Сабақ жоспары :: Музыка
Файл қосу
Отан ана аясында. 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Отан – ана аясында
Сабақтың мақсаты: музыка арқылы оқушыларды білімді, өнерлі болуға
талпындыру. Музыка арқылы сыпайылыққа, әсемділікке тәрбиелеу. Ән – жырға
деген сүйіспеншіліктерін арттыру, бұрын алған білік – дағдыларын одан әрі
дамыту.
Сабақтың міндеттері: Балалардың музыкалық білімдерін жетілдіру. Отанға
деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Көркемдік талғамдарын дамыту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Назарларын сабаққа аударту.
ІІ. Өткенді қайталау.
Сыныпты екі топқа бөліп, 4 – сыныпта өткен материалдарға шолу. Үйренген
әндерді еске түсіру.
1. Балалар, 4 – сыныпта музыка сабағы несімен естеріңде қалды?
2. Қандай әндермен таныстыңдар?
3. Әндерді жатқа айта аласыңдар ма?
4. Қандай композиторлармен таныстыңдар?
ІІІ. Жаңа сабақ
- Бүгінгі сабағымыз алғашқы сабақ болғандықтан, ең әуелі біз 5 – сыныпқа
арналған музыка оқулығымен танысып алайық. Мұқабасымен таныстыру. Шартты
белгілермен таныстыру.
- Отан – адамның туып-өскен жері, атамекені, ел-жұрты, тілі, мәдениеті,
салт-дәстүрі және әдет-ғұрып ерекшеліктері бар, белгілі бір халықтың
тарихи тұрағына айналған аймақ.
Ал біздің Сіздермен тұрып жатқан Отанымыз, атамекеніміз ол –
Қазақстан республикасы. Дүниежүзінде біздің мемлекетімізден басқа көптеген
халықтар, жерлер бар. Бірақ адамның туған анасы біреу болса, сол сияқты
туған атамекені де біреу ғана болуы тиіс.
Мемлекеттік рәміздер. Ата Заң.
Туған жеріңнің табиғаты қашан да ерекше ыстық болады. Оның тауы мен
тасынан, өзен-көлдерінен, тіпті құмы мен шөлдерінен де әсем әуендер естуге
болады. Бір мезгіл табиғатқа шығып тыңдап көрші.
І . Ән үйрету.
«Атамекен» әні
Әнін жазған: Е. Хасанғалиев
Сөзін жазған: Қ. Мырза Әлі
І . Әнді анализдеу
1. Әнді орындаған кезде қандай сезімде боласыңдар?
2. Қалай ойлайсындар, бұл ән қай уақыттарда шырқалуы мүмкін?
3. Композитор туралы не білесіңдер? Ол кісіні теледидардан көрдіңдер ма?
4. Егер түстермен әндерді белгілеген болсақ, бұл әнді қандай түспен
белгілер едіңдер?
І . Қорытындылау.
Сабаққа қатынасып отырған оқушыларды мадақтау.
І . Үйге тапсырма.
1. «Атамекен» әннің сөздерін жаттау.
2. Авторлар туралы мағлұмат.
3. Түрлі-түсті қағаздан немесе картоннан дөңгелекшелер жасап әкелу.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz