Сақтардың мәдениеті: археологиясы мен өнері

Сабақтың тақырыбы: Сақ мәдениеті

Сабақтың мақсаты: а) Сақтар туралы алған білімдерін

толықтыру, еске түсіру, сақтардың мәдениеті жайында білім

беру.

ә) Оқушыларды өз елінің өткен тарихына деген құрметке, үлгі

тұта білуге, бірлікке, адамгершілікке, ерлікке, қасиетті

мұраларымызды бағалай білуге, өз ұлтымен мақтана білуге

тәрбиелеу.

б) Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін

дамыту. Сақтар мен қазақ ұлтын салыстыру арқылы оқушыларды

өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: : Алтын адам және өзге де сақ ескерткіштерінің суреттері, слайд, тәуелсіздік монументі, әнұран.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақтың мақсатымен және барысымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру. ( үй жұмысын және өткен тақырыптарды қайталау үшін шағын ойын ұйымдастыру)

Оқушылар алдарындағы қалташадан билет алады. Билетке сұрақ жазылған. Балалар осы сұрақтарға «иә» немесе «жоқ » деп жауап берулері керек. Жауап толық берілгеннен кейін оқушылар сабақ соңында бағаланады. Сұрақтар өткен тақырыптар бойынша құрастырылады.

1. Археология халықтың шығу тегін зерттейді.

2. Ең ұзаққа созылған тарихи кезең - қола дәуірі.

3. Қола дәуірінен кейін темір дәуірі басталады.

4. Тастан жасалған еңбек құралдарды тұрмыстан біржола ығыстырған - темір дәуірі.

5. Қазақстан аумағынан алғашқы адамның қаңқасы табылды.

6. Неандертальдық адам Франциядан табылды.

7. Синантроп- Қытай адамы.

8. Кромоньондық - саналы адам.

9. Темір дәуірі үш кезеңнен тұрады.

10. Ерте полеолитте Садақ пен жебе пайда болды.

11. Тығыз қабаттағы кенді өндіру үшін отпен уату әдісі қолданылды.

12. Энеолит- орта тас ғасыры.

13. Арқайым - ең ежелгі қала.

14. Темір дәуірінің белді тайпалары - сақтар мен сарматтар.

15. Үлкен қорғандар ақсүйек және бай отбасылардың айрықша құқығына айналды. Оларды «патша қорғандар» деп атады.

16. Біздің елімізде Ә. Х. Марғұланның есімімен аталатын архелогия институты бар.

17. Сақтар б. з. д. 1мыңжылдықта Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген ежелгі тайпалар.

Жаңа сабақ.

Сақтардың мәдени мұралары.

1 . «Аң стилі».

«Аң стилі» өнері дәстүрімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады.

2 . Бесшатыр қорымы.

Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан.

3 . «Алтын киімді адам»

Антропологтардың анықтауынша, Есік обасында жерленген адам-17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы.

Оқушылармен шығырмашылық тапсырмалар орындау. (жұмыс дәптерден)

1. Сөйлемді толықтыр.

. . . бастап Қазақстан, . . . , Орал және . . .

. . . территорияларында « . . . » қалыптасты.

2. Сақ жәдігерлерінің аттарын жаз.

3. Археологияға саяхат жаса!

Сабақты қорытындылау: Жаңа тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтарға

тест арқылы жауап беру.

Үйге тапсырма: 15 тақырыпты оқып, мазмұндау.

Бағалау.

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Өскен негізгі мектебі

Тақырыбы:

Сақтардың мәдениеті

(6-сынып)

Өткізген: Амержанова М. Х.


Ұқсас жұмыстар
Темір дәуіріндегі сақтардың қоғамдық құрылысы мен мәдениеті
Сақтардың мәдениеті: қоғамы, материалдық мәдениеті және аң стилі
6-сынып: Ежелгі Грекияның өнері мен мәдениеті
Сабақ жоспарлары: Ежелгі Египет әдебиеті мен өнері; Сақтардың тәуелсіздік күресі; Тың жерлерді игеру
6-сыныпқа арналған сабақ: Ежелгі грек өнері мен мәдениеті
XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті: сәулет өнері мен қолданбалы өнер
Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті: сабақ жоспары мен бағалау тапсырмалары
Сақтардың мекендеген жері мен қоғамы
Қазақстанның қола дәуірі: археологиясы мен Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті, мәдениеті және өнері (7-сынып тарих сабағы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz