Отбасы құндылығын қалыптастыру: тәрбиелік сабақ жоспары

Отбасы.

Мақсаты: «Отбасы» құндылығының маңыздылығын ашу.

Міндеттері: -отбасы туралы тусінік беру;

-отбасына деген жағымды қарым-қатынастарын дамыту;

-отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі-құралдар: Суреттер.

Шаттық шеңбері: - Қайырлы таң, балалар!мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі сабағымызда отбасымыз туралы әңгімелесетін боламыз. Адам дүниеге келеді, айналасына қарап өседі, айтыңдаршы, сәби дүниеге келгенде ең алғаш кімді бірінші көреді?

-Анасын.

Көрнекілікпен жұмыс, слайд арқылы отбасы туралы түсінік беру.

Әңгімелесу: Балалар мен сендерге А. Асылбектің «Жанұя» өлеңін оқып берейін;

Жанұя

Сенде де бар жанұя,

Менде де бар жанұя.

Үлкенде де, кішіде,

Жанұя бар әрбір кісіде.

Балалар «Жанұя» дегенді қалай түсінесіңдер?

Таулық Сыйластық

Сүйіспеншілік Шаттық

Ойын: «Көршіңе қуаныш сыйла» атты ойын ойнатылып, көңілдері көтеріледі. Ойын ырғақты әуенмен өтеді. Ойында балалар көрші достары туралы өз ойларын айтады.

Дәйексөз: «Адамға ең қымбат-отбасы»деген халық даналығын бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі ретінде түсіндіру.

Отбасы -бұл сенің ең жақын адамдарың:атаң, әжең, әкең, анаң, бауырың, інің, әпкең.

Дәптермен жұмыс: -Дәптерде берілген үйдің терезелеріне отбасы мүшелерінің суреттерін салыңдар. (әке, ана, ата, апа, іні) .

Сергіту сәті: Қимыл-қозғалыспен көрсету.

Атамның алып күрегін, Су әкеліп беремін.

Ауланың қарын күредім. Еденді де жуамын,

Әжеме мен құдықтан, Шаң-тозаңды қуамын.

Қорытындылау:

- Бүгін сабақта біз отбасымызды жақсы көруге, отбасындағы адамдарды сыйлауға, көмектесуге үйрендік. Отбасы бізді жақсылыққа, әдептілікке үйрететінін білдік.

Жүректен жүрекке :

Балалар мына ойыншық жүрекшені қолымызға ұстап Н. Айтовтың өлеңін бірге айтайық:

Бір шаңырақ астында, Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.


Ұқсас жұмыстар
Отбасы - шағын мемлекет: мектептегі тәрбиелік сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған Денсаулық құпиялары сабақ жоспары: денсаулық құндылығын қалыптастыру және жауапкершілікке тәрбиелеу
Өмірдің мәні мен құндылығын қалыптастыру: өмірге бейімделу, табандылық және адамгершілік тәрбиесі
Неке және отбасы: құқықтық, тарихи және тәрбиелік аспектілері
Отбасы құндылықтары: маңызы, түрлері және тәрбиелік рөлі
Отбасы - тәрбие бастауы және мектептің тәрбиелік функциясы
Мен және менің отбасым: отбасы тәрбиесі мен құндылықтарын қалыптастыру
Бастауыш мектепте рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру: отбасы, қоғам және қоршаған ортаның рөлі
Ата-ананы сыйлау: отбасы тәрбиесіндегі маңыздылығы мен қалыптастыру әдістері
Отбасы - бақыт мекені: тәрбиелік құндылықтар мен тұлға қалыптасуындағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz