Әдептілік, әділдік

Сабақ жоспары Молдағалиева Ж. Е.
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
А) ақпараттық
Амандасады, түгендейді.
Аудиторияның сабаққа дайындығын тексереді.
Қажетті көрнекіліктер мен құралдарды дайындайды.
оқушыларды жұмылдырады.
Тыныштық сәті.
«Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап, гүл бағына саяхатқа барайық.
«Қараңдаршы, гүл бағында гүлдер қандай көп!!! Әсем әдемі гүлдер жайқалып тұр». Гүлдерге қарап күн күлімдеп тұр. Гүлдер күлтелерін ашып, күнге күлімдейді. «Қараңдаршы! Бақтағы сайран құстың дауысы,
сылдырап аққан судың дауысы естіледі. Бетімізге самал жел лебі еседі. Аңқыған гүлдердің хош иісі келіп тұр. Осы гүлдердің арасынан ұнағанын теріп алып, ең жақын досына сыйла»
Оқытушымен амандасады.
Сабақтағы жұмыстарға дайындалу, оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін және қажетті құрал-жабдықтарды әзірлейді.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады.
Студенттер өздеріне ұнаған гүлді айтады және өздерінің көңіл күйлерін жөнінде әңгімелейді.
Сабаққа зейінін аударады, сабаққа қызығушылығын арттырады.
-нақты мәселелерді шешуге үлес қосады.
Тыныштық сәтінін өткізу арқылы өзін еркін сезінеді.
Әдеп
ҮЙДЕ: Ата - анамен, іні - қарындаспен, аға - апамен қалай сыйласу, қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау;
КӨШЕДЕ: Дұрыс, сымбатты жүру, үлкен - кішімен сәлемдесу, қарт адам кездессе көмектесу, орынсыз ысқыру, тағы басқаларға жол бермеу;
МЕКТЕПТЕ: Оқушыларға арналған ережелерді сақтау, жолдастарымен, ұстаздарымен сәлемдесу, оқу орындарындағы қоғам мүлкіне дүрыс көзқараста болу, сабақты бар зейінімен тыңдау, сабақ үстіндегі бірыңғай талап ережелерін сақтау;
ҚОНАҚТА: Қонаққа келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу, әр нәрсеге таңданып орынсыз дүниелерді қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу, босқа абыржымау, екеу - екеуден сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу, үн -түнсіз, өзімен - өзі мұңайып отырмау, басқа қонақтардың, үй иесінің пікірлерімен санасу;
ДАСТАРХАНДА: Кітап оқымау, әңгіме айтпау, тырнақты ауызға салмау, басын ұстап қасымау, үлкеннен бұрын төрді иемденбеу;
ҚАЛАДА: Жинақы, қарапайым киім кию, көліктер арасында жол ережелерін сақтау, автобуста үлкен адамдарға, балалы адамдарға орын беру;
Әңгімелесу
1. Әдептілікті және әділдікті
қалай түсінесіңдер?
2. Өз бойларыңда осындай қасиеттер бар деп ойлайсыздар ма?
Студенттертақырып төңірегінде мұғалімнің қойған сұрақтарына толық әрі нақты жауап береді.
-Әдептілік, әділдік адам бойындағы баға жетпес рухани құндылықтардың бірі. Бұл қасиеттері бар адам көп нәрседе жақсы нәтижеге жетеді.
−Иа, бұл қасиеттерді өз бойымнан сезіне алдым.
Әдепті және
әділ адам студенттер кластер құрады.
Әңгімелесу арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.
Оза оқыту технологиясына сай «Әңгімелесу» әдіснамалық ұстанымы бойынша оқушылар сұрақтарға жауап беріп, әрбір оқушы өз пікірін айта айтып, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіреді
Тақырыпқа орайлас әдеп турасында қойылған сұрақтарды талдау арқылы әрбір бала аталған адами ізгі, баға жетпес құндылықтарға қарай ұмтылады. Бұл қасиеттер адам баласы үшін үлкен маңызға ие екендігін тереңірек ұғынады және оқушылардың сұрақтарға жауап беру барысында ойлау қабілеттері шыңдала түседі.
Әңгімелесуден оқушыларыдң әділдік ұғымдары туралы ойларын айқындай келе, тұжырым жасалынады.
III. Іс әрекет түрлері мен
Жаңа түсініктерді
қалыптастыру
«Мәтінмен жұмыс»
«Әдептілік» Ы. Алтынсарин
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі. Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды. Сонда ғалым тұрып: Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.
- Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс - әрекеті арқылы көрінеді?
- Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?
Ән шырқайық достар.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан
Арулар аз болды ма атқа қонған?
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан
Мәтінді мұқият зейін қойып тыңдап, берілген сұрақтарға тиянақты жауап береді.
−Адам бойында аталған қасиеттер, яғни төзімділік пен табандылық болса қиындықтан қорықпайсың.
− Бойында әдептілік, әділдік қасиеті бар адам еш мойымайды. Себебі, бойында аталға құндылықтар болған жағдайда ғана адам алға қарай еш қорықпастан ұмтыла түседі.
Студенттердің тыңдай және ести білуді, сезіне алу және сезіммен қабылдауды, ой елегінен өткізу мен пайымдай алуды үйренеді. Әңгімедегі әдептің мән - мағынасын тереңірек ұғына түседі.
Адам бойында бұл екі қасиеттің болуы, адамды еш қорықпауға, төзімді, табанды болуға жетелейтінін ұғады.
Өз беттерімен пайымдап, жаңа ақпараттан алған білімдерін қалай қолданатынын үйренеді. Сабақта қаралып отырған мәселе түйінделеді.
Студенттер ән айту арқылы көңіл күйлері сергіп, демалады. . Әннің сөдеріне мән беріп ұғынады, өз бойларына дарытады. Эстетикалық талғамдары күшейеді.
IY. Білік пен дағдыны
бекіту
Дәйек сөзбен жұмыс
«Қара қылды қақ жарған -
жақсылардың белгісі.
Әйтеке Байбекұлы
Әділ сөз ащы көрінер.
Жүсіп Баласағұн
Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа әділ бол!
Төле би Әлібекұлы
Шығармашылық жұмыс
І топ.
Поэзия минуты
ІІ топ
. Коллаж жасау
ІІІ топ
. Эссе
«Түйіндеме»
Осы екі адамгершілік құндылық адамды қандай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді?
- Өзгелерді түсінуге;
- Өмірге құштарлыққа;
- Өз күшіне сенуге;
- Ұтқыр шешім қабылдауға;
- Жеңіске;
Дәйек сөзбен топтық жұмыс атқарылады.
Студенттердің назары нақыл сөзіне аударылып, ондағы айтылатын астарлы ойды кеңінен талдап, дәйексөздің мағынасын ашады. Студенттер өздерін жақсы қасиеттерге қарай бағыттап, бойларына дарытуға тырысады.
Тапсырманы орындау барысында студенттердің ойлау қабілеттері тағы бір мәрте шыныға түседі. Әр адам баласының бойынан табылу керек құнды әдептілік, әділдік, сияқты қасиеттердің мағынасын ұғына түседі. Шыдамды, төзімді, әдепті адам ғана көп жерде жеңіске жететінін түсінеді.
Студенттер сабақ барысында айтылған түйіндемеден адам бойындағы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz