Мүсіндеу сабағы: Менің моншағым - ермексаздан моншақ жасап балалардың ұсақ қимылдарын дамыту

Сабақ : Мүсіндеу
Сабақтың тақырыбы : Менің моншағым
Сабақтың мақсаты :
1. Ермексаздан көлемі әр түрлімоншақжасау арқылы қолдың ұсақ қимылдарын дамыту.
2. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
3. Еңбекқорлықа, істі аяғына дейін жеткізе білуге әрбиелеу.
Әдіс тәсілдері : Түсіндіру, көрсету, илеу, созу, шымшып тарту, домалақтау.
Керекті құралдар : Ермексаз, картон үлгісін, суреттер.
Сабақ барысы :
Ұйымдастыру кезеңі :
- Шаттық шеңбері
- Қайырлы таң, жер -ана.
- Қайырлы таң-көк аспан
- Қайырлы таң, достар.
- Қайырлы таң, апайлар.
-Бойымызды тік ұстап әдемі болып отырамыз.
- Балалар, жылдың қазір қай мезгілі :
-Күз мезгілі.
- Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-Күн салқын, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып, желмен ұшып жерге түседі.
-Күз мезгілінің ай аттарын атайық ?
-Қыркүйек, қазан, қараша.
-Қазір қандай ай ?
-Қазан.
-Аптаның екінші күні.
-Күн сейсенбі
-Бүгін бізде мүсіндеу іс -әрекетінен моншақ жасаймыз.
-Енді, балалар наларыңа сыйлыққа моншақ жасайық?
-Балалар мүсіндеу іс-әрекетінде заттарды мүсіндегенде, қандай әдістер қолданамыз.
- «Илейміз» екі алақанға салып.
-«Созу» тарту
-«Домалақтау» - екі алақанға салып, айналдыру.
-Бүгін домалақтау әдісімен моншақ жасаймыз.
-Ескерту : Балалар ермексазды ауызымызға салуға болмайды. Онда зиянды заттар бар.
-Енді, балалар, қандай моншақ жасадыңдар?
-Арман анасына қызыл түстен үлкен моншақ жасапты.
-Жансая кішкене сары моншақ жасапты.
-Жарайсыңдар, балалар !
-Өте жақсы жасадыңдар
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
-Бүгін мүсіндеу іс-әрекетінен не жасадық?
-Моншақты мүсіндеп үйрендік !
Қорытынды :
-Балалар, сендерге бүгінгі мүсіндеу іс-әрекет ұнады ма ?
-Біз не жасадық ?
-Анамызға моншақ жасадық.
-Өте жақсы, балалар.
-Барлықтарыңа рахмет!
-Сау болыңдар !
Алматы облысы
Райымбек ауданы
Тегістік ауылы
Шағын орталық тәрбиешісі
Тәліп Зәбира Әліқызы