ҰБТ-ға дайындық: математика оқытудың әдістемесі және оқушылардың ынтасын арттыру

Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындау.

Бүгінгі таңда баланың білімін сынайтын, ұстаз шеберлігін анықтайтын, және мектептің, аудан жетістігінің көрсеткіші ол - ҰБТ.

Білімді ұрпақ дайындауда шығармашылықпен еңбек ете білген жөн. Оқұшы өздігінен еңбек етіп, талпынып, жеткен жетістігінің жемісін көре білуі тиіс . Мұғалім оқушымен үнемі тығыз байланыста болуы қажет .

Орыстың ұлы ғалымы М. В. Ломоносов «Ақыл -ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» - деген . Осыған байланысты оқушының ақыл - ойына зор ықпал жасау қажет .

ҰБТ сапасын көтеру мақсатында әр бір мұғалім өз алдына міңдеттер қойып, оларды жүзеге асыру үшін үнемі ізденіс үстінде болу керек . Әр сыныптың оқу бағдарламасындағы тақырыптарды тиянақты әрі қатесіз меңгерту қажет .

Әр жеке тұлғаның саналы және сапалы жұмыс істеуіне ықпал ету керек .

ҰБТ-ның сапасы жақсы болу үшін қосымша жұмыстар жүргізуге тура келеді .

Тестке дайындық жұмыстарын 5 - сыныптан бастаған жөн .

5- сыныптан 9- сыныптарға дейін жүргізілген тест жұмыстарын орта буын бойынша қорытындылап алған дұрыс. Осы сыныптар арасында тест кітапшасымен жақсы жұмыс істеген оқушы әріқарай да іздене береді .

Осыған орай біздің мектепте жыл сайын тамыз айында математика пәні бойынша пәндік лагерьлер ұйымдастырылады . Онда оқушыларды ҰБТ -ға дайындауға байланысты жұмыстар жүргізіледі .

5- сыныптан бастап формулалар жинағын жасап, олардың ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтау, есте сақтаудың және дұрыс қолдана білудің жолдарын көрсетуге байланысты жұмыстар қолға алынды .

Үзбей жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде оқушылар қиындық көрген тақырыптарының сараптамасын өздері жасайды .

Қайталаудың негізі осыдан туындайды .

Оқушылардың міндетті білім, білік және дағдыларын анықтау мақсатында О. В. Узорова, Е. А. Нефедованың басшылығындағы уақытқа байланысты тез есептеу және Л. Г. Петерсонның оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыруға байланысты 1-4 сыныптар бағдарламасына сәйкес жұмыстарды бастауыш сыныптардан бастап жүргізу дәстүрге айналды .

Факультатив сабақтарында жылдам және ауызша есептеу тәсілдері, ҰБТ -да кездесетін күрделі тақырыптар, сондай - ақ стандарттық емес есептерді шығарудың жолдары қарастырылады .

Қай істің болса да, бастауы берік, ұтымды құрылып, ойластырылып жүргзілсе, дәйекті жалғасын тауып, игілік көзіне айналары сөзсіз .

Тек ізденіс, алға ұмтылу, тың идея, жаңа серпіліс қана алға итерер күш болады .

Математика пәні мұғалімі : П . Бакиева

И. Искандеров атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Оқушының математика пәніне қызығушылығын арттыру

Оқушының математикаға ынтасын дамыту мұғалімнің негізгі мақсаты болып табылады . Оқушының пәнге қызығушылығы - оны табысты да, түбегейлі игерудің негізгі шарты .

Пәнге танымдық қызығушылықты дамытудің үш шарты бар:

Біріншісі - мазмұнның жаңғыртылуы, бұрын жария етілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған материалдарға тарихи бағдар беру, ілімнің практикалық мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау .

Екіншісі - өз бетінше жұмыс істеудің әрқилы түрлерін, оқытудың проблемалық тұрғыда қолға алған материалды зерттеу негіздерін және оқушының шығармашылық, практикалық жұмыстарына бағытталған оқуыту тәсілдері .

Үшіншісі - оқушының қабілетін ұштау, мұғалімнің оқушыға көмек беруге дайын тұруы, олардың мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылдығы мен адалдығы, балаларды көтермелей білу,

сондай - ақ оқушылардың өз ара бәсекесіне көмек көрсете білу қасиеті .

Сабақтың тиімділігін арттыру және оқушылардың математика пәніне қызығушылығын тудырудың жолдарының бірі - сабақ барысында оқушылардың алған білімін баяндауға ынталығын және математика тарихының элементтерін енгізе отырып, есептің текстік мазмұнының тартымдылығын арттыру керек .

Оқушы назарын аударатын, ойына түрткі болатын математика туралы қызғылықты материлдар, әр түрлі тартымды қызықты есептер, математикалық софизмдер мен ойындар сабақ үстінде өзінің орнын табу керек . Мұндай есептер оқушылардың математикаға деген ынта ықыласын арттырып, есептерді өздігінен шешуге итермелейді, логикалық ой - өрісін дамытады .

Оқушылар бірсарынды есеп шығарудан шаршамас үшін әр түрлі математикалық жарыстар, ойындар ұйымдастырылғаны жөн .

Мысалы: өткен материалды пысықтағанда оқушылармен жұмысты топтар арасында эстафеталар немесе ер балалар мен қыздар арасындағы жарыс түрінде ұйымдастыруға болады .

Мұғалімнің негізгі мақсаты - математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқутуға үйрету . Ол үшін оқушылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен іздестіре отырып, өздері жаңадан ашулары керек . Оқу процессі осылай ұйымдастырылғанда оқушылардың ойлау қабілеттері кеңейіп, сабаққа деген ынтасы артады .

Д. Пойа айтқандай : « Егер мұғалім өз пәніне шын ықыласымен берілсе, онда бүкіл сыныпта бұл пәнге ынтасымен берілетін болады . Егерде, пән сізді қызықтырмаса және оны терең білмесеңіз, онда сабақ беруден бас тарту керек . Себебі сіз ешқашанда сабақты жақсы бере алмайтын боласыз». Расында да, пәнді сүю және оны терең білу - мұғалімге қажетті шарт, алайда бұл жеткілікті емес . Мұғалім өзінің пәнге деген қызығушылығын өз оқушыларының бойына сіңіре білу қажет .

Қазіргі күн тәртібінде өзекті болып табылатын мәселе - оқушылардың әрқайсысының өзіндік қабілетін, мінезін танып, жетілдіріп, сол бағытта жеке тұлғаларды тәрбиелеу .

Математика сабағында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру, алдына қойылған есеп шешімін өз бетінше табуын жетілдіру, ойлау деңгейін, қабілетін жоғарылату ұстаздың басты міндеті .


Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің әлеуетін дамыту арқылы оқушылардың ҰБТ-ға дайындық сапасын арттыру
Мектеп түлектеріне арналған ҰБТ-ға эмоционалды дайындық және сенімділікті арттыру тренингі
Мұхит атындағы орта мектептің математика пәні бойынша ҰБТ-ға дайындық жұмыс жоспары
Математикадан ҰБТ-ға қорытынды дайындық: мақсаттар, ұйымдастыру және әдістемелік тәсілдер
ҰБТ-ға дайындық: ата-аналарға арналған психологиялық практикум
11 сынып оқушыларына арналған ҰБТ-ға психологиялық дайындық бағдарламасы: өзін-өзі реттеу, мазасыздықты басқару және сенімділікті арттыру
Ерітінділер және сандық есептер: 11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық
ҰБТ-ға психологиялық дайындық: сенімділік, стресс басқару және тиімді оқу дағдылары
Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық дайындау: тренинг әдістемесі
Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ-ға дайындық: тиімді әдістер мен хронологияны меңгерту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz