Физикалық және химиялық құбылыстар. химиялық реакциялардың белгілері

Мухамжарова Манчук Жусупкалиевна

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы,

Ш. Жексенбаев атындағы ОЖББ мектебінің химия пәнінің мұғалімі

09. 10. 2013ж
сәрсенбі
2-сабақ
09. 10. 2013ж: Сабақтың тақырыбы:
сәрсенбі: Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялардың белгілері.
09. 10. 2013ж: Жалпы мақсаты:
сәрсенбі:

Химиялық құбылыстың физикалық құбылыстан айырмашылығын тәжірибе арқылы дәлелдей отырып, химиялық реакцияның алуан түрлілігімен танысады.

Химиялық реакцияның басталуы мен жүру барысының жағдайын және химиялық реакцияның негізгі белгілерін

бақылай отырып, химиялық реакцияның не екенін түсінеді.

Құбылыстардың айырмашылығы мен ұқсастығын айыра отырып, пайдалану жолдарын біледі.

09. 10. 2013ж: Оқу нәтижелері:
сәрсенбі:

Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата алады. Химиялық құбылыстың химиялық реакция екенін түсінеді.

Айналада, тұрмыста болып жатқан құбылыстарды түсінеді.

09. 10. 2013ж: Түйінді идеялар:
сәрсенбі:
09. 10. 2013ж:

Сабақ кезеңдері

Кіріспе

Уақыты: 5 мин

Тұсаукесер

Уақыты:7 мин

Негізгі бөлім

Уақыты: 28 мин

Қорытынды

Уақыты: 5 мин

сәрсенбі:

І. Тренинг. Менің көңіл-күйім неге ұқсайды.

ІІ. Топқа бөлу. "Химиялық элементтердің таңбалары бойынша формулалар құрау" Құрастырылған формулалар бір топқа отырады (Таңбалар: Al, AL, Al 2 , Na, Na, Na 2 , Zn, Zn, O 3 , O, O, Cl, Cl 2 , Cl 3 )

1. Жұптар бойынша құрастырылған химиялық формуланы оқып беріңіз.

2. Химиялық формуланы қалай құрастырдыңыз, сәйкес валенттіліктеріңізді айтып беріңіз.

Үй тапсырмасына байланысты деңгейлік тапсырмалар.

1. Оттегі, сутегі, калийй, кальций, мыс элементтерінің таңбасын жаз.

2. Оттегі атомының валенттілігіне сүйене отырып, азот атомының валенттілігін көрсет. NO, N 2 O 5 , NO 2 , N 2 O

3. . Берілген қосылыстардың: а) СаО, б) H 2 SO 4 , MgCL 2 салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

(Әр тапсырмаға бір балдан қойылады. Дұрыс жауабы слайдта көрсетіледі)

Қызығушылықты ояту (көрнекілік символдар)

3 топқа жыл мезгілдерін бейнелейтін суреттер таратылады. (Қыс, көктем, күз) осы суреттерге қарап табиғатта болатын өзгерістерді (құбылыстарды) әңгімелеп береді. Бүгінгі тақырыптың физикалық және химиялық құбылыстар екені айтылады.

Топтар бір-біріне қол соғу арқылы бағалайды.

Жаңа матетиалды игерту. Физикалық және химиялық құбылыстарды өзара салыстыру арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Бұл үшін оқушылар алюминий сымын ию, қантты ұнтақтау, жағу, парафинді балқыту тәжірибелерін жасайды. Тәжірибе нәтижесінде оқушылар заттың қасиетін өзгермегенін, жаңа зат түзілмегенін көріп қорытындылайды. Ал қанатты жағу кезінде оқушылар назарын жаңа зат - көмір мен су түзілгеніне аударамыз. Осыдан кейін магнийді, парафинді жағу, мыс пластикасын күйдіру тәжірибесі жүргізіледі. Оқушылар жаңа заттардың түзілуіне назар аударады. Сонымен құбылыстар екіге бөлінеді - физикалық және химиялық деген қорытынды жасалады. Оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуге және оқулықтан анықтаманы таба білуді дағдыландыру үшін оқулықтан физикалық және химиялық құбылыстардың анықтамасын табуды тапсыру керек. Химиялық құбылыстың химиялық реакция деп аталатындығын, химиялық реакциялардын өз белгілері бола- тындығы айтылып, әр түрлі белгілері бар реакциялар жасап көрсетіледі: ерітінділерде тұнба түзілу.

( мысалы, BaSO 4 , AgCl, т. б) газ бөліну(H 2 , O 2 , NH 3 , CO 2 , т. б. ), батареяда тоқтың пайда болуы, соның әсерінен электр шамының жануы химиялық құбылыс екендігі түсіндіріледі. Оқушылардың назарын ең басты қорытындыға аудару керек: химиялық реакцияның ең негізгі белгісі жаңа заттардың түзілуі. Со дан соң реакцияның жүру жағдайлары қарастырылады

Тапсырма 1. Тәжірибе.

І топ. Қантты ұнтақтау, алманың қараюы.

ІІ топ . Сымды ию, Қантты жағу.

ІІІ топ . HCL + AgNO 3 --- AgCl + HNO 3 және Сутек асқын оксидінің су мен оттекке айналуы.

(Топтар тәжірибе жасау барысында төмендегі кестені толтырады. )

:
:
:

Критерийлер бойынша өздерін бағалап отырады

:
:
:
:
:
:
:

Тапсырма 2. "Бұл қандай құбылыс" Электрондық оқулықтан "Әртүрлі тұз ерітінділері" тәжірибесі көрсетіледі. Сұрақ

1. Бұл қандай құбылыс? Неге?

2. Химиялық реакцияның қандай белгілері бар ?

Тапсырма 3. Оқулықпен жұмыс.

І топ "Физикалық құбылыс", ІІ топ "Химиялық құбылыс", ІІІ топ " Химиялық реакцияның белгілері" туралы постырға жазып қорғайды.

(Екі жұлдыз бір ұсыныс бойынша бағалайды. )

Жаңа материалды бекіту үшін оқушылар төмендегі сұраққа жауап береді.

"Иә, жоқ"

1. Шыныны ұсақтаса ақ ұнтақ алынады. Бұл химиялық құбылыс.

2. Шегенің


Ұқсас жұмыстар
Физикалық және химиялық құбылыстар
Физикалық құбылыс, зертханалық құралдармен жұмыс істей білу
Химиялық реакция теңдеулері кезіндегі зат массасының сақталу заңы
Алғашқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар
Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі
Екінші оқушыға тапсырма
Химиялық реакциялардың теңдеулері. зат массасының сақталу заңы
Химиялық реакциялар типтері орынбасу, алмасу
Қосылу реакциясы
Химиялық реакцияның жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсері 10-сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz