М. Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасын талдау бойынша сабақ жоспары

БҚО, Бөкей ордасы ауданы

Б. Жаникешев атындағы ЖОББМ

Утарбаева Жанылсын Курамисовна,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Мақсаты: Поэманың мазмұнын меңгере отырып, өзіндік тұжырым жасауға, жалпы болжам жасап, ой қорыта білуге үйрену.

Күтілетін нәтиже:

А - поэманы оқиды, мазмұнын түсінеді;

В - кейіпкерлерін таниды, құрылымдық талдау жасайды;

С - жырды оқып бағалайды, өзінің мақсатына батылдық, еңбек арқылы жететінін түсінеді.

І. Қызығушылықты ояту.

1. «Теңізшілер» тренингі арқылы сынып оқушыларын 3топқа бөлу. Қарсылас топтар бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бас бармақ», «Бағдаршам» әдістері арқылы бағалайды.

ІІ. Мағынаны тану.

  • Балалар, біз XX ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының Хантәңірі - Мағжанның «Батыр Баян» поэмасымен танысып өттік. XVIII ғасыр - қазақ тарихындағы ел тағдыры сынға түскен түйінді кезең. Бұл атамекенді жат жерлік басқыншылардан азат ету жолындағы Отан соғысында Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай сынды қолбасшылардың бастауымен бір жұдырықтай түйілген батыр бабалармыздың жанқиярлық ерлік өнегесін тарих беттеріне өшпестей етіп қашаған кезең еді. Иә, тарих - шындық.

Поэма сюжеті XVIII ғ. қазақ-қалмақ арасындағы аласапыран, қиын- қыстау күрделі заманды бейнелеп, ұлт азаттығы, халық бостандығы жолында жан аямай күрескен, тарихта болған Баяндай батырдың басына құрылады.

Сондықтан Мағжан қазақ азаматтарына әрі сын тағып, әрі ауыр міндет жүктеп, олардың алдына Абылай хан мен Батыр Баянды идеал етіп ұсынады. Олардың ерлік, даналық, адамдық істерін санада, жүректе жаңғыртады.

Мінеки, сондықтан бүгінгі сабағымызда «Батыр Баян» поэмасы бойынша талдау жұмыстарын жүргіземіз.

«Батыр Баян» поэмасында қандай мәселелер қозғалды? деген сауал көлемінде ой қозғау .

1-тапсырма:

Шығарманың құрылымы бойынша постер қорғату арқылы поэма мазмұнын еске түсіру.

І топқа - оқиғаның басталуы, дамуы

ІІ топқа - оқиғаның шиеленісуі, шарықтау шегі

ІІІ топқа - шешімі.

2-тапсырма:

Ассоциациялау

Шығармадағы басты кейіпкер Баянның бойындағы қасиеттерді антонимдік жұппен жазыңдар.

3-тапсырма:

Шығарманың көркемдік ерекшелігі

І топ - теңеулерді табу

ІІ топ - эпитеттерді табу

ІІІ топ - метафораларды табу

4-тапсырма

І топ - «Баянның інісі Ноянды өлтіруі дұрыс па?» (дискуссиялық карта) (ия/жоқ) .

ІІ топ - «Әңгімедегі бақытсыз жан . . . » рөлдік ойын.

ІІІ топ - Ш. Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» поэмасы мен М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмаларын салыстыру (Венн диаграммасы) .

ІІІ. Рефлексия.

«Ноянның өліміне кім кінәлі?» тақырыбына эссе жазу.

«Теректегі орным» парақшалары арқылы кері байланыс жасау.

Үйге тапсырма: шығармадан ақын монологын тауып жаттау, қазақ-жоңғар шапқыншылығы туралы мәлімет жинау.


Ұқсас жұмыстар
9-сынып қазақ әдебиеті: М. Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасын талдауға арналған сабақ жоспары
Мағжан Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасын тарихи-эпикалық және психологиялық талдау негізіндегі сабақ жоспары
С. Сейфуллиннің Көкшетау және М. Жұмабаевтың Батыр Баян поэмаларындағы Абылай, Адақ пен Баян бейнелерін салыстырмалы талдау
М. Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасы: махаббат пен борыш тақырыбын әдеби талдау (Қазақ әдебиеті, 11-сынып)
8 сынып әдебиет сабағы: М.Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасын талдау
Мағжан Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі: 8-сынып қазақ әдебиетінің күнделікті сабақ жоспары
Батыр Баян поэмасының композициялық құрылымын талдау: 7-сыныпқа арналған сабақ жоспары
М. Жұмабаевтың Түркістан поэмасын талдауға арналған оқу-әдістемелік жоспар
Мағжан Жұмабаевтың Түркістан өлеңін талдау бойынша оқу-әдістемелік сабақ жоспары
8-сынып әдебиет сабағы: М. Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz