Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Менің отаным - Қазақстан жайлы ақпарат


Қызылорда облысы.
Қазалы ауданы
Абай ауылы.
Абай атындағы №90 орта мектебі.
4 « а» сынып мұғалімі
Айсұлу Рахманберген

Тақырыбы: Менің Отаным- Қазақстан.
Мақсаты: Елін,жерін,тілін құрметтейтін таза ,адамгершілігі мол,өз Отанын
сүйетін азамат қалыптастыру.
Түрі: пікірлесу.
Көрнекілігі : суреттер,көріністер.мерекелік сөздер.

Барысы:
1. Ой қозғау : Көгілдір жалаушалар.
2. Мағынаны тану :Әлем таныған ,Қазақстан.
3. Өзіндік жұмыс: Өз құқыңды білесің бе?
4. Ой қорыту : Сыр сандық.

Ой қозғау: 1. Сыныпта неге көгілдір жалаушалар қойылған?
2. Тақырыпқа қарап сабақ не туралы болмақ деп

ойлайсыңдар?

Мағынаны тану: Мәтінмен жұмыс.

Әлем таныған ,Қазақстан.
Сенің Отаның ,туған жерің –Қазақстан.Отбасы мүшелері ,достарың да
Қазақстанда туып,өскен.Ата –бабаң
ежелден осы жерде туып өскен.Қазақстан – үлкен республика.Оның табиғаты
алуан түрлі,жері бай.Мұнда жазық дала да , орман да көл де ,шөлді аймақ та
бар.
Қазақстанда әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер,табиғаты көркем қорықтар ,
демалыс орындары көптеп кездеседі.Талай қиындықтарды бастан кешкен қазақ
халқы –бүгінгі күні егемендікке қол жеткізіп отырған ел.
Бабаларымыз өткен дәуірлерде Европа елдерін желден жүйрік
сәйгүлікпен аралап,көзсіз ерліктің нақты үлгісін паш еткенін жақсы
білеміз.Батырлық рухтың лайықты жалғасына бүгін де куәміз.
Қазақстанның 56 ірі ел бас қосатын мәртебелі ұйым –Европадағы қауіпсіздік
және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етуімен тағы да жер жаһанды
дүр еткізді.Халықаралық ұйым 1975 жылы 1 тамызда Финляндия астанасы
Хельсинки қаласында құрылған.Ендігі жерде әлем елдері Қазақстанды ,оның
президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты танып қана қоймай ,үлгі
етеді.Европадағы Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы(ЕҚЫҰ) биыл Нұрсұлтан
Әбішұлы белгілеп берген ұрандармен жұмыс атқарады.(Ұлан газеті)
Қазақ тілінде олар «сенім», «дәстүр», «жариялылық»,
«төзімділік» атауларын береді.
Қазақстан халқы бейбітшілік пен достықты,сенімді қарым қатынас пен
сыйластықты сақтауға үнемі дайын

Не байқадым не білдім?( Топтардың сұрақтарға жауап беруі)
1.Мына сөзді тарқатып айтып беру. ЕҚЫҰ
2.Ұйымға неше ел мүше?
3.Бұл мәртебелі ұйымды қай ел басқарады?
4.Бұл ұйым қай президенттің ұранымен жұмыс атқарады?
5.Қазақстан үнемі неге дайын?

Өзіндік жұмыс: Өз құқыңды білесің бе?
Қойылымдар көру арқылы пікірлесу.

1-көрініс. Екі оқушы аулада ойыншықпен ойнаған сәбиді жолықтырады.
- Ойыншығың әдемі екен кім алып берді?
-Ата анам,
-Ата- анаң тағы не үйретті?
-Үлкендерді сыйлауды.
-Біз үлкенбіз бе?
-Иә.
-Онда аяқ,қолыңды көтеріп тұр.
Сәби аяқ,қолын көтеріп тұрады .Оқушылар мазақ етіп кетіп қалады.

Сұрақ: - Қандай жағымсыз әдет көрдіңдер?
Бұл заң бұзушылыққа жата ма?

-Сәбиді ата - анасы дұрыс тәрбиелеген бе?
(Оқушы пікірлерін тыңдау)

Түйінді ой :Сәбиді ата -анасы дұрыс тәрбиелепті.Бірақ 17 бапты үйретпепті.
Ата Заңымыздың 27 бабында «балаларды тәрбиелеу ата ананың басты
міндеті»делінген.

Ата Заңымыздың 17 бабында «ешкімді азаптауға ,оған зорлық –зомбылық
жасауға ,адамдық қадір қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды»
делінген.

2-көрініс.Үш оқушы келе жатыр.Олардың біреуі:
-Бүгін демалыс қой,қалай демаламыз?
Ішім пысты .Бірдеңе жасайықшы.
Екіншісі :-биік жанатын алау жасайықшы .
Үшіншісі :-Таптым,таптым бәрің ауыздарыңды ашып қаласыңдар мына үлкен
ағашқа от тигізсек үлкен алау болады.От тигізейік - деп жүгіре жөнеледі.
Қалған екі оқушы «мұндай қызығыңның керегі жоқ» деп оны әрең тоқтатады.
Сұрақ:-Қандай жағымсыз әдеттер байқадыңдар?
- Жақсы қасиеттер байқалды ма?
- Бұл заң бұзушылыққа жата ма ?
(оқушы пікірлерін тыңдау)
Түйінді ой: Балалар 24 бапты білгенмен ,38 бапты білмейді екен.
1.Ата Заңның 24 бабында «әркімнің тынығу құқығы бар»делінген.
2.Ата Заңның 38 бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары
табиғатты сақтауға міндетті »

Ой қорыту : Сырсандық Жұмбақтар шешу.

Ескерту :Жұмбақтар Қазақстан қалалары мен қазақ батырлары туралы болады .

Бұл қаланың басталды жыры жаңа ,
Қазақстан төрінен мұны қара.
Бірінші буынында тамақ аты,
Екінші буынында ірі қала.(Астана)

Мәди мұнда шығарған саз өлеңін,
Тәттімбет те шашыпты өз өнерін.
Өркен жайған нән қала таскөмірмен,
Қамтамасыз етеді қазақ елін.(Қарағанды)

Қалған сүрлеу бар әлі Жошы ханнан ,
Құйыны бар билейтін тосын алдан.
Күрішті аймақ шақырар сені алыстан,
Ғарышты айлақ табылар осы маңнан.(Қызылорда)

Бибігүл шырқаса,әннің сәні келер,
Өнерге күш қайратын әлі берер.
Қала даңқын биікке тұр көтеріп,
Абай,Мұхтар,Шәкәрім ,Әмірелер.(Семей)

НайманныңиҚаракерей руынан,
Артық туған өзгенің мың ұлынан.
Бұл батыр Дарабоз деп атақ алған,
Жаумен шайқасқандағы қылығынан.(Қабанбай батыр)

Жанқияр патриотқа тән қылығы,
Бұл жас жігіт өлмейді смәңгі тірі.
Оны ойласам келеді құлағыма,
Әйгілі желтоқсанның жаңғырығы.(Қайрат Рысқұлбеков)

Таратамыз әлемге ,досқа атын біз,
Егер жырлай алмасақ босқа ақынбыз.
Ұлы Отан соғысында ұлты қазақ,
Кімдер еді мергендер- қос батыр қыз?(Әлия,Мәншүк)

(Жұмбақтар авторы Көмек Ыбырайұлы.)

Шығармашылық тапсырма : Қазақстанның көрікті жерлері ,ұлы адамдары туралы
жұмбақ құрастыру.


Ұқсас жұмыстар
Сабақтың тақырыбы. Топтарға бөлу
Менің отаным - Қазақстан!
Тәуелсіз елім - ұлы өлкем
Менің отаным Қазақстан жайлы
Менің отаным-туған өлкем! көркем әдебиет. ортаңғы топ
Менің Отаным - Қазақстан Отанымыз - Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту
Туған жер - алтын бесік
Тәуелсіз елдің көшбасшысы
Біздің еліміздің астанасы қай қала
6 сынып информатикадан тест
Пәндер