Қазақ хандығын таныстыруға арналған тарихи-танымдық сайыс сабақ жоспары

Мақсаты: Тарихи-танымдық ойын арқылы оқушыларды қазақ хандығының тарихымен таныстыру.

Қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқушыларды Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, нақыл сөздер

Түрі: сайыс.

Барысы:

1. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсат-міндеттері.

2. Ұйымдастыру:

1. 1. Қатысатын оқушыларды таныстыру (5 оқушы қатысады)

1. 2. Әділқазылар алқасын сайлау.

1. 3. Сайыстың кезеңдерімен таныстыру.

Сайысымыз бес кезеңнен тұрады:

I. Сұрақ - жауап

II. Жасырын ұяшық

III. Суретте кім?

IV. “Әріптер сөйлейді”

V. “Замандастар”

VI. Қорытынды

I. Сұрақ - жауап

1) Аңыз бойынша қазақ хандығының арғы атасы болып кім саналады? (Алаш)

2) Қазақ хандары әулетінің арғы атасы кім? (Жошы)

3) Қазақ хандығының іргесін қалаған алғашқы хандар (Керей мен Жәнібек)

4) Қазақ хандығы алғашында Қазақстанның қай аумағында құрылды? (Батыс Жетісу жерінде)

5) Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды? (Мұхаммед Хайдар Дулати)

6) Қасым ханның заңдары (Қасым ханның Қасқа жолы)

7) Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдар (Есім ханның Ескі жолы)

8) Қазақ сөзінің мағынасы (бостандық сүйгіш, ержүрек, еркін адамдар дегенді білдіреді)

9) «Дарабоз» атанған батыр (Қабанбай)

10) XVIIғ. 80-жылдары қай хан Ресейге 5 елші жіберді, осындай 5 елшілік Қазақ хандығына келді? (Тәуке хан)

II. Жасырын ұяшық. Тақтада 4 түрлі тақырыптағы тапсырмалар берілген. Жауап берген оқушы ұпай санына ие болады.

Хандар
10
20
30
Хандар: Билер
10: 10
20: 20
30: 30
Хандар: Батырлар
10: 10
20: 20
30: 30
Хандар: Ержүрек қыздар
10: 10
20: 20
30: 30

Хандар

10- Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)

20- «Жеті-Жарғы» заңдар жинағы қай ханның тұсында жасалды?(Тәуке)

30 -Жәнібек ханның баласы. Бұл ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны 1млн-ға жетті (Қасым хан)

Билер

10- Ұлы жүздің биі (Төле би)

20 -90 биді бастап Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды босатып әкелген би (Қазыбек би)

30- 93 жасында қайтыс болып, Ташкентте жерленген би (Төле би)

Батырлар

10- Қабанбай батырдың шын есімі (Ерасыл)

20 - Түркістан өңірінде, Бөген өзенінің жағасында дүниеге келген батыр (Бөгенбай батыр)

30 - Ұлы ақын Мағжан Жұмабаев бұл батырдың ерлігін дастанында жақсы бейнелеген (Батыр Баян)

Тарихтағы қыздар

10 -Қабанбай батырдың әйелі (Ғауһар)

20- Кенесары ханның қарындасы (Бопай)

30- Абылай ханның қызы (Айтолқын)

III. Суретте кім? . Суретте кімдер бейнеленген.

IV. “Әріптер сөйлейді”. Бұл бөлімде экраннан әріптер көрсетіледі. Әріпті таңдағаннан кейін сұрақ қойылады, ал жауап сол әріптен басталады.

А
Ш
К
Б
Н
А: Т
Ш: Ә
К: С
Б: Қ
Н: Ж
А: Х
Ш: Р
К: Қ
Б: М
Н: Ж
А: Ж
Ш: Ә
К: Б
Б: М
Н: С

1) Аты аңызға айналған қазақ ханы (Алаша хан)

2) Қару-жарақ (шоқпар)

3) Қазақтың соңғы ханы (Кенесары)

4) Астана қаласының символы (Бәйтерек)

5) Ұлы жүздің шапырашты руынан шыққан батыр (Наурызбай)

6) Дана, әділ деген атағы шыққан хан (Тәуке)

7) 21 жасынан ол бүкіл Бұхара, Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақ құрама жұртының бас биі болған (Әйтеке би)

8) Ханның мұрагерін қалай атаған? (сұлтан)

9) Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі қалай аталды? (Құрылтай)

10) XVII ғ. қай мемлекет Қазақстанға қауіп төндірді? (Жоңғар)

11) Ел билеушісі (Хан)

12) Руды басқаратын басшы (Рубасы)

13) Қазақ хандығы ту тіккен жер (Қозыбасы)

14) Қазақ ханы (Мұрындық)

15) Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан заң (Жеті Жарғы)

16) Қазақ хандығының басқару жүйесі неше тармақтан тұрды? (жеті)

17) Қазақтың қай ханы алғаш Ресей бодандығын қабылдауға ниет білдірді? (Әбілқайыр)

18) Жеке ерлігімен ерекше көзге түскен ержүрек, қаһарман адам (батыр)

19) Абылай ханды қалмақ тұтқынынан босатуға қатысқан батыр (Малайсары)

20) Абылайдың лақап аты (Сабалақ)

V. “Замандастар”

VI. Соңғы қорытынды сөз-әділқазыларда, жеңімпазды анықтау, марапаттау.


Ұқсас жұмыстар
Тамыры терең - тарихи танымдық сайыс: сабақ жоспары
Тарих қадамдары: мектепішілік тарихи танымдық интеллектуалдық сайыс бағдарламасы
Семей көшелері: тарихи-географиялық танымдық сайыс сабақ
Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары - интеллектуалдық тарихи-танымдық сайыс сабағының жоспары
Хақназар хан (1538-1580): ел билеуі мен Қазақ хандығын нығайту
6-сыныпқа арналған аралас сабақ жоспары: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы және Үздік тарихшы тарихи-танымдық сайыс
Армысың, әз Наурыз: Наурыз салт-дәстүрін таныстыруға арналған танымдық ойын сценарийі
Бауырсақ ертегісі арқылы бастауыш топқа мамандықтарды таныстыруға арналған танымдық сабақ
Елім менің: Қазақстан тарихы мен мәдениетін таныстыруға арналған танымдық ойын
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарихи-танымдық кеш сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz