Ойна да ойла вариативтік компанет

Қостанай облысы

Амангелді ауданы

Әнуар Боранбаев атындағы жалпы білім беретін

№4 орта мектеп

Мектепке дейінгі жастағы

балаларды тәрбиелеу мен оқыту барысында қолданатын

вариативтік компонент

«Ойна да, ойла» дамыту ойындар жинағы

Амангелді 2014 - жыл

Вариативтік компонент: «Ойна да, ойла»

дамыту ойындар жоспары:

Тақырыбы:
Ұйым-н ойын қызметінің саны
№: 1
Тақырыбы:: «Ақ сүйек»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 2
Тақырыбы:: «Тақия тастамақ»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 3
Тақырыбы:: «Ақ серек, көк серек»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 4
Тақырыбы:: «Хан талапай»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 5
Тақырыбы:: «Соқыр теке»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 6
Тақырыбы:: «Заттар әлеміне саяхат»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 7
Тақырыбы:: «Біздің көмекшілеріміз»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 8
Тақырыбы:: «Тышқан мен мысық»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 9
Тақырыбы:: «Сыр»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 10
Тақырыбы:: «Шіріген алма»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 11
Тақырыбы:: «Біз көңілді балалармыз. . . »
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 12
Тақырыбы:: «Заттар - өздері туралы не айтады?»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 13
Тақырыбы:: «Заттарды дыбысынан таны»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 14
Тақырыбы:: «Сөзді есіңе сақта»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 15
Тақырыбы:: «Кім солай сөйлейді»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 16
Тақырыбы:: «Бес санына шапалақта»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 17
Тақырыбы:: «Кім сені шақырды, тап»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 18
Тақырыбы:: «Пішіндерді боя»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 19
Тақырыбы:: «Күн мен жаңбыр»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
№: 20
Тақырыбы:: «Отбасы»
Ұйым-н ойын қызметінің саны: 1
21
«Зейінді бол»
1
21: 22
«Зейінді бол»: «Кім дауысын шығармай күле алады?»
1: 1
21: 23
«Зейінді бол»: «Телеграф»
1: 1
21: 24
«Зейінді бол»: «Екінші қолымда қанша?»
1: 1
21: 25
«Зейінді бол»: «Аңдарды қоректендір»
1: 1
21: 26
«Зейінді бол»: «Кім зейінді»
1: 1
21: 27
«Зейінді бол»: «Не жедім, тауып ал?»
1: 1
21: 28
«Зейінді бол»: «Допқа тигіз»
1: 1
21: 29
«Зейінді бол»: «Өз үйіңді тап»
1: 1
21: 30
«Зейінді бол»: «Аққу - қаздар»
1: 1
21: 31
«Зейінді бол»: «Көршілер»
1: 1
21: 32
«Зейінді бол»: «Қай қолымда көп»
1: 1
21: 33
«Зейінді бол»: «Доппен ойнау»
1: 1
21: 34
«Зейінді бол»: «Қуыршақтардың сыйлықтары»
1: 1
21: 35
«Зейінді бол»: «Суретші қай жерде қателесті?»
1: 1
21: 36
«Зейінді бол»: «Бағдаршам»
1: 1

Түсінік хат

«Ойын - өмір мектебі».

«Балаға керегі- ойын».

Ойында бала көрген - білгенін екшейді,

үйренгенін нығайтып бекітеді.

Нәзипа Құлжанова

Мектепке дейінгі тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы. Ал, баланың жан - жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, жауапкершілігі артады. Ойын - өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі.

Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл - әрекеті - ойын. Қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойынның бірнеше түрлері бар. Олар: қимылды ойындар, дидактикалық ойындар, рөлдік - сюжеттік ойындар, ұлттық ойындар, топтық ойындар, логикалық ойындар, дамытушы ойындар т. б.

3

Қимылды ойындар балалардың жан-жақты өсіп жетілуінде үлкен рөл атқарады. Ойын баланың секіру,

лақтыру, қағып алу іскерліктерін дамытады. Қимылдарды орындау, батылдық, шапшаңдыққа, ептілік, тапқырлық, сенімділік сезімін күшейтеді және ұжымда өзінің тиісті орын алуға көмектеседі.

Дидактикалық ойындар балалардың ақыл - ойының, сезім қиялының қалыптасуына, қызметіне қарай заттардың топтасуына, заттарды өсу, кему ретімен орналастыруға, зейін қоя білуге, есте сақтау, байқағыштық қабілеттері дами түседі.

Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады. Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан - жақты дамуы үшін және тілін, сөз байлығын дамыту, айналадағы өмір құбылысын меңгеру үшін дамытушы ойындар үлкен рөл атқарады.

Міне, осы оқулықтың кіріспесінен әртүрлі қимыл - қозғалыс, дидактикалық т. б ойындарға қажетті ойын материалын дұрыс таңдап, оны іс - тәжірибеде қолдануларыңызға тілектеспін.

4

1 «Ақ сүйек»

Тәрбиелік мәні: Бұл ойын балалардың шапшаңдық, күштілік, тапқырлық, ойлай білу қабілеттерінің жетілуіне көмектеседі.

Ойын ережесі: Ойынды басқарушының белгісін мұқият қарап тұру, сүйекті жасырғанда сығалап қарап тұруға болмайды. Ойын барысында күш қолдануға болмайды. Сүйекті іздегенде бір - біріне кедергі жасамау, ұсталған ойыншы сүйекті қарсыласына беруге міндетті.

Ойын барысы: Тәрбиеші ұлттық сипаттағы ойынды балаларға таныстырады. Бұл ойын жаздың айлы түнінде ойнайтын қазақтың ұлттық ойыны. Бірақ біз бұл ойынды күндіз ашық аспан астында ойнайтын боламыз. Ойынға ұзақ уақыт күн көзінде жатып әбден кепкен сүйек немесе оның орнына ұстауға ыңғайлы тегіс ақ таяқша пайдаланылады. Ойынның бірнеше нұсқасы бар. Қазір сендер екі топқа бөлінесіңдер және мен қолымдағы ақ сүйекті бір жерге жасырамын ал, сендер сығалап қарамайсыңдар. Тәрбиеші балаларға іздеп табуға ыңғайлы жерге сүйекті жасырады да балаларға іздеуге белгі береді. Балалар сүйекті іздеуге кіріседі. Тапқан топ: «Ақ сүйек! Ақ сүйек!» деп тапқан сүйекті тәрбиешіге апарып береді. Ойынның тағы бір нұсқасы екі топтың ішінен бір бала таңдалып алынады, ортаға барлық балалар теріс қарап тұрып, сүйекті бар күшімен алысқа лақтырады. Содан кейін балалар сүйекті іздеуге кіріседі. Тапқан бала «Ақ сүйек! Ақ сүйек!» деп алдын ала белгіленген мәреге жүгіре жөнеледі. Қарсыластары қуып жетіп, қолы тиіп үлгергенше келесі ойыншыға ақ сүйекті лақтырып үлгіруге немесе қолындағы сүйекті беруге міндетті.

5

Осылай ақ сүйекті бір - біріне лақтырып, қол жалғап, мәреге

жеткізген топ жеңімпаз атанып, лақтыру кезеңіне ие болады.

2 «Тақия тастамақ»

Тәрбиелік мәні: Бұл ойын балаларды жылдамдыққа, сезгіштікке, сақтыққа дер кезінде тығырықтан шыға білуге үйретеді.

Ойын ережесі: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тастағанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге күш көрсетуге болмайды. Ал, егер бала орнынан тұрмай ұсталса немесе тақияның өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

Ойын барысы: Тәрбиеші ұлттықойын мазмұнымен таныстырады. Балалар дөңгеленіп шеңбер құрып отырады. Балалардың арасынан бір бала таңдалады да қалғандары көздерін жұмып отырулары тиіс.

Ойым бар бір ойын бастамақ,

Аты оның - "Тақия тастамақ".

Шеңбер боп отыра қалыңдар,

Ым қағып жүрмесін қас-қабақ.

Ақырын аспаймын, саспаймын,

Шеңберді айнала бастаймын.

Біріңнің тұсына жеткенде,

Сездірмей тақия тастаймын.

Қайтадан келгенше оралып,

Түк сезбей отырсаң омалып.

Арқаңды осқылап қуамын,

Маубасқа керегі сол анық, -

Таңдалған бала дөңгеленіп отырған балалар сыртымен ақырын

6

жүріп, бір баланың артына тақияны білдірмей тастап кетеді. Тәрбиеші белгісінен кейін балалар көздерін ашады. Жан - жағына жылдам қарап, тақияның өзінде екенін білсе, сезсе жылдам орнынан тұруы керек. Егер орнынан жылдам тұра алмаса онда өз өнерін көрсетеді: тақпақ, жұмбақ, өлең, би т. б. және де орнынан тез тұрып үлгірген балаға ұлттық ою - өрнек беріледі. Көп ою жинаған бала жеңімпаз атанады. Бұл ойынның тағы бір нұсқасы бар. Тақияны өзінде екенін сезген бала тақияны тастаған жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына отыруға тырысады. Егер бала жүргізушіні ұстай алмаса айыбын өтейді. Ал, қуып жетіп алса, ойынға жүргізуші сол бала болады.

3 «Ақ серек, көк серек»

Ойын мақсаты: Бұл ойыда балалардың шапшаңдық, күштілік, күш жігерлері, ойлай білу қабілеттерінің жетілуіне көмектеседі.

Ойын ережесі: ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ойында ұлдар, қыздар аралас ойнай береді және жеребе тастау арқылы ойынды бастайды. жеребе бойынша жасырынған қолдағы затты кім тапса сол топ бірінші болып ойынды бастайды.

Ойын барысы: Бұл ойынға қатысушылар аттасу, ат жасыру арқылыекі топқа бөлінеді. Ашық алаңда ұл - қыз аралас ойнай береді. Аралары 50-60 метр қашықтықта екі топ қарама - қарсы тұрады. Екі жақ қолға түсетіндер үшін арнайы шеңбер сызып қояды. Ойын жеребе бойынша басталады ойын бастайтын жақтың басшысы:

7

  • Ақ серек, көк серек,

Бізден сізге кім керек? - деп сұрайды. Ал, оған қарсы жақ:

  • Ай керек- ау, ай керек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Ақ серек пен көк серек,

Шауып алдым бәйтерек.

Сонау тұрған Ажардың өзі керек, - деп қарсы жақтың бір ойыншысының атын атайды. Сонымен аты атлған бала келгенде, қарсы жақтың ойыншылары түгел қолдарынан созып, алақандарын жайып тұруға тиіс. Келген ойыншы қатардың алдынан кесіп өтіп, өзі ұратын адамды таңдайды. Топтың алдын үштен артық кесіп өтуге болмайды, егер үш рет өткенде де ешкімнің алақанына ұрмаса, ол ойыншының өзі «Қолға түседі» ойыншы өзін қуып жете алмайды - ау деген біреуді ұра сап, қашады. Жеткізбей өз қатарына қосылса, қуған ойыншы «Қолға түскендер» шеңберіне барып қосылады. Егер қуған бала қуып жетсе, қашқан ойыншы «Ұсталады». Сөйтіп, қай жақ көп қолға түсірсе, сол жақ жеңеді.

4 «Хан талапай»

Мақсаты: балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулы. Ойынға қызығушылығын арттыру, қимыл - қозғалысын дамыту.

Ойын шарты: ойынға 5-10 бала қатыса алады, ойында асық көп болу керек. Ойын шартын бұзбай ойнау керек.

Ойын барысы: ойынға 5-10 балаға дейін қатыса алады. Асық көп болу керек. Көп асықтың ішінен үлкенірек біреу таңдап

8

аланып қызыл түске боялады. Осы асық «хан» болады.

Санамақ арқылы ойын бастаушысы анықталады. Бастаушы барлық асықты уысына алып, балалардың алдына шашып тастайды. Сендер «Ханның» қалай түскенін байқап отырыңдар. Егер, «Хан» бүк, шік, тәйке түссе ойын бастаушы бала «ханның» түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере - ыршытып бір - бірін дәлдей отырып тигізеді. Тигізген асықтарды өзіне алады.

5 «Соқыр теке»

Тәрбиелік мәні: Бұл ойыда баланың тапқырлығы, жылдамдығы, адалдығы шыңдалады. Баланың ойлау қабілетінің жетілуіне көмектеседі, дамиды

Ойын ережесі: балалар шеңбер құрып тұрады, ортаға бір бала шығады, ортағы шыққан баланың көзі орамалмен толықтай жабылады. Баланы соқыр ткек әнін айтып ортаға жібереді. Бала жұмулы тұрған көзін ашпауы керек.

Ойын барысы: Ойнайтын балалар қатар - қатар тұрады.

Бұзау, бота, құлыншақ

Тоқты, серке, торпақ

Тана, тай, тайлақ

Құнан, дөнен бесті бар,

Малдың жасын айыра біл

Естіп ал!

Бұқа, айғыр, қошқар, теке бар

Сүзегенсің, тентек теке, жеке қал

Көзін байла, теке - теке «Бақ - бақ»

Соқыр теке қайдан бізді таппақ.

9

Ойын басқарушы қатар тұрғандардың әрқайсысын жоғары көрсетілгендей мал атымен атап шығады. Ең соңғы аталған бала «Тентек теке» болады. Ойын кең үйде де, далада да ойналады. Оны жаңа жылда, жиындарда маска киіп те ойнауға болады. «Соқыр теке» ойыны далада ойналғанда дөңгелек сызықтан шықпау керек. Ойын басқарушы ортаға көзі таңылған «Тентек текені» шығарады. Содан кейін балалар:

Соқыр теке бақ - бақ,

Біз айтамыз тақпақ

Мықты болсан тауып көр,

Бізді қайдан таппақ, - деген өлеңдерді бәрі қосыла айтады. Өлең айтылып болысымен, шеңбердің ортасында қалған «Соқыр теке» балаларды ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл кезде ойнаушылардың шеңберден шығып кетпеуі қатты қадағаланады. «Соқыр текені» ұстаған бала оның орнына тұрады. Осылайшы ойын қайталанып, қайта ойналады.

6 «Заттар әлеміне саяхат»

Ойын мақсаты: топ бөлмесіндегі көптеген әр - түрлі заттарға балалардың назарын аудару. Олардың нақты атаулары мен қасиеттерін балалар біледі ме, жоқ па соны тексеру. Балаларға түрлі жағдайларда және күнделікті өмірде оларды дұрыс пайдалануға дамыту.

Ойын ережесі: Үлкен саяхатшының нұсқауларын орындау. Заттарды көрсете білу және барлығын көрінетіндей, естілетіндей етіп атын атау. Заттардың ерекшелігі

10

жөнінде және оны қолдану ережесін айту. Қиналған кезде бір - біріне көмектесу.

Ойын барысы: біз саяхатшылармыз, «Запттар әлеміне» барамыз. Қараймыз, біздің бөлмемізде қандай жиһаздар бар екен. Қалай аталады, ол не үшін? Танысамыз жиһаздың бір түрінен басқа бір түрін немен ажыратамыз? Саяхатымызды мына жерден бастайық. Заттар әлеміне келгендей боламыз. Саяхатшылар дайындалыңдар! Кеттік!

Мынау не?

Неліктен заттар әлемінде кішкентай орындық? Кім мында тұрады?

Балалар: «Заттар әлемінде» кішкентай балалар тұрады.

Тәрбиеші: Саяхатшылар сендер орындық екенін қайдан білдіңдер? Балалар орындықты алып, жақсылап қараңдар. Орындықта не бар?

Балалар: орындықты қарайды және оның негізгі бөліктерін белгілейді (төрт аяғы, арқалығы, отыратын тақтайшасы)

Тәрбиеші: Саяхатшылар дұрыс жауап бердіңдер. Ал, сендер қалай ойлайсыңдар: орындықтар сөйлейме, қуана ма, шағымдана ала ма? Қалайша? Қазір білеміз! Әр біреуі бір - бір орындықтан алып, бөлменің басқа бір бөлігіне апарып оған отырады. Балалар орындықты әр түрлі тасиды: біреуі тиянақты арқалығынан ұстаса, енді біреуі сүйреп, біреуі тарсылдатып қойып, құлап сүрініп отырып, басқалары тиянақты отырып, ары қарай не боларын асыға күтуде. Міне, орындықтар өздері туралы және сендер туралы айтып берді. Біреулер балалардың дұрыс тиянақты, ұқыпты, тарсылдатпай, сүйретпей қойғанына қуанса, енді біреулері осы жасаған қылықтарына ашуланды. Орындықтарды енді

11

ренжітпейік және ұқыпты қолдана білейік. Осылайша басқа заттардың да сырын ашып ойнауға болады.

7 «Біздің көмекшілеріміз»

Дидактикалық тапсырма: Заттарды танып білуге, көздің көмектесетініне балалардың назарын аудару қажет. Көз олардың көмекшілері, оларға көзді сақтай білуге үйрету.

Ойын ережесі: ойын шарты бойынша заттарды қарау және табу. «Ғажайып қоржыннан» ойыншықтар алу, оған қарап не екенін, қандай түс екенін айту. Көру түйсігін пайдаланбай басқа ойыншықты алып, түсі қандай екенін айту. Суретте не салынғанын көру және айту.

Ойын барысы: Балалар шеңбер құрып отырады. «бүгін біз ойнаймыз және де адамның қандай көмекшілері бар екенін білеміз, біздің бәріміздің сондай көмекшілеріміз бар. Кімдер екен олар?» «Ғажайып қоржыннан» тәрбиешінің ұсынысы бойынша балалар кезекпен ойыншықтар алады. Оған қарап, әр бала ол қандай ойыншық, түсі қандай екенін айтады. Кейін тәрбиеші суретті көрсетіп, кім немесе не бейнеленгенін балалардан сұрайды. Әрине, балалар жабулы көзбен бұл сұраққа жауап бере алмайды. Тәрбиешінің ұсынысы бойынша балалардың біреуі жүзудің, ұшақтың ұшуын, би қимылымен көрсетеді. Осындай қимылдарды, басқа тәртіппен білуі керек. Осы барлық қимылдардың кей біреуі балалардың көруі арқылы жеңіл танылады, көз жабулы болса тану мүмкін емес екендігін балалар білу қажет. Заттарды және суреттерді тануға не көмектеседі деген тәрбиеші сұрағына, көзбен

12

көргенде олар не білетіне жөнінде балалар өз бетінше түйін жасайды. Осылайша, бұл ойын әр қарай жалғасып ойын шартымен ойнала береді.

8 «Тышқан мен мысық»

Ойын тәртібі: ойын басталмас бұрын санамақ саналады соңғы қалған екі баланың бірі тышқан, бірі мысық болады. Қалған балалар қолдарынан ұстап шеңбер құрып тұрады.

Ойын барысы: Ойнаушылар дөңгелене тұрады. Мысық пен тышқанды тағайындап алады. Балалардың қалғаны бірінің-бірі қолын ұстап, шеңбер жасап жүріп мына сөздерді айтады.

Васька аппақ қарасақ,

Құйрығы сүр тамаша-ақ

Жебедей-ақ ұшады,

Көзін жаймен қысады,

Тырнақтарын үндемей,

Ашқан кезде инедей,

Тышқандардың тықырын,

Васька есітсе ақырын,

Аңдып аулап алады,

Васька біздің жарады.

«Аңдып аулап алады» деген сөздерден кейін балалар тоқтайды, шеңбердің уәделескен жерінде екі бала қолын түсіріп, есіктен өтетін жер қалдырады. Тышқан мысықтан қашып, есікке қарай жүгіреді де, шеңбер жасап тұрғандардың қолының астынан

өтуі мүмкін. Мысық тышқанды ұстап алады. Ол шеңберге тек есік

13

арқылы өтуі мүмкін. Мысық тышқанды ұстап алатын кезде, бұл рольге басқа балалар тағайындалады, сөйтіп, ойын осылайша қайталана береді.

Егер мысық көпке дейін тышқанды ұстай алмаса, онда тәрбиеші қосымша есік жасатады.

9 «Сыр»

Ойын мақсаты: балалардың түр - түстерді тани білуге үйрету, шапшаңдыққа баулу, ойынға қызығушылығын арттыру.

Ойын тәртібі: балалар өздеріне қойылған сырдың атын ешкімге айтпау керек. Қасқыр алыста тұру қажет. Егер қасқыр естіп қалған болса ойын шарты бұзылады.

Ойын барысы: топтағы балалардың барлығы шеңбер құрып отырады, тірбиеші санамақ санайды. Санамақ соңында қалған жалғыз бала қасқыр ал, соңынан екінші қалған бала сатушы болады. Қалған балалар дүкендегі сыр болады. Дүкенші балаларға әр түрлі түстегі сырлардын атын атап, ойынға қатысушы балалардың құлақтарына сыбырлап түстерін айтады. Дүкенші түстерді айтып болған соң сыр алуға қасқыр дүкенге келеді. Қасқыр сатушыдан сыр сұрайды. Сатушы сырдың бар екенін, қандай түсте сыр керек екенін сұрайды. Қасқыр өзіне керекті сырды атайды. Қасқыр атаған сыр жасын (яғни бағасын) атап жүгіре жөнеледі. Қасқыр сырдың бағасын сатушыға беріп сырды қуа жөнеледі. Егерде сырды ұстаса үйіне апарып сырлайды, егер ұстай алмаса сыр дүкенге қайта келіп, сатушы оған басқа түсті айтып ойын әрі қарай жалағас береді. Егер, сыр дүкенде біткен жағдайды ойын басынан бастап қайта басталады.

14

10 «Шіріген алма»

Ойын шарты: ойыншылар ортада шеңбер құрады, шеңбер айналып ойын ойналады, егер кімде кім құлап қалса, ойын шарты бойынша өз өнерлерін көрсетеді.

Ойын барысы: балалар қолдарынан ұстап ортада шеңбер құрады. Барлығы қосылып: шіріген алма, шіріген алма,

Жел соққан да құлап қалма, - деп

Ойынның әнін айтып шеңбер айналып жүріп келе жатып жерге отыра қалады, егерде кімде кім жерге отырған кезде құлап қалса, ойын шарты бойынша өз өнерін көрсетеді. Ән айтады, би билейді, тақпақ айтады т. б өнерлерін ортаға салады. Егерде ойын барысында ешқандай бала құламаса ойын әнін айтып ойынды әрі қарай жалғастырып ойнайды.

11 «Біз көңілді балалармыз. . . »

Ойын тәртібі: : Балалар алаңның немесе бөлме қабырғасының бір жағында тұрады. Олардың алдынан сызық сызылады. Сондай-ақ алаңның қарама-қарсы жағынан да сызық сызылады.

Ойын барысы: Балалардың жанынан шамамен екі сызық аралығында тәрбиеші белгіленген немесе балалар тағайындаған ұстаушы тұрады. Балалар тексті дауыстап айтады.

Біз көңілді баламыз,

Жүгіріп, ойнап барамыз.

15

Қуып жетіп қараңыз:

Бір, екі, үш - ал үста!

Балалар «Ұста» деген сөзден кейін алаңның екінші жағына жүгіреді, ал ұстаушы оларды қуады. Ең алдымен ойнаушы сызықты аттағанша, ұстаушы оны ұстап алса, ол ұсталған болып есептеледі де, ұстаушының қасында отырады.

Екі-үш жүгірістен кейін ұсталған баланың неше рет ұсталғанын есептеп шығарады да, жаңа ұстаушыны сайлайды. Егер ұстаушы ешкімді ұстамаса да, бәрі бір жаңа ұстаушы сайланады.

Тәрбиеші балалардың тексті мәнерлемей, оны анықтап айтуын қадағалайды.

12 «Заттар - өздері туралы не айтады?»

Дидактикалық ойын: Балаларды заттардың түсін, нұсқасын, көлемін, қасиетін, атауын ажыратуға үйрету. Бақылаушылық түйсігін жетілдіру, заттардың тұтастығы мен бөліктерін көре білуді дамыту. «Заттар өздері туралы не айтады?» тақырыбында қысқаша әңгіме құра білуге балаларды жаттықтыру. Балаларды кедергі жасамай бір - бірін тыңдауға, кейде достарының әңгімесін толықтыруға дамыту.


Ұқсас жұмыстар
Дарындылар додасы
Жұлдызды сәт Музыка техникасы, комп. экрандық көркемдеу құралдарын кеңінен пайдалану
«1001 мақал, 101 жұмбақ» жарысы
Алтын қақпа
Кейінгі тапсырмалар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. 6 сынып аралығы
Бағдарлама тақырыбы
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бірінші топ
Құстар жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz