Сабақ жоспары :: Музыка
Файл қосу
Халық музыкасының концерті
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Абай орта мектебі КММ
музыка пәнінің мұғалімі: Нұрсұлтанова Әлемгүл Төлеуқызы
Сабақтың тақырыбы: «Халық музыкасының концерті»
Мақсаты:
1. Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрімен және оның құрамындағы
ұлттық музыкалық аспаптармен таныстыру.
2. Халық әндерін тыңдауға және айтуға үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақтарымызда біз халық композиторларымен, олардың шығармаларымен
танысқан болатынбыз.
Енді сол сабақтарды есімізге түсірейік.
1. Күйшілерді слайд арқылы көрсету
2. Күйлердің суретін көру
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Халық музыкасының концерті»
Алматы қаласында халық музыкасын тыңдайтын арнайы концерт залы бар. Ол –
Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің концерт залы (слайд). Қай
ұлттың болмасын өзінің ұлттық музыкалық аспаптары болады. Музыкалық аспап
белгілі бір ұлттың өнерін насихаттаушы құрал. Ертеде қазақтың әндері мен
күйлерін домбыра және қобыз аспабында жеке орындаған. Ал қазіргі таңда
күйлер мен әндерді оркестрдің орындауында тыңдауға болады. Оркестр
құрамында көптеген аспаптар бар. Оркестр дегеніміз – бірнеше музыкалық
аспаптардың бірігіп музыкалық шығарманы ойнайтын топты айтамыз.
(слайд)
Олар: домбыра, қобыз, сырнай, сыбызғы және т.б үрлемелі, ұрмалы аспаптар
бар.
Бұл аспаптарды 70-ке жуық адамдар орындайды. Мұндай үлкен оркестрді дирижер
басқарады (бейне слайдтан «Сарыарқа» күйін тыңдау)
Орындаушылар дирижердің қолының қимылына қарап барлығы бір адамдай
орындайды. Оркестрдің орындауында Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Тәттімбет,
Қазанғаптың күйлері ерекше бір күшке ие болады. Оркестр тек қана күйлер
орындамайды. Еуропа және орыс классик композиторларының шығармаларын да
орындайды. Ең алғаш халық аспаптар оркестрін құрып, оған жетекшілік еткен
Ахмет Жұбанов. Ол композитор, дирижер, бірнеше әндердің авторы (Слайдпен
фотосуретін көрсету)
ІV. Жаңа сабақты жан-жақты бекіту
«Кім ұшқыр» жұмбақтар шешу
Қарны қабақтай, бұты таяқтай
Тиіп кетсең жылайды, жыласа да ұнайды
(Домбыра)
Аузы оймақтай, ерні етектей
(Керней)
Тиіп кетсең жылаған
Даусы көпке ұнаған
(Домбыра)
Балалар сендер бүгін Құрманғазы атындағы оркестрмен, ондағы ойналатын
аспаптармен және олардың шығармаларымен таныстыңдар.
Осыларды қорытындылай келе, алған білімдеріңді қағаз бетіне түсірейік.
Аспаптардың суретін салдыру
Оқушылардың орындауында халық күйі «Қуанышты» тыңдау.
V. Қорытынды. «Кім жылдам»
«Адасқан әріптер» музыкалық аспаптарды дұрыс атау
1. Ғыбызсы – Сыбызғы
2. Лыбда – Дабыл
3. Бызқо – Қобыз
4. Бырамод – домбыра
5. Найсыр – Сырнай
1. Оркестрдің құрамында қанша адам бар?
2. Оркестрді кім басқарады?
3. Оркестрдің құрамында қандай аспаптар бар?
4. Алғаш ұлт аспаптар оркестін құрған кім?
Сабақты халық әні «Қалаулыммен» аяқтау.
VІ. Ахмет Жұбанов туралы оқулықтан оқып келу
VІІ. Бағалау
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz