Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шуағын төккен 4 жыл (бастауышпен қоштасу ертеңгілігі)


Шуағын төккен 4 жыл
(Бастауышпен қоштасу ертеңгілігі)

Гулниса Ешова

Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты. Білім жолы бастауыштан басталатынын бастауышта алған
білімнің негіз болып
қаланатынын түсіндіру. Бастауыш сыныбымен, алғаш
қолына қалам ұстатқан
алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, сәт сапар тілеу,
үлкенді құрметтеп, еңбекті
бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сынып бөлемесі безендірілген
Мұғалім: Қош келіпсіздер құрметті ата-аналар, құрметті әріптестер,
оқушылар! Бүгінгі күн
осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның
ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл
бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған
балаларыңыз білімнің негізі болатын
бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып
қоштасқалы отыр

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда
Мұндай күн болған , сірә, қаншаңызда
Қол соғып, қошеметпен шақырайық
4-сыныпты ортамызға
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері
ортаға келеді.)
Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 жыл бұрын 6 жасар бала
болса, бүгін міне ес біліп,
етек жиған шәкірт.

Лидия: Содан бері арада 4 жыл өтседе, бәрі де көз алдымызда күні
кешегідей қаз –қалпында.
Атап айтсақ
Жарасхан: Алғашқы салтанатты жиын
Жанболат: Тұңғыш соғылған қоңырау дауысы
Толқын: Ұстазымыз берген әліппені қызықтай парақтағанымыз.
Лидия: Қолымызға қаламды дұрыс ұстай алмай қиналғанымыз.
Думан: Әріпті әріпке қосып оқи алмай жыламсыраған сәттеріміз
Ғазиза: Саусағымыздың көмегімен есеп шығарған кездеріміз.

Мұғалім: Және де «Әліппемен қоштасу», дәстүрлі «Наурыз тойы» Жаңа жыл
мерекесі, өнерлі
қыздар, әнімді анама арнаймын, мәнерлеп оқу сайыстары,
ашық сбақтар мен тәрбие
сағаттары, сынақ жұмыстары балалардың есінде ұзақ сақталары
сөзсіз.Міне , бүгін біздің
бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш
сыныбымен қоштасып, бір жылға
есейгелі отыр. Ендеше қызықты да керемет
өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен
сусындатқан ұстаздарына және ата-аналарына өз
ризашылықтары көрсетуге дайын.

Жанболат:
Армысың сен
алтын ұя мектебім
Саған айтар
жыр алғысым көп менің
Жүректерге
жаққан білім шырағың
Мақтан етем,
сені мәңгі мектебім!

Ғазиза: Мектебім-білім берер алтын ұям
Ер жетіп, сенде өзім, артты санам
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Думан:
Тек
үйреттің әділтікті адалдықты
Жирендік ажыраттық жамандықты
Жалғастырар ақ жолын сенің салған
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты
Ән: Ұстазым
Мұғалім: 4 жыл бойы негізгі пәндермен бірге өзін-өзі тану, ән
бейнелеу пәндеріне өнер үйренді
дәріс алды. Сол ұстаздар атына жылы лебіздер
тыңдайық .

Толқын: Думан:

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны
Үйретіп бізге алғаш әліппені
Оқудың сәулесімен жарық берген
Бақытгүл апай мың алғыс
Байсалды мінезімен бір қалыпты
Өнеріңмен көкейімде із қалыпты
Ұстатып қыл қаламды қолыма өзің
Ерінбей өнеріңді бізге үйреткен
Жанболат ағай мың алғыс

Жарасхан: Дене шынықтыру пәнінен
Білім алды балалар
Қане, түзу тұрыңдар
Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым
Шапшаң басып жүріңдер
Денсаулықты біліңдер- ,деп үйреткен
Балзия апайға мың алғыс

Толқын:
Жанболат:
Ой жіберсең бәріне
Өзін-өзі тану пәніне
Өмір сырын үйреткен
Әдептілікке баулыған
Гаухар апайға мың алғыс

Музыка пәнінен білім алды балалар
Әуезді де көңілді
Ән үйреткен біздерге
Ұстаздың көп қой еңбегі
Рахым ағайға мың алғыс.
Ғазиза:
Үйренеміз жалықпай
Ағылшын тілін шарықтай
Тіл сындырып , ән айтып
Шаттанамыз қалықтай
Мәрзия апай тәлімі
Сәулесін шашқан жарықтай
Мәрзия апайға мың алғыс

Лидия: 4 жыл бойы нәріменен
Мейірлене нұрландық
Бәрі : Білім береген біздерге
Өткен күннің бәріменен
Рахмет үлкен сіздерге
Адал да , шын дос болдық

Ән «Ғалымда»
Би: «Қамажай»

1. Думан:
Өмірдегі жолымды бір өзіңмен бастадым
«А» әріпін алғаш сенен бастадым
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның

2. Лидия:
Бірдей біздің,ойымыз да сырымыз
Бір мектептің ұлыменен қызымыз
Бірдей өстік оқуда да еңбекте
Күліп ойнап біріміз бен біріміз

3.Жанболат:
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім жырларым
Азық болар мәңгі талай жылдарға
4. Жарасхан:
Бастауышым - балбұлағым
Алдым сенен балдың дәмін
Әріп танып білім алып
Рахметімді жаудырамын
5. Толқын:
Бастауышым - балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағың
Өзің берген біліміңмен
Ғазиза: Өтті сенде қызық шағым
Бастауышым - бал бұлағым
Қоштасар күн жетті міне
Қимастықпен қол бұлғаймын
Самғап ұшар тау қыраның

Ән «Қош бол бастауыш» (Әнші балапан сазымен)

Лидия: Құтты болсын достарым
Алға атаған қадамың
Жайқалып тұрған көктемгі
Өмірлерің гүл болсын (гүл шашады)

Ән «Армандастар»

Жарасхан: Байсалды мінезіңмен бір қалыпты Қоссаңдар бірді
екіге үш болады
Менің де көкейімде із қалыпты Деуші
едің білімменен күш толады
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің, Алғыр
бол, әдепті бол , сабырлы бол
Ерінбей үйреттіңде әр әріпті,
Ақылмен іс істесіең іс болады

Беруші ең бізге айтып, өлең
тақпақ
Таласып алушы едік біздер
жаттап
Өзіңіз баға қойған
қүнделікті
Жоғалтпай өмір бойы жүрем
сақтап.

Ғазиза: Тәрбие, білімді жалғаймын
Бүгін мен есейген жандаймын
Қош бол бастауыш мектебім
Мен енді биікке самғаймын

Ән «Құтты бастауыш» (орындайтын:
Жарасхан)

Лидия: Шәкірттер сіздерге айтып мақтанамыз
Бейнеңіз жүректерде сақталады
Біз әлі биіктерден көрінеміз
Үміт пен сеніміңіз ақталады

Бәрі: Мың алғыс сізге біздей
түлектерден
Мың алғыс мына отты
жүректерден

Би «Балдырғандар вальсі»

Марапаттау

Мұғалім: Жақсы шәкірт азамат атанады
Халқына ата-анадан бата
алады
Ұрпағына айтсын деп ақ
тілегін
Ортаға шақырамыз ата-ананы


Ұқсас жұмыстар
Бастауышым - бал бұлағым
Қош бол, сүйікті бастауышым
Аттанайық, бала шақтан болашаққа!
Бар білімнің қайнар көзі,бастауы-бастауыш сынып екеніне көз жеткізу
Шашу еткен ұстазым
"бастауышым-бастамам" ертеңгілік
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Мектеп вальсі
Бастауышым-балбұлағым. бастауышпен қоштасу кеші сценарий
Бастауышпен қоштасу жайлы ақпарат
Пәндер