтілермен және ерімейтін негіздермен әрекеттесіп тұз түзеді:
KOH + H2 SO4 = KHSO4 + H2 O
2KOH +H2 SO4 =K2SO4 +2H2 O
Cu(OH)2 +H2SO4 = CuSO4 +2H2О
* Негіздік және екідайлы оксидтермен әрекеттеседі:
А) H2SO4 + CuO =CuSO4 +H2O
Ә) H2SO4 +ZnO = ZnSO4 +H2О
4. Кернеу қатарындағы сутекке дейінгі металдармен әрекеттеседі:
Mg+ H2 SO4(c)= MgSO4 +H2↑
Cu +2H2SO4(k) =CuSO4 +SO2 +2H2 O
5.Барийдің ерімтал тұздары күкірт қышқылына және оның тұздары - сульфаттарға анықтағыш реактив болады:
H2 SO4 +BaCl2=2HCl +BaSO4↓
Қолданылуы. Күкірт қышқылын -химиялық өндірістің көбінде қолданылатын негізгі өнім.
Басқа қышқылдармен салыстырғанда , химия өнеркәсібінде кең көлемде қолданылуына сәйкес күкірт қышқылы бірінші орында тұр. Металлургияда түсті металдар алу үшін мұнай өндеуде түрлі өнімдерді тазартуға , қопарылғыш заттар , жасанды талшықтар , бояулар ,дәрі - дәрмектер парфюмерия өндіруде, тері илеуде және пластмасса синтездеуде алатын орны ерекше.
Күкірт қышқылының тұздары. Күкірт қышқылының тұздары екі типті болады:орта және қышқыл тұздар. Орта тұздар - сульфаттар , қышқыл тұздар- гидросульфаттар. Көпшілік сульфаттар суда жақсы ериді ,ал ерімейтіндерге және аз еритіндерге барий сульфаты және стронций сульфаты жатады.
* <<Сен - оқысаң , мен - тоқығам>> (Жаңа сабақты бекіту)
1)Жалпы сұрақтар қою:
1.Күкірт қышқылының формуласы?
2.Неше сатыда диссоциацияланады?
3.Физикалық қасиеті қандай зат?
4.Қандай заттармен реакцияға түседі?
5.Қай жерлерде қолданылады?
2)Дұрыс жауабын тап:
1.Сұйытылған күкірт қышқылымен әрекеттесіп, сутегін ыдырататын металдар?
А)Cu ,Fe Ә)Au ,Hg
Б)Mg, Fe В)Mg, Ag
2.Сульфат иондарға сапалық реакция қай металдың тұздары көрсетеді?
А)BaSO4 Ә)AgCl
Б)NaNO3 В)CaCl2
3)Химиялық эстафета. (өзгерісті жүзеге асыр)Ең бірінші орындаған оқушыға баға қойылады.
S--> FeS --> H2 S -->SO2 -->SO3-->H2 SO4-->BaSO4
* Бағалау.
* Үйге тапсырма:&12 оқу.№9. Күкірт қышқылының массалық үлесін есептеу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz