Сабақ жоспары :: Музыка
Файл қосу
Қ.ахмедияров күйлерінің ерекшелігі. 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: <<Қ. Ахмедияров күйінің ерекшелігі>> 3 сынып оқушысы Жаңабайқызы Айшат
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыға Батыс Қазақстан күйшілерінің ішіндегі Қаршыға Ахмедияров күйлерінің сипатын түсіндіре отырып, күйшінің орындаушылық ерекшеліктері өзіне ғана тән саздық өзгешелігі жөнінде толық мағлұмат беру. Оқушыға Қаршыға күйлерінің иірімдерін түсіндіре отырып,орындалу ерекшелігін көрсету.
Дамытушылық: Қ.Ахмедияров күйлерінің шығу тарихын білу, характерін жеткізе ойнау шеберлік деңгейін дамыту.
Тәрбиелік: Музыканы сүюге тәрбиелеу. Сабаққа жауапкершілікпен қарауға және ұқыпты болуға үйрету.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: буклет,сурет
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру: Қол жаттықтыру мақсатында Es-dur гаммасын ойнау. Сүгір << Бозінген>> күйін жатқа ойнау.
Мұғалімнің сөзі: Домбыраның қыр сырын , қағысын, пернелерін, нота сауатын танып білгеннен кейін , домбырада төкпе ,шертпе күйлерді ойнап үйрендік.Төкпе күйдің тағы бір майталман өкілі осы Батыс өңірінің күйшісі Құрманғазы, Динаның ізін жалғастырушы күйшілердің бірі Қаршыға Ахмедияров .Бүгінгі сабағымызда Қ.Ахмедияровты,оның күйлерінің ерекшелігі туралы айтамыз.
Жаңа сабақ: Қ.Ахмедияров<<Алтын ұя>>
<< Қ.Ахмедияров күйлерінің ерекшелігі>>
Қаршыға Ахмедияров 1946 жылы 25 наурызда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген.Қазақстанның халық артисі (1991). 1967 -- 1991 жылы Құрманғазы атындағы қазақ академия халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер қызметтерін атқарды. Ахмедиярұлының репертуарында отандық композиторлардың күйлері, сондай-ақ, шетел композиторларының шығармалары бар.
Дәулескер күйшінің жүрегі 2010 жылы 65 жасына қараған шағында тоқтады. Қаршыға ағаның соңғы демі туған жері Атырауда шығыпты. Бойында Сейтектің сынығы, Махаббеттің өрлігі бар Қаршыға ағаны әркез халқы тамсана тыңдайтын. Өнерсүйер қауым оны <<Күй қаршығасы>>, <<Саңлық күйші>>, <<Күй аспанының Қаршығасы>>, <<Ғасырдың күйшісі>> деп мадақтайтын. Ахмедиярұлы -- "Шашақты найза, шалқар күй" (Махамбет), "Әсемқоңыр" (Дина), "Сарыарқа" (Құрманғазы), "Жігер" (Дәулеткерей), "Атырау" күйлер жинағы кітаптарын жарыққа шығарды. Оның "Нарын", "Қуаныш", << Алтын ұя>> , <<Жібек жетісу>>"Сағыныш", "Аққайың", "Желдірме" т.б көптеген күйлері бар.Соның ішінде бүгін Қаршыға атамыздың <<Алтын ұя>> күйін үйренетін болмыз.
<<Алтын ұя>> - Қоғамдағы әрбір адамның жанұясы- туған елімен қатар,тарыдай боп кіріп таудай боп шыққан алтын ұя мектебі, ат жалын тартып азамат болып жоғары білім алып, саналы да салауатты өмірге аттандырған алтын ордасы бары анық. Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваиориясының жарты ғасырлық тойына тарту-күй шашу. Күй вальс ырғағында, жан-сезімін ғанибетке бөлейтін әсем әуен. Тақырып сазды, қарапайым, көңілге тез қонады. Күй бұлағынан сусындаған, заңғар көкке күй қанатын қатайтып самғатқан оқу орны, өнердің қасиетті қара шаңырағының жарты ғасырлық тойында дүниеге келді. Жайма шуақ, ұлпа әуезді, секірмелі мінезі жоқ, бір қалыпты, құлаққа сіңімді , жан тербетер сазды күй.Алтын ұяға сай алтын әуез.
Дамыту: Қ.Ахмедияров <<Алтын ұя>> үн таспадан тыңдау.
Күйді талдамас бұрын , күй орташа ырғақпен,6/8 өлшемде ойналады,
Сиb, миb, қозғау белгісі , триоль кездеседі.
Бекіту : Қ.Ахмедияров кім?
Қандай күйлері бар?
Күйлерінің ерекшелігі не?
<< Алтын ұя>> күйінің шығу тарихы?
Қорытындылау : Бүгінгі сабақта Қ.Ахмедияровтың күйлерінің еркшелігін түсініп,оның <<Алтын ұя>> күйімен таныстық. Күйдегі кездесетін оналтылық ноталармен,штрихтарымен жұмыс жасадық. Төкпе күйдің тағы бір майталман өкілі осы Батыс өңірінің күйшісі Құрманғазы, Динаның ізін жалғастырушы күйшілердің бірі Қаршыға Ахмедияровты танып ,біліп,оның шығармашылығы жайында мағлұмат алдық. Сөзімді қорыта келе өнер деген қиындығы мен қызығы мол жолда, өзіне қазақтың киелі домбырасын серік еткен ,өнердің биік шыңына өрлей берген,жүрегі, жаны қазақ деп соғатын ұрпақ тәрбиелеймін деп сенім білдіремін.
Үйге тапсырма : Қ.Ахмедияров <<Алтын ұя>> күйін берілген жерге дейін жүргізіп ойнау.
Бағалау: Жақсы
Өте жақсы.
Қазанғап атындағы саз мектебі
Ашық сабақ
<<Қ.Ахмедияров күйлерінің ерекшелігі>>
Қ.Ахмедияров <<Алтын ұя>>
Өткізген : Төремұратова Н.Т
2014 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz