Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Тілашар дәстүрі


Егизбаева Сауле Хамитовна
Қарағанды облысы Жезқазған қаласындағы
№21 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Этнопедагогика негіздері» таңдау курсына өткізілген сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тілашар дәстүрі

Сабақтың мақсаты: Тілашар дәстүрін және оның маңызын түсінеді
Міндеттері:
*Мазмұнға байланысты міндеттер:
* Тілашар сөзінің мазмұнын ашады.
* Өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдердің айырмашылықтары мен
ұқсастықтарын түсінеді.
* Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндет:
* Өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдердің айтып, негізгі
ойды табады.

* Мазмұнын ашып, айтып бере алады.

* Өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдерді салыстырып,
қорытынды жасай алады.
* Топтық жұмыс процесіне байланысты міндет:
* Бірлесіп жұмыс жасау нәтижесінде оқушылар шағын топтағы
жұмыс өнімін
көрсете алады, өлеңмен салыстырады, қорытынды шығарады.

Сабақтың барысы:
• Қызығушылықты ояту
1. - Ашамай деген не?
- Ашамайды неден жасайды?
- Ашамайды ерттеп атқа мінген бала кімдерге келіп сәлем береді?
- Ашамайға мінгізу тойы қай мезгілде болады?
- Ақсақалдар балаға қандай тілек айтып, бата береді?
2. Топтастыру
- Біз осы уақытқа дейін қандай тақырыптар өттік?

Осы тақырыптардың бәрі кімдерге байланысты?

• Мағынаны таныту
Жаңа тақырыпты меңгертуге бастапқы қадам.
* Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Өткен өмірімізге саяхат жасап көрейік.
- Сендер оқуға мектепке келерде ата-аналарың не істеді?
- Оған кімдерді шақырды?
- Бұл тойда қандай ерекше оқиға саған әсер етіп, ойыңда қалды?
Мұғалімнің толықтыруы.
Бала 7 жасқа толғанда әке-шешесі, не атасы-әжесі қолынан жетектеп,
мектепке оқуға апарады. Баланың мектепке баруын ауыл-аймақ болып қуаныштап,
әйелдер баланың анасына қайырлы болсын айтып, «Тілашар» тойына арнап шашу
шашады. Қариялар кетерде жас балаға «хатты тез танып, кітапты көп оқып,
Лұқпандай хакім, Атымтайдай жомарт, 12 ғаламның тілін білсін» деп бата
беріп, тілек тілейді.

1. Әр топ өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын ашудан жарысады.
Көзімнің ағы-қарасы -
Жүрегімнің панасы.
Уайым, қайғы ойлатпас,
Көңілімнің санасы.
Айналайын шырағым
Көлге біткен құрағым,
Маңдайдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым.
Аймалап сені сүйгенде,
Анаңның көңілі болар жай.

2. «Жаңылтпашты жаңылмай оқы» ойыны

1- топ. Былдыр-былдыр, бүлдіршін,
Бұл бір білгіл бүлдіршін.
Білгір бұл бір бүлдіршін,
Білгірлігін білдірсін.

2- топ. Шуақтаған ботамды,
Шуға апарып шуладым.
Шудалаған шудасын,
Суға салдым,
Судан алдым,
Суға малдым.

3. Санамақ айтудан жарыстыру.

4. «Кім шапшаң» ойыны.
Бір әріптен басталатын мақал-мәтелдерді айтып, мағынасын ашу.
- Алтын алма, алғыс ал.
- Тәйке түспе – талабымнан.
- Жүкпен жүрген жүдемес.
- Жұмысқа жұғымы жоқтың, жолдасқа жылымы жоқ.

5. Топтар бір-біріне жұмбақ жасырып жарысады.

• Ой толғаныс сатысы
- Тілашар тойын өткізудің бала өмірінде қандай пайдасы бар деп
ойлайсыңдар?
- Тілашар тойы не үшін қажет?
Ойтолғау жазу «Тілашар дәстүрі»

• Кері байланыс парағын тарату.
Оқушыларды бағалау.

-----------------------
Салт-дәстүр


Ұқсас жұмыстар
Салтым-асыл қазынам
Салт - дәстүрім - таусылмайтын байлығым
Қазақтың салт - дәстүрлері
Бағалау үлгісі
«ұлттық мәдениеттану негіздері» курсы бағдарламасы
Қазақ халқының салт – дәстүрлері Салт – дәстүрлердің түрлері
Тілашар
Ата-баба дәстүрі –әдептілік негізі. 5-сынып
Қонаққа шақыру рәсімдері
Тілашар сценарий
Пәндер