Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Activstudio бағдарламасының сабақ беру үрдісіндегі мүмкіндігі


Исатаев Д.К.
Жезқазған қаласы,Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейдің тарих пәні
мұғалімі,менеджері

ACTIVstudio БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ САБАҚ БЕРУ ҮРДІСІНДЕГІ МҮМКІНДІГІ

В данной статье рассматриваются возможности использования информационной
программы ACTIVstudio на уроках истории.
This report about opportunities of informational program Active Studio
using in lessons history.

« Қазіргі заманда
жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа
сай
мүдделі жаңа білім беру өте –  қажет »
Н.Ә.Назарбаев

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі,
айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне  
мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара
тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу –
тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлату
бүгінгі күннің басты талабы болып саналады.
XXI  ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін
білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр
компьютерлік техниканы интернет,компьютерлік желі,электрондық
және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық
оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру./1/
Яғни, жаңа ақпараттық технологиялар - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды
даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудағы
негiзгi құрал компьютeр және интерактивті тақта болып табылады.
Интерактивті тақта - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген
жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды
құрал.
Қазіргі уақытта  білім беруде  интерактивті құралдарды кеңінен
қолданылып жүргені баршамызға аян. Сонымен қатар интерактивті құралдардың
көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып
отыр.
Білім берудегі интерактивті технология  - мұндағы интерактивті сөзі-
inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында
оқушының топпен жұмыс жасауға,оқушының сабаққа қатыспауы мүмкін емес, бірін-
бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын
ұйымдастыратын оқыту барысы Енді төмендегі көрсетілген кестеге назар
аударсақ интерактивті тақтаның білім беру процесінде үлкен мүмкіншіліктерге
ие екенінін байқауға болады.

Кесте №2. Интерактивті тақтаның оқытушы мен оқушыға тиімділігі.
|Оқытушылар үшін тиімділігі |Білім алушылар үшін артықшылығы |
|Жаңа материалдарды сыныптың |Сабақты қызықты етеді және мотивацияны|
|ортасында тұрып түсіндіруге,үлкен |дамытады |
|аудиториямен жұмыс істеу мүмкіндігі | |
|Кез-келген қосымшаның жоғарғы жағына|Ұжымдық жұмысқа қатысуға көп мүмкіндік|
|өз ойын жазуға,сурет салуға |береді,жеке және әлеуметтік дағдыны |
|мүмкіндік береді және импровизация |дамытады |
|мен икемділікті мадақтайды | |
|Сабақ барысында кез-келген сөзді |Материалдың анық,тиімді және серпінді |
|сақтауға,тақтадан көрсетуге және |берілуі нәтижесінде күрделі сұрақтарды|
|материалдың меңгеру деңгейін жеңіл |тез қабылдайды және игереді |
|тексеру мүмкіндігі | |
|Оқытушылар дайын материалдарымен |Білім алушылар өз-өздеріне сенімді |
|алмасуға және оларды қайтадан |болады және шығармашылықпен жұмыс |
|пайдалану мүмкіндігі |істейді |
|Оқытушыларды оқытудың жаңа жолдарын |Оқушылар жекелеген қажеттілікке сәйкес|
|іздеуге ынталандырады,кәсіби жағынан|белгілі бір ресурстарға сүйеніп,оқудың|
|өсуге ұмтылдырады |түрлі әдістерін қолданады |
|мұғалім тақта алдында тұрып, бір | |
|мезетте мәтіндік, аудио, бейне | |
|құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет| |
|ресурстарын қолдана алады. | |

Интерактивті тақта – оқытушыға оқыту үрдісін
оңтайландыруға,білім алушының танымдық белсенділігін дамытып,мазмұнды және
көрнекі тапсырмалар құруға, сабақты құрылымдауға,сабақ барысы мен қарқынын
жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологиялық құрал екеніне
көз жеткіземіз./2/
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық
бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі.Атап айтар болсақ:
• Пән бойынша базалық білімді  меңгеру ;
• Алған білімді жүйелеу ;
• Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
• Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
Қытайдың бір нақыл сөзіне көңіл аударсақ: «Маған айтшы – мен ұмытып
қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші –мен сонда
түсінемін» делінген.
Яғни, оқушылардың  көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін  20 %
есте сақтайтыны белгілі.Аудио және видеоақпаратты бір
мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады. Осы сөздерден
интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Осы интерактивті технологиясы бойынша «Қазақстан Ұлы Отан соғысы
жылдарында» тақырыбына дайындалған сабақ мазмұнын көрсетейік.
Оқытушы /Активті экран / көмегімен интерактивті тақтаның флипчарт
беттерін пайдалану арқылы оқушыларды сабақтың мақсат міндетерімен
таныстыра отырып, жаңа сабақтың кезеңдері  Power Point презентациясы
немесе мәтіндік ақпарат  түрінде беріледі. Сонымен қатар,
материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар,
гиперсілтемелер, графиктер  әзірлеп флипчарт беттерін оқушыларға
таныстырамыз.
І-Ұйымдастыру кезеңі[pic]

ІІ – Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.
Оқушылармен жаңа сабақты бастамас бұрын СТО технологиясының Ой қозғау
стратегиясын кіріктіріу арқылы оқушылардың негізгі білімі туралы мәселелер
анықталады./ Активті қалам/, /ACTIVslate/ көмегін пайдаланады.
Нені белесің?
Нені білгің келеді?
Нені білдің?
ІІІ – Жаңа сабақ кезеңі.
а) ACTIVstudio программасынының мүмкіншілігін пайдалану арқылы білім
алушыларға бейне-файлдар /VTS_01_3.avi .№1, тірек-сызбалар,суреттер т. б
бөлімі көрсетіледі. Яғни бұл жаңа сабақ кезеңінде оқушылар «Екінші дүние
жүзілік соғыстың» басталу барысымен және КСРО тарапына әділетті,фашистік
Германия тарапынан әділетсіз соғыс болғанына көз жеткізеді. СТО /мағынаны
тану/
б) Ұлы Отан соғысындағы ең атақты операциялар
Сталинград шайқасы /17.07.1942 - 2.02.1943/ http://www.spring.kz
Мәскеу түбіндегі шайқас /30.09.1941 - 20.04.1942/
VTS_01_4.avi бейне-файл №2 Б.Момышұлымен сұхбат.
Ленинград шайқас /10.07.1941 - 09.08.1944/
/Ж.Жабаев/ «Ленинградтық өрендерім»
ІV – Бекіту кезеңі.
ACTIVote , ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік
түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте
немесе диаграмма түрінде оқушылардың алған білімдерін тексереміз.
V – Үйге тапсырма кезеңі.
Білім алушылардың алдына бастапқы /СТО/ Ой қозғау стратегиясын
интерактивті тақтаның /Активті экран / көмегі арқылы шақырамыз.
ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ
тақтада жаза алады.
Бұл кезеңде сынып 4 топқа бөлініп қысқа мерзімді жоба тақырыптарын
таңдайды.
Нені білгің келеді? /Мәселе анықталып жоба тақырыптары анықталады/
Нені белесің? +
Нені білдің? +
Қорыта айтқанда, тақтада жұмыс істеген оқытушы мен оқушының
орындаған іс - әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.
Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды
қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты.
Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі
оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
       Сонымен , интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын
бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық
біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер:
1.Республиканский научно-методический журнал . №6 (30) – 2009
2. http://www.bsh.kz/news//2/


Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Activote тестілеу құрылғыларын дайындау
Мемлекеттік бағдарлама негізінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен инновациялық жолдарын жүзеге асыру
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану
Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқыту үрдісінде қолдану
Интерактивті тақта құрылғылары
Aқпaрaттық-коммуникaциялық технологияны әр түрлі пәндерде жaңaшыл тұрғыдa қолдaну
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері
Windows қосымшалары
Visual basic ортасында программа құру поцесінде шартты операторды пайдалану
Пәндер