7-сынып Технология: сылдырмақ жасаудың технологиясы және құрастыру-бекіту әдістері

Тексерілді.

« »2014ж

Пәні
Технология 7-сынып
Пәні: Сабақтың тақырыбы:
Технология 7-сынып: Сылдырмақ жасаудың технологиясы.
Пәні: Сабақтың мақсаты:
Технология 7-сынып: Білімділік: оқушылардың ағаш бөлшектерін шегемен, бұрандалы шегелермен құрастырып-бекіту тәсілдермен, желімдеу әдісімен танысады. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке, тазалыққа тәрбиелейді. Дамытушылық: Оқушылар қауіпсіздік ережесін тиімді пайдаланады.
Пәні: Күтілетін нәтиже
Технология 7-сынып: Ағаш бөлшектерін шегемен, бұрандалы шегелермен құрастырып-бекіту тәсілдерімен, желімдеу туралы теориялық білімдері қалыптасады. Пәнге деген қызығушылығы артады.
Пәні: Сабақта туындаған негізгі идеялар
Технология 7-сынып: Сын тұрғыдан ойлай отырып ой жүгірту және диалогтық оқыту барысында проблеманы шешу үдерістері қамтылады.
Пәні: Тапсырмалар
Технология 7-сынып: Сабақтың мақсаты мен мазмұнымен таныстыру.
Пәні: Сілтеме
Технология 7-сынып: Оқулық 7-сынып
Пәні: Оқыту әдістері
Технология 7-сынып: Топтық жұмыс
Пәні: Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі
Технология 7-сынып: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу, топқа бөлу, топ ере- жесін еске түсіріп, іліп қою.
Пәні: ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Технология 7-сынып:

Ағаш бөлшектерін шегемен, бұрама шегемен құрастырып-бекіту.

1. Желім түрлерін ата. 2. Мал өнімінен әзірлейтін желімдерді ата. 3. Шел желімі дегеніміз не? 4. Казеин желімі дегеніміз не? 5. Желімді қалай жасайды? 6. Шел желімді қайда пайдаланады? 7. Желім ісініп көтерілген кезде неше градусқа дейін қыздырады?

Пәні: ІІІ. Жаңа сабақ
Технология 7-сынып: Сылдырмақ аспабын ежелде бақсы, балгерлер, емшілер пайдаланылған. Ол негізінен алты бөліктен тұрады. Сылдырмақтың негізгі қатты ағаштан жасалуы тиіс; ал екі жақтағы тілшектер сылдырмақ жанына желімденеді. Оның қалыңдығы шамамен 5мм. Сызбадағы тілшектер саны 7-еу. Бұл бөліктер дыбыс шығару үшін қажет. Олар бірінен кейін бірі тиісінше үдете дыбыс шығару үшін оның астыңғы жағына аралық ағаш кесінділері қойылған. Аспап тілшектерінің түбі екі жағынан тесіліп, жібек жіпке немесе басқа мықты жіпке өткізіліп байланады. Сылдырмақ жасау үшін, бұл бөліктің екі данасы нақты өлшемдер бойынша бірдей етіп жасалады. Асатаяқ. Оның құрылысы аса күрделі емес. Ол тұтас ағаштан шабылып жасалады. Негізгі өлшемдері: асатаяқ беті, сылдырмақтары, асатаяқ беті, сылдырмақтары, асатаяқ негізі, тұтқасы
Пәні: ІҮ. Сергіту сәті
Технология 7-сынып:

Алпыс тісті айдаһар,

Ешқайда қадам баспайды.

Қозғалмастан жатады,

Ештеңеден саспайды.

Ағаштан тамақ жейді екен,

Жұтпай шайнап тастайды.

(Отын кесетін ара)

Тізіле өскен тісі бар,

Көп істеген ісі бар.

(Қол ара)

Бір итім бар қабаған,

Маңдайына темір жамаған

(Шапашот)

Жансыз жарады,

Жанды ұрады.

(Балта)

Кішкене ғана келіншек,

Төбесінде түйіншек.

(Шеге)

Пәні: Ү. Қорытынды
Технология 7-сынып:

-ағаш бөлшектерін шегемен бекітудің артықшылығы неде?

-шеге қандай материалдан жасалады және неліктен шегені қиғаш қағады?

- ағаштарды бұрама шегемен бекітудің мәні неде?

-бұрама шегелердің түрлерін ата.

- бұрама шегелерді неге ағашқа қағуға болмайды?

-желім түрлерін ата.

- желім сапасын қалай анықтауға болады?

Пәні: ҮІ. Үй тапсырмасы
Технология 7-сынып: Құрастырып- бекітудің басқа түрлері арқылы бұйымдар жасау.

Ұқсас жұмыстар
9-сынып технология сабағы: Шертер аспабын жасау технологиясы
6-сынып. Бейнелеу өнері: Керамика - тарихы, материалдары және ыдыс жасаудың әдістері
Технология пәні (5 сынып): Ыстық сусындар - шай дайындау технологиясы
7-сынып қазақ тілі сабағы: Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасаудың зиянды жақтары
Технология пәні: кеме үлгісін құрастыру бойынша практикалық сабақ
Тігін бұйымдарын құрастыру және алжапқыш тігу: технология пәні сабақ жоспары
7 «б» сыныпқа арналған технология пәні сабағы: Балық - тағамдық құндылығы мен аспаздық технологиясы
9-сынып Технология: Ағашты көркемдеп өңдеу түрлері және ою әдістері
4-сынып: Технология пәні бойынша киіз үйді құрастыру және практикалық макет жасау
5-сынып технология пәні: мата түрлері мен тоқыма талшықтарын жіктеу және мата дайындау технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz