Санды теңсіздіктің қасиеттері. 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Санды теңсіздіктердің қасиеттері
Сабақтың білімділік мақсаты: Санды теңсіздіктің қасиеттерімен таныстыру және оларды әртүрлі жағдайларда дұрыс жаза білуге, есептеулерде қолдана білуге үйрету.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
Берілген тақырып бойынша оқушылардың білімін жүйеге келтіру, математикалық тұрғыда сауатты жазып, оқуға дағдыландырып, оқушының зерделі ойын дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Топпен жұмыс істеуге, өзгенің пікірін тыңдай білуге, көпшіл сезім қалыптастыруға тәрбиелеу және өзінің білімін бағалай білуді үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: презентация- слайд , Е-кітапхана, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың типі:
Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі:
Топпен жұмыс
Күтілетін нәтиже:
Санды теңсіздіктердің қасиеттерін қолданып есеп шығара білулері
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеріп, топқа бөлемін. І-топ: Теңдеу. ІІ-топ: Теңсіздік.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау
«Не білемін?»
Санды теңсіздік дегеніміз не?
Ол қалай жазылады? Санды теңсіздіктің сол жақ бөлігі, оң жақ бөлігі қайсы? а және в сандарының қайсысы үлкен, қайсысы кіші екенін қалай білеміз? Координаталық түзуде үлкен сан кіші санның қай жағында кескінделеді?
Жұлдызшаның орнына тиісті теңсіздік белгісін қойыңдар.
1. Егер 5> 3 болса, онда 3*5
2. Егер 9 > 7 және 7 > 5 болса, онда 9 * 5
3. Егер 16 >12 болса, онда
4. Егер 17 > 11 болса, онда
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру «Не білгім келеді?»
Санды теңсіздіктің қасиеттері
1. Егер а саны в санынан үлкен болса, в саны а санынан кіші болады.
Егер a>b болса, онда b<a.
Ереже: Теңсіздіктің оң жақ, сол жақ бөлігінің орындарын ауыстырғанда теңсіздік белгісін өзгерту керек.
2. a>b және b>c болса, онда a>c.
Ереже: Егер а саны b санынан үлкен болса және b саны с санынан үлкен болса, онда а саны с санынан үлкен болады.
3. a+c>b+c
Ереже:Санды теңсіздіктің екі жақ бөлігіне де бірдей санды қосқаннан теңсіздік өзгермейді.
4. a>b болса, c - оң сан, ac > bc, a:c > b:c
Ереже: Теңсіздіктің екі жағын да бірдей оң санға бөлсек немесе көбейтсек теңсіздік өзгермейді.
5. a>b болса, c - теріс сан,
ac < bc, a:c < b:c
Ереже: Теңсіздіктің екі жағын да теріс санға көбейтсек немесе бөлсек, теңсіздік қарама-қарсыға өзгереді.
6. Егер a>b болса, онда
1/a <1/b
Ереже:Егер а саны в саны
нан үлкен болса, онда оларға кері сандардың таңбасы қарама-қарсыға өзгереді.
ІV. Бекіту. «Не білдім?»
Ой қорыту
1. 8, 9>5, 3 теңсіздігінің екі жақ
бөлігіне де 1, 2 санын қосайық,
сонда теңсіздік өзгермейді.
Не cебепті?
2. Санды теңсіздіктің екі жақ
бөлігін де бірдей теріс санға
көбейтсек немесе бөлсек,
теңсіздік белгісін қандай
таңбаға өзгерту керек?
Осы бөлімде Е-кітапханадан №379 есепті шығартамын.
Оқулықпен жұмыс. І топ «Теңдеу» № 913(А деңгей) және №922(В деңгей)
Үлгі: а-5< 2; а < 2+5; а < 7
1) а+4< -2; а < -6
2) а-3> 7 ; а >10
3) а-0, 5 < -3 а< -2, 5
4) а+6 >2; а > -4
ІІ топ «Теңсіздік» №915 (А деңгей) , № 921(В деңгей)
а > в
1)
2) -2а < -2в
3)
4) -
5) -3(а+5) < 3(в+5)
6) 6(а-3) > 6(в-3)
Үйге тапсырма: №914, 923
Оқушыларды сабаққа қатысына қарай бағалау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz