Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
М.жұмабаев педагогикасы және ұлттық тәлім-тәрбие
Тақырыбы: М.Жұмабаев педагогикасы және ұлттық тәлім-тәрбие
Еримова Маржан Мадетовна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қарағанды қаласы, №81 ЖББОМ
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт -- өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əлуетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдар да сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
Барша замандарда адамдардың рухани жəне тəн-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық, еңбектік, тəн-дене тəрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді. [1, 125]
Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі - ежелгі Греция философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит - балалар тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: <<Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды жəне оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді... Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тəрбиеге көбірек тəуелді>>.
Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ , Платон, Аристотель ,Тертуллиана еңбектерінде жарияланған.
Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық практикада төңкеріс жасады.К. Д Ушинскийдің есімі шын мәнінде XIXғ екінші жартысындағы орыстың оқу-ағарту қайраткерлерінің ең алдыңғы тобында саналады. Оның <<Балалар әлемі>>, <<Ана тілі>>, <<Педагогикалық антропология>> атты тамаша еңбектері, балалар мен мұғалімдерге арналған басқа да кітаптары орыс педагогикалық әдебиетінің баға жетпес классикалық шығармалары болып есептеледі, бұл еңбектер педагогика ғылымына алтын қор ретінде қосылды және дүние жүзіне әйгілі де болды.Ұлы педагог өзінің бүкіл өмірін халық ағарту ісіне және балалар тәрбиесіне арнады.
<<Отаныма неғұрлым көбірек пайда келтіру - менің өмірімнің бірден-бір мақсаты>>, -деп жазды К.Д.Ушинский. Оның өмір жолының бүкіл мәнісі осы сөздерінде еді. [1, 158]
Олай болса тәрбие - мәңгілік категория. Соған қарамастан <<Педагогикадағы>> қиын, күрлелі мәселелердің бірі тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады.
Қазақ халқында да осындай оқу-ағарту ісіне мейілінше еңбек еткен ұлы тұлғалар болды. Солардың бірі де бірегейі алаш арыстарының бірі, өзі өмір сүрген дәуірдің бір туар азаматы, халқының патриоты атанған Мағжан ақын зерттеп, этнопедагогиканың негізін салды.
Мағжан Жұмабаев әрi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым. Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiн жазумен бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жазған "Бастауыш мектепте ана тiлi" (1925), "Сауатты бол" (1926), "Педагогика" (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере өзiнiң "Педагогика" атты оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды: "Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн (орыс, батыс ғалымдарын айтып отыр - С.Қ.) таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым... Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға айналдырылды. Ал ендi жиһан тiлi (интернацианалдық терминдер - С.Қ.) болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс таппадым".
Шынында да ол кезде қазақша педагогикалық терминдар жоқтың қасы едi. М.Жұмабаев жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген.
Мағжанның жоғарыда аталғандай << Педагогика>> атты ғылыми еңбегі барын жақсы білеміз. Бұл еңбектің алғаш басылымы 1922 жылы 15 қырқүйегінде жарық көрген. Мағжанның бұл кітабы он бес бөлімнен тұрады. Мағжан өзінің осы педагогикасын 14 ірі бөлімнен құрып, әр бөлімінде педагогика ғылымын жан-жақты саралап, болашақ ұрпақ тәрбиесін беруде таптырмас көмекші құрал етіп қалдырған. [2 , 149]
Мағжан Жұмабаевтың педагогикасының мақсаты: 1.Ақыл тәрбиесі, 2. Құлық тәрбиесі, 3. Сұлулық тәрбиесі, 4. Дене тәрбиесі.
Ақыл тәрбиесі - түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын болса. Құлық тәрбиесі - жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын болса. Сұлулық тәрбиесі - сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден лаззат алып, жан толқытатын болса. Дене тәрбиесі - ыстық - суық, аштық-жалаңаштық, тұрмыста жиі ұшырайтын.
Тәрбиенiң бұдан басқа да бiрнеше түрлерi бар. Автордың төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол заманның талабынан туған көзқараспен астасып жатыр. Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие ол жылдарды (1930) онша актуальды мәселе болмаса керек.Автор осы тәрбиенiң төрт түрiн тәптiштеп түсiндiре келiп, былай дейдi: "Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы... Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын..." - деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi.
Педагогика пәнін М.Жұмабаев 5-ке бөледі: 1. Жалпы педагогика. Адамның дене һәм жан күштерін тәрбие қылу жолдарын көрсетеді. 2. Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді. 3. Методика. Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді қалай оқыту жолдарын көрстеді. Мысалы, мектепте қазақ тілі пәнін қалай оқыту керек екендігін үйрететін пән - қазақ тілінің методикасы деп аталады. 4. Мектепті басқару. Бұл пән мектеп қалай салынуға, қалай басқарылуға тиісті, сынақтарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу уақытын қалай белгілеу керек. Міне осылар сықылды мектеп құрлысы жолдарын көрсетеді. 5. Педогогика тарихы. Түрлі заманда түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар тапқан. Педогогика тарихы осыларды баяндайды. [2, 187]
Қорытындылай келгенде мына рухани азғындаған заманда Алашордашылардың, оның ішінде Мағжан Жұмабаев еңбектері ұлт тәрбиесін қалыптастыруда бірден бір көмекші құрал болары сөзсіз .
Ұлы М.Жұмабаевтың еңбектеріндегі ұстаздық-тәлімгерлік идеялары біз үшін өте құнды дүниелер болып табылады.
Автордың туған халқының тәлiм-тәрбиелiк бай мұрасын игеру жөнiндегi бағыт-бағдары да құптарлық. "Ұлт тәрбиесi - деп жазды ол, - баяғыдан берi сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi сөз жоқ, ұлт тәрбиесi мен таныс болуға тиiс. Сол ұлт тәрбиесi мен тәрбие қылуға мiндеттi" деген.
Мағжан орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинскийше, педагогиканың жан сырын терең зерттейтiн психология ғылымы мен байланыстыра қарастырып, қазақтың халық педагогикасын ғылыми тұрғыда зерделеп, болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне қажетті құнды дүниелер қалдырып кеткен.
Қолданылған әдебиеттер:
* Қалиев Қ. Этнопедагогика. Астана. 2003
* Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. 1992
* С.Сеңкібаев. М.Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі - ғасырлар тоғысында
* Б.Байменова. М.Жұмабайұлының педагогикалық мұрасы // Ұлт тағылымы.
* М.Бағыбаева. М.Жұмабаев және ұлттық тәлім-тәрбие // Ұлағат.
* С.Сеңкібаев. Мағжанның ұстаздық-тәлімгерлік идеялары және олардың дамуы
* Б.Дәрімбетов. Мағжанның бір мақаласы // Қазақстан мектебі.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz