Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. құжатты құру және сақтау. мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжатты құру және сақтау. Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.
Сабақтың мақсаты: Microsoft Word мәтіндік процессорының мүмкіндіктерімен таныстыру.
Мазмұнға байланысты міндет: оқушылардың мәтінді теру, редакторлау және пішімдеу туралы білімдерін қайталау, жалпылау, бекіту. Мәтінге символдарды қоюдың, мәтінді рәсімдеудің жаңа мүмкіндіктерімен таныстыру.
СТО-ға байланысты міндет: тақырыпты меңгереді.
Түрі: Практикалық көрсетілім көмегімен.
Әдісі: Түртіп алу, ұқсастық пен даралық, Жигсо.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық, слайдтар.
Ұйымдастыру.
-оқушылардың сабаққа қатысын, сабаққа дайындығын тексеру.
Қызығушылықты ояту. Мәтіндік процессорды тақтадан ашып көрсету.
Оқушыларға сұрақ: Қалай ойлайсыңдар, мәтіндік процессордың сендер бұрын оқып-білген мәтіндік редакторлардан айырмашылығы неде?
Шағын топтармен жұмыс. Сыныптың оқушылары екі топқа бөлінеді. Әр топқа Microsoft Word және WordPad мәтіндік процессор экранымен парақтар таратылады. Оқушылар осы берілген терезелердің ұқсастықтары мен даралықтарын табулары керек.
Сараптамалық кесте

WordPad
Microsoft Word
Бірдей элементтер

Жаңа элементтер

Жоғалған элементтер

Өзгерген элементтер

Мағынаны тану.
Мәтіндік процессор - кез келген басып шығарылатын ақпаратты жасап шығаруға (теру, түзету, пішімдеу, кейде басып шығаруды қоса есептегенде) арналған қолданбалы компьютерлік программаның түрі.
Мәтіндік процессорлар мәтінді пішімдеудің үлкен мүмкіндіктеріне ие. Құжатқа әртүрлі суреттерді, графиктерді, сызбаларды, кестелерді қоса алады.
Процессордың экраны құрамына Windows-тың стандарттық терезесінің барлық элементтері кіреді:
* тақырып жолы;
* жолақ;
* қалып-күй жолы;
* горизонталь және вертикаль айналдыру жолақтары;
* терезені басқару батырмалары.
Мәтіндік процессор Ms Word 2007 қажет жағдайда ерекшеленген нысаннан тәуелді өзі жаңа бұйрықтарды қосады. Мәзір қатары: Бас, Кірістіру, Бетті белгілеу, Сілтемелер, Тарату, Рецензиялау, Түр. Жолақтың алдында офис батырмасы орналасқан. Оның құрамында құжатты сақтау, ашу, жаңа құжатты құру және т.б. бұйрықтар бар. Құжатпен жұмыс істеу үдерісінде мәтінді тінтуірдің оң батырмасын шерту арқылы жанама мәзірді шақыруға болады. Жанама мәзірде бірнеше бұйрық орналасқан. Бұйрықтар жиынының құрамы жанама мәзірдің мәтіннің қай бөлігінде шақырылғанынан тәуелді. Мысалы, егер тінтуірдің оң батырмасымен кестенің ішінде шертсек, жанама мәзірдің құрамында кестелермен жұмыс істеу бұйрықтары; егер мәтінді шертсек - құжатты пішімдеу бұйрықтары шығады.
Экрандағы төменгі жол қалып-күй жолы немесе ақпараттық жол деп аталады, себебі оның құрамына құжатпен жұмыс істеу барысында өзгеріп тұратын әртүрлі ақпарат кіреді.
Бұл жолда:
* Жалпы құжат беттері санының ішінен ағымдағы беттің нөмірі;
* Құжаттағы беттер саны
* Тіл көрсетілген.
Ms Word процессоры бір мезгілде бірнеше құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Яғни, сендер бірнеше құжат ашып, жұмыс істеу үдерісінде олардың біреуінен екіншісіне ауыса аласыңдар. Әрбір ашылған құжат процессордың жаңа терезесіне орналастырылып, есептер тақтасында көрініс табады. Сонымен қатар барлық ашық құжаттардың аттарын Түр-Басқа терезеге ауысу бұйрығы бойынша қарап шығуға болады.
Файлмен жұмыс жасау командалары (құжат құру, ашу, сақтау) офис батырмасының мәзірінде орналасқан. Құру бұйрығын таңдағаннан кейін құжатты құру терезесі пайда болады және Жаңа құжат шаблоны таңдалады. Ештеңені өзшгертпестен, тек Құру батрымасын бассаңдар жеткілікті.
Құжатты сақтау үшін жалпы қабылданған Сақтау және Қалай сақтау бұйрықтарын қолданады.
Құжатқа пернетақтада жоқ түрлі символдарды мысалы, математикалық: √,˂,α,β ақша таңбаларын:Euro, Pound, ₣ және тағы басқа көптеген символдарды кірістіруге болады. Ол әдеттегі мәтіндерді сирек кездесетін, бірақ арнайы мазмұнды құжаттармен жұмыс істегенде қолданылатын пайдалы, ерекше таңбалар.
Символдар кестесі Кірістіру - Символ - Басқа символдар бұйрығы көмегімен шақырылады.
Қаріпті өзгерту үшін жолақтың Басты - Қаріп тіркеме парағы немесе Қаріп жанама мәзірінің бұйрықтарын пайдаланады.
Қаріп (Шрифт) сұхбаттық терезесін шақыру үшін жолақтың осы бөлімінің төменгі жағында орналасқан сілтемені басу қажет. Сұхбаттық терезені шақыру бұйрығы сонымен қатар жанама мәзірде де орналасқан.
Қаріп тіркеме парағы арқылы қаріптің гарнитурасы, кеглі, сырт пішімі, қаріптің түсі, көлеңке немесе контур қосу, мәтінді сызып тастау, қаріпті батырылған немесе шығыңқы ету сияқты қосымша әрлендіру мүмкіндіктерін тағайындай аламыз.
Интервал - қаріптер арасындағы интервалды, яғни арақашықтықты ұлғайтуға немесе кішірейтуге мүмкіндік береді.
Пішімдеу ағымдағы абзацқа немесе мәтіннің ерекшеленген фрагментіне қолданылады. Мәтінді пішімдеу сызғышымен, жолақтың Басты - Абзац бөлімі немесе Абзац бұйрығы сұхбат терезесінің бұйрықтарының көмегімен пішімдеуге болады.
Ой толғау. Қызықты мәлімет <<Компьютерлік вирустар>> , бірінші оқытушы оқып береді. Содан соң компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
* Вирус құжатын ашыңдар.
* Оны толықтырыңдар және төмендегі мысалда көрсетілгендей етіп өзгертіңдер.
* Мәтінді төменде ұсынылған түрде теріңдер. Түзеуге, азат жол шегіністеріне және әріптерге назар аударыңдар.
Оқулықпен жұмыс. Тақырыпты зерттеу.
Мұғалім:
-Сендер жаңа программа - мәтіндік процессормен танысып, онымен жұмыс істеуді бастадыңдар.
* Қандай ерекшеліктерді кездестірдіңдер?
* Не нәрсе ыңғайсыз болды?
* Бұрын сендер жұмыс істеген басқа программалардан қандай басымдылығы бар?
* Бұл программа туралы тағы не білгілерің келеді?
<<Өзіңді тексер>> тест жұмысын орындау.
Үй тапсырмасы.
Тақырыпты оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.


Ұқсас жұмыстар
Мәтіндік процессорлар арқылы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. құжаттарды құру және сақтау. мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
МӘТІНДІК ҚҰЖАТТЫ ПІШІМДЕУ
Бүтін рационал теңдеу
Абзацтар, шегіністер мен аралықтар
Ақпарат және ақпараттық үрдістер. авторлық бағдарлама
Мәтіндік процессоры туралы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. құжаттарды құру және сақтау
Презентация жоспарын құру
Абзац сұхбаттық терезесі
Пәндер