Файл қосу

Моңғол шапқыншылығы

Сабақтың тақырыбы: Моңғол шапқыншылығы
Сабақтың мақсаты:
* Қазақстан аумағында XIІІ ғасырда моңғол империясының құрылуы, қоғамдық құрылысы, қазақ жерлерін басып алу кезеңдері, зардаптары туралы білімдерін тереңдету
* Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
* Ұлтжанды, елін жерін сүйетін, адамгершілік қасиеттерді бойына жинақтаған, батыл, иманды жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта , суреттер, сызба, т.б.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
* Оқу құралын тексеріп түгелдеу
* Оқушыларды белгілеу
* Оқушылар зейінін сабаққа аудару
<<Тарих рецеппен жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар деректерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін түсінуге бастайтын кілт сол>> деп тарихшы Е.Бекмаханов айтқандай сіздер тарих сабағына келдіңіздер!

Балалар <<тарих>> дегенде не айтқыларың келеді?
* Тарихтың қай кезеңіндеміз?
* Өткен тақырыптарға шолу жасасақ.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

* Үй тапсырмасын сұрау үшін тақтаға мемлекеттің атаулары жазылған плакаттар ілінеді. Оқушыларға кеспе қағаздарын тарату. Кеспе қағазында жазылған сұрақтардың тақтадағы мемлекеттердің қайсысына тиесілі екенін тауып, сол жөнінде әңгімелейді. Тақтаға ілінетін мемлекеттер атауы: Оғыздар,қимақтар, қарахандар. Берілетін сұрақтар:
* Ханның ұрпақтары - тегіндер,ілік хандар, бектер, нөкерлер...... (қарахандар)
* Комендациялық қанаудың түрі қай елге тиесілі? (қарахандар,әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына береді, ол әлсіз адамға қорғауға тиіс)
* Вақфтық жерлер дегеніміз не? (қарахандар, дінбасыыларға, діни мекемелерге ірі жер иеленушілер, көшпелі әскербасылар қалдырған жерлер)
* Музари не барзигар дегеніміз не? (үлеске алынған жерлерінен байлардың жинап отыратын салықтары)
* Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдаған мемлекет? (қарахан)
* <<ихтадар>> деп кімдерді айтамыз? (қарахан жер иеленушілерін айтамыз)
* М.Қашғаридың дерегі бойынша 24 тайпа, Әл-Марвазидің дерегі бойынша 12 тайпадан турады деп қай тайпа туралы айтқан? (оғызда)
* 1041 ж Шахмәлік Хорезмді жаулап алды...... (оғыз жабғуы)
* Әл-Идриси <<Ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды>> деп қай тайпаны айтты? (оғыздар)
* <<бой>>, <<оба>>, <<көк>> деп аталатын тайпалық және рулық бөлімшелер болған...... (оғыздар)
* Имек, қыпшақ, ланиказ, байандүр тайпалары қай мемлекетке кірді? (қимақ)
* М.Қашғаридың жазуына қарағанда <<жатақтар>> деп атаған..... (көшіп-қонуға мүмкіндігі жоқ, бір орында отырған қарапайым халық.)
* Жанақ қай елдің қағаны? (қимақтар)
* Карантия қай елдің екінші астанасы?
Үй тапсырмасын қорытындылай келе <<Ойлан тап>> ойынын ұйымдастыру.

Ойлан тап ойыны
Атудл
Анбал
Арпышташы
Айыжрал
Анықышылы
Ашқыто

* Жаңа сабақтың жоспары:
1.Моңғол империясының құрылуы
2. Моңғол империясының қоғамдық құрылысы
3.Моңғолдардың қазақ жерін басып алуы
4. Жаулап алудың зардаптары
5. Ұлыстардың құрылуы.

-1206 жылы- Темүжінді хан сайлады
-Империяны 95 түмен әкімшілік билікке бөлді
* Әрбір тұменде 10 мыңдай адам болды
* -үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді: оң, сол, орталық
* -мемлекеттің басты заңы "Жасақ" (яса)
* Мемлекеттік жоғарғы орган "құрылтай" болды: жылына бір рет шақырылды.

1217ж Жетісуға Жебе ноянды жіберді. 1218ж Жетісуды алды
* 1218ж Шыңғыс хан жіберген 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені Отырар қаласына келіп жеттіы
* 1219 ж 150 мың әскермен Шағатай мен Үгедей Отырарды қоршауға ал
* 1219-1224жж
* 121 9-1221 жж Шыңғыс хан Орта Азияны басып алды
* 1219-1224 жж Орта Азия мен Қазақстанды толығымен басып алды
* Жошы ұлысына - Шығыс Ертіс өзенінен батыс Еуропа жерлері
* Шағатай ұлысы - Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан
* Үгедей ұлысына - Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы
* Төле ұлысы - Моңғолияның өз жері

Сабақты бекіту:

* Блиц-тест
* (Дәрістің <<Моңғол шапқыншылығы>> деген тақырыбы бойынша)



Сұрақтар
Кілті


Жауап
Дұрыс жауабы
1
Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол империясының астанасы

2
Шыңғыс хан Жетісудағы түркі халқын өзіне тарту үшін

3
Шыңғыс ханның басты заңы <<Жасақ>> неше бөлімнен тұрды

4
Монғолдарда әскери істер, соғыс жоспары, империяның басқа да ішкі мәселелері қаралды

5
Жетісудағы 200-ден астам елдімекеннің ХІІІ-ХІVғ.ғ. монғол шапқыншылығынан аман қалғаны

6
Шағатай ұлысына тиісті жерлер

Бағалау: өзін-өзі
Үйге тапсырма: Моңғол шапқыншылығының тарихтағы орны


Ұқсас жұмыстар
Жоңғар шапқыншылығы зардаптары
Этникалық өзгерістер
Монғол шапқыншылығы оқу
Моңғол мемлекетінің құрылуы
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы жайлы ақпарат
Моңғол - татар шапқыншылығы
Үндістандағы феодалдық құрылыс
7-сынып, V ғасырдан XVII ғасырдың ортасына дейін
Монғол-татар шапқыншылығы туралы
Сұлтан бейбарыс
Пәндер